Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по разработке, производству, торговле, использованию гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением

Бұйрық · № 6 · қабылданған 08.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87303/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по разработке, производству, торговле, использованию гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением Қолданыста Бұйрық ·№ 6 ·08.01.2015
02.09.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по разработке, производству, торговле, использованию гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением

Қолданыста Бұйрық ·№ 6 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по разработке, производству, торговле, использованию гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением
Атауы (қаз.)
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6
Қабылданған күні
08.01.2015
Көрсетілген редакция
02.09.2023 87303_652070.kaz
Соңғы өзгеріс
02.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15C0010353
ЭКБ идентификаторы
87303
Редакция идентификаторы
87303_652070
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:05

0 Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Е. Досаев
2015 жылғы 26 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________Ә. Исекешев
2015 жылғы «____» ___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
_________________ Ж. Қасымбек
2015 жылғы 20 қаңтар

1 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 8 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына
1-қосымша
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
Құжаттар
Ескертпе
1
2
3
4
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану жөніндегі қызмет түріне арналған жалпы талаптар мен құжаттар
1
Пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ға рұқ­са­ты бар же­ке тұл­ға­да мә­лім­дел­ген қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға бай­ла­ны­сты қар­сы ай­ғақ­тар­дың (пси­хи­ка­лық ау­ру­лар, мас­кү­нем­дік неме­се на­ша­қор­лық) жоқ­тығы ту­ра­лы ме­ди­ци­на­лық анық­та­ма­лар
Мә­лім­дел­ген қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға бай­ла­ны­сты қар­сы ай­ғақ­тар­дың (пси­хи­ка­лық ау­ру, мас­кү­нем­дік неме­се на­ша­қор­лық) жоқ­тығы ту­ра­лы ме­ди­ци­на­лық анық­та­ма­лар
Мә­лім­дел­ген қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға бай­ла­ны­сты ме­ди­ци­на­лық қар­сы ай­ғақ­тар­дың (пси­хи­ка­лық ау­ру­лар, мас­кү­нем­дік неме­се на­ша­қор­лық) жоқ­тығы ту­ра­лы, аумақ­тық по­ли­ция ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­ке­рі ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды
2
пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар жеке тұлғада соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы
Соттылығының жоқтығы туралы анықтама
Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы Қылмыстық статистика және арнайы еспке алу жөніндегі комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынады
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін
3
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі қа­ғи­да­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін және есеп­ке алы­на­тын өнім­нің сақ­та­луын, оны қа­таң есеп­ке алу­ды және бар-жо­ғын тек­се­ру мүм­кін­ді­гін қам­та­ма­сыз ете­тін дай­ын пи­ро­тех­ни­ка­лық өнім­ді сақ­та­у­ға ар­нал­ған мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы қой­ма­лар
Дай­ын пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды са­ту­ға ар­нал­ған және олар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған қой­ма­лар мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
4
өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану және кәдеге жарату кезінде бұйымының қауіпсіздігі мен тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат беруді толыққанды қамтамасыз ететін конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасының жиынтығы (сызба, техникалық шарттар, технологиялық үдеріс, пайдалану, (қолдану) жөніндегі нұсқаулық (ұсыным)
Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы
5
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған аккредиттелген зертханалық база
Техникалық құжаттама, аккредиттеу аттестатының көшірмесі
6
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі
Құжат берілмейді
Өтініш бергеннен кейін ішкі істер органы қызметкері объектіні, жайды тексеруді жүргізеді. Аяқталу нысаны – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13694 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласын бақылау жөніндегі бөліністерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 20-қосымшаға сәйкес объектіні тексеру туралы акті жасалады (бұдан әрі – №313 бұйрық)
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін
7
өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану және кәдеге жарату кезінде өнімнің қауіпсіздігі мен тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат беруді толыққанды қамтамасыз ететін конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасының жиынтығы (сызбалар, техникалық шарттар, технологиялық үдеріс, пайдалану, (қолдану) жөніндегі нұсқаулықтар (ұсыным)
Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды өндіру, сақтау, өткізу, пайдалану және кәдеге жарату мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығы
