Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Сарканском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Сарканском районе
- Атауы (қаз.)
- Сарқан ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 50-256
- Қабылданған күні
- 12.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.01.2016 87326_337275.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DQ003094
- ЭКБ идентификаторы
- 87326
- Редакция идентификаторы
- 87326_337275
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:42
0 Сарқан ауданында
мүгедектер қатарындағы кемтар
балаларды жеке оқыту жоспары
бойынша үйде оқытуға жұмсаған
шығындарын өндіріп алу мөлшерін
және тәртібін айқындау туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына және «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі - кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2 2. Келесі тәртіп айқындалсын:
1 1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды «Сарқан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүргізеді;
2 2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) беріледі;
3 3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды:
өтінішті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес;
алушының жеке басын куәландыратын құжатты;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банктегі шоттың болуы туралы құжатты;
Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес, кемтар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады;
4 4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және көрсетілген мерзімге тоқсан сайын төленеді.
5 5) алғаш тағайындалған жағдайда оқытуға жұмсаған шығындары өтiнiш берген күннен бастап төленеді.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының «Депутаттар өкілеттігі, заңдылық, заң тәртібін сақтау, әлеуметтік саясат, жастар және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4
4. Сарқан аудандық мәслихатының аппарат басшысы Бейсен Мерекебайұлы Разбековқа осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет ресурста және аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.