Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29
- Қабылданған күні
- 27.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2016 87435_58441.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15TG003106
- ЭКБ идентификаторы
- 87435
- Редакция идентификаторы
- 87435_58441
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:54
0 Азаматтық қызметші болып табылатын
және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру және мәдениет
саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 238-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына және «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы» аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №268-V шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.Тулеушовке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Мақат аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
А.Мендалиева
«27» қаңтар 2015 жыл
Аудандық мәслихат хатшысы
Т. Жолмағамбетов
«27» қаңтар 2015 жыл
4 Аудан әкімдігінің
2015 жылғы «27» қаңтардағы
№ 29 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ
1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдары:
1 1) әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант;
2 2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3 3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.
2 2. Білім беру мамандары лауазымдарының тізбесі:
1 1) мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
2 2) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
3 3) мектепке дейiнгi қазыналық кәсiпорын басшысы;
4
4) мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалімдер және дәрігерлер, әдіскер, шеберхана меңгерушісі, алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушы, кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, тәлімгер, тәрбиеші, интернат-меңгерушісі, әлеуметтік педагог, медициналық бике, емдәм бике, музыкалық жетекші, хореограф, педагог-психолог, зертханашы, дене тәрбиесінің нұсқаушы, еңбек жөніндегі нұсқаушы.