8
Пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды өн­ді­ру­ге, сақ­та­у­ға және кә­де­ге жа­ра­ту­ға ар­нал­ған және мы­на­лар­ды:
бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар­ды орын­да­у­ға жі­бе­рі­л­ген тех­но­ло­ги­я­лық және қо­сал­қы жаб­дық­тар­ды;
өрт қа­уіп­сіз­ді­гі қа­ғи­да­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін және есеп­ке алын­ған өнім­нің сақ­та­луын, қа­таң есеп­ке алу­ды және бо­луын тек­се­ру мүм­кін­ді­гін қам­та­ма­сыз ете­тін дай­ын пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған қой­ма­ны;
ғы­лы­ми-зерт­теу және тә­жі­ри­бе­лік-кон­струк­тор­лық жұ­мыстар­ды жүр­гізу­ге ар­нал­ған ак­кре­дит­тел­ген зерт­ха­на­лық ба­за­ны неме­се пи­ро­тех­ни­ка­лық заттар мен бұй­ым­дар­ды сы­нақ­тан өт­кі­зу жө­нін­де­гі қыз­мет­тер көр­се­ту жө­нін­де­гі ак­кре­дит­тел­ген зерт­ха­на­лық ба­за­мен жа­сал­ған шар­тты;
пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды ба­қы­лау сы­на­ғы­нан өт­кізу­ге ар­нал­ған ар­найы жаб­дық­тал­ған аумақ­ты;
пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған ар­найы жаб­дық­тал­ған ав­то­кө­лік­ті;
өрт­ке қар­сы қор­ға­ныс құ­рал­да­рын (өрт сиг­на­ли­за­ци­я­сы мен өрт сөн­ді­ру), өрт­ті сөн­ді­ру үшін қа­жет­ті өрт­ке қар­сы су­мен жаб­дық­та­уды және ар­найы құ­рал­дар­дың есеп­тік қо­рын, өрт шық­қан жағ­дай­да пер­со­нал­дың іс-қи­мы­лы жос­па­рын қам­ти­тын және бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға жа­у­ап бе­ре­тін мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за
Өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­сы, ти­іс­ті жаб­дық­тар мен ап­па­ра­ту­ра­ға мен­шік неме­се жал­га алу құқы­ғын рас­тай­тын бар бо­луын көр­се­те­тін құ­жат­та­ры.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
9
жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар
Жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар
10
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі
Құжат берілмейді
№313 бұйрық
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалану жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін
11
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі қа­ғи­да­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін және есеп­ке алын­ған өнім­нің сақ­та­луын, оны қа­таң есеп­ке алу­ды және бо­луын тек­се­ру мүм­кін­ді­гін қам­та­ма­сыз ете­тін дай­ын пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды са­ту­ға ар­нал­ған және олар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған қой­ма­лар мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы ар­найы жаб­дық­тал­ған үй-жай­лар
Дай­ын пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған үшін қой­ма­лар мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
12
пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған автокөлік
Пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөліктің бар-жоғын көрсететін құжаттар
13
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалануға мүмкіндік беретін техникалық мақсаттағы арнайы жабдықтардың болуы
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалануға мүмкіндік беретін техникалық мақсаттағы арнайы жабдықтың бар-жоғын көрсететін, оның техникалық сипаттамаларын және пайдалану қауіпсіздігін айқындайтын құжаттары
14
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі
Құжат берілмейді
№313 бұйрық
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сату жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін
15
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі қа­ғи­да­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін және есеп­ке алын­ған өнім­нің сақ­та­луын, оны қа­таң есеп­ке алу­ды және бо­луын тек­се­ру мүм­кін­ді­гін қам­та­ма­сыз ете­тін дай­ын пи­ро­тех­ни­ка­лық өнім­ді са­ту­ға ар­нал­ған мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы ар­найы жаб­дық­тал­ған үй-жай­лар
Дай­ын пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды са­ту­ға үй-жай­лар­дың ар­нал­ған үшін мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
16
Өрт қа­уіп­сіз­ді­гі қа­ғи­да­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды сақ­тау үшін қой­ма­ны мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да:
есеп­ке алы­на­тын өнім­нің (пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар дай­ын пи­ро­тех­ни­ка­лық өнім­ді өт­кі­зу үшін үй-жай­да ти­іс­ті­лік нор­ма­ла­ры­нан ар­тық сақ­тал­ған жағ­дай­да) сақ­та­луын есеп­ке алу­ды және оның бар-жо­ғын тек­се­ру мүм­кін­ді­гін қам­та­ма­сыз ете­ді
Дай­ын пи­ро­тех­ни­ка­лық бұй­ым­дар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған үшін қой­ма­лар және үй-жай­лар са­ту­ға үшін мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
17
пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған автокөлік
Дайын пиротехникалық бұйымдарды сатуға арналған және оларды сақтауға арналған қоймалар меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттар
18
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі
Құжат берілмейді
№313 бұйрық

2 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 8 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына
2-қосымша
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

Қолданыстағы