Об утверждении критериев качества оказываемой юридической помощи
Күшін жойған
Бұйрық
·№ 89
·
16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении критериев качества оказываемой юридической помощи
- Атауы (қаз.)
- Көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 89
- Қабылданған күні
- 16.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.09.2018 87340_360643.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.09.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15D0010392
- ЭКБ идентификаторы
- 87340
- Редакция идентификаторы
- 87340_360643
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:40
0 Көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлерін бекіту туралы
«Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментіне заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
5
0 Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 89 бұйрығына қосымша
Көрсетілетін заң көмегі сапасының критерийлері
1 1. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі:
1 1) құқықтық ақпарат беру;
2 2) құқықтық консультация беру;
3
3) «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түрінде көрсетіледі.