Құжат мәтініне өту

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Костанае

Өзге акт · № 291 · қабылданған 09.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87403/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Костанае Күшін жойған Өзге акт ·№ 291 ·09.02.2015
09.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Костанае

Күшін жойған Өзге акт ·№ 291 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Костанае
Атауы (қаз.)
Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
291
Қабылданған күні
09.02.2015
Көрсетілген редакция
09.02.2024 87403_684789.kaz
Соңғы өзгеріс
09.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NA005400
ЭКБ идентификаторы
87403
Редакция идентификаторы
87403_684789
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:44

0 Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі, осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Қостанай қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
«Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________________ С. Умаров
«09» ақпан 2015 жыл
«Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ Н. Дорошок
«09» ақпан 2015 жыл

4 Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

Мәслихаттың
2015 жылғы 9 ақпандағы
№ 291 шешіміне
1-қосымша
Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

1

1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қостанай қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.
Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

3

3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

4

4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсалатын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейi мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының арасындағы жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

5

5. «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).

6

6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

7

7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

8 8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

9 9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

14 Қостанай қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Мәслихаттың
2015 жылғы 9 ақпандағы
№ 291 шешіміне
2-қосымша
Қостанай қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1 1. Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» 2010 жылғы 9 шілдедегі №313 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9-1-152 тіркелген, 2010 жылдың 24 тамызында және 2010 жылдың 26 тамызында «Костанай» газетінде жарияланған).

2

2. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қарашадағы №470 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9-1-174 тіркелген, 2011 жылдың 15 желтоқсанында «Костанай» газетінде жарияланған).

3

3. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 28 наурыздағы №30 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9-1-187 тіркелген, 2012 жылдың 17 сәуірінде «Костанай» газетінде жарияланған).

4

4. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 12 қазандағы №78 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3875 тіркелген, 2012 жылдың 13 қарашасында «Наш Костанай» газетінде жарияланған).

5

5. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 7 ақпандағы №207 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4463 тіркелген, 2014 жылдың 6 наурызында «Наш Костанай» газетінде жарияланған).

6

6. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 6 қазандағы №260 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5135 тіркелген, 2014 жылдың 6 қарашасында «Наш Костанай» газетінде жарияланған).

7

7. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы №272 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5238 тіркелген, 2014 жылдың 25 желтоқсанында «Наш Костанай» газетінде жарияланған).

Қолданыстағы