Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района"

Қаулы · № 36 · қабылданған 12.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87315/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" Күшін жойған Қаулы ·№ 36 ·12.02.2015
04.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района"

Күшін жойған Қаулы ·№ 36 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района"
Атауы (қаз.)
"Қарабалык ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
36
Қабылданған күні
12.02.2015
Көрсетілген редакция
04.05.2016 87315_118149.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NL005395
ЭКБ идентификаторы
87315
Редакция идентификаторы
87315_118149
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:42

0 «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекеме туралы ережесін бекіту туралы

"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі  Қазақстан Республикасы Заңының 10- бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса береліп отырған «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекеме туралы ережесі бекітілсін.

2 2. «Қарабалық ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 762 «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекеме туралы» қаулысы жойылсын.

3 3. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген мерзімде әділет органдарда мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.С.Саринге жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Қарабалық ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «12» ақпандағы
№ 36 қаулысымен
бекітілді
«Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ветеринария   саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2 2. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар: «Қарабалық ауданы әкімдігінің мал дәрігерлік станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

3 3. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4

4. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5 5. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6 6. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан) азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7

7. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8 8. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:110900 Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Новоселов көшесі 2 А.

10 10. Мемлекеттік органның толық атауы: - «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

11 11. Осы Ереже «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12 12. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13 13. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14 14. Миссиясы: «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегіндегі ветеринария саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

15 15. Міндеттері:

1 1) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;

2 2) халық денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;

3 3) ветеринарлық - санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

4 4) басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуінен және таратылуынан сәйкес әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағын қорғау;

5 5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын – алу және оны жою;

6 6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын жоғарылату;

7 7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нормативтік құқықтық негізін жетілдіру;

8 8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына баға беру және мониторинг жүргізу;

16 16. Функциялары:

1 1) облыстың жергілікті өкілді органына жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін, жануарларды ұстаудың санитарлық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге ұсынады;

2 2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;

3 3) мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауды қамтамасыз етеді;

4

4) жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ, ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияның жұмысын ұйымдастырады;

5 5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдейді;

6 6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді;

7 7) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекітеді;

8 8) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді;

9 9) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылайды және қадағалайды:

ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;

10

10) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

11 11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

12 12) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

13 13) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізеді;

14 14) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізеді;

15 15) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастырады;

16 16) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізеді;

17 17) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

18 18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17 17. Ведомствоның функциялары:

1 1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;

2 2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;

3 3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;

4 4) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;

5 5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;

6 6) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;

7 7) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету;

8 8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа өкілеттіктер.

18 18. Құқықтары мен міндеттері:

1 1) Өз қызметін басқа атқарушы билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттесуде жүзеге асыру;

2 2) өзінің құзыреті шегінде заңнамамен бекітілген тәртіп бойынша (сауалдар негізінде) жергілікті мемлекеттік басқарулар және басқа ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдар алу;

3 3) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар сатып алуға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда өзінің ынтасын білдіру;

4 4) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақыруға.

5 5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттер.

3 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

19 19. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшылықты бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

20 20. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын Қарабалық ауданы әкімінің өкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21 21. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1 1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

2 2) Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға жеке жауапкер болады, малдардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық шараларды өткізуге бөлінген бюджеттік қаржаттың мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді;

3 3) заңнамада белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4 4) Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттігін белгілейді;

5 5) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлімді мемлекеттік органдарда, ұйымдарда өкілдік жасайды;

6 6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шараларға жеке жауапты болады;

7 7) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттілік жүргізеді.

«Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4 4. Мемлекеттік органның мүлкі

22 22. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23 23. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25 25. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6 6. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

26 26. «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Қолданыстағы