Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Дистанционное управление в химическом производстве"

Бұйрық · № 296 · қабылданған 26.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87503/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Дистанционное управление в химическом производстве" Күшін жойған Бұйрық ·№ 296 ·26.12.2014
30.03.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта "Дистанционное управление в химическом производстве"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 296 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Дистанционное управление в химическом производстве"
Атауы (қаз.)
"Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару" кәсіби стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
296
Қабылданған күні
26.12.2014
Көрсетілген редакция
30.03.2016 AI87503_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400010391
ЭКБ идентификаторы
87503
Редакция идентификаторы
AI87503_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:16

0 "Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару» кәсіби стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшыларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 2 ақпан

9 «Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару» кәсіби стандарты

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының 2014 жылғы
26 желтоқсандағы
№ 296 бұйрығымен
бекітілген
«Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару» кәсіби стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын қалыптастыру үшін, оның ішінде кәсіпорындардағы персоналды оқыту үшін, білім беру мекемелеріндегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған.

2 2. Осы кәсіби стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;

2 2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзыретінің деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3 3) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;

4 4) кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;

5 5) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

6 6) кәсіби топ – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттерінің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы;

7 7) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білім туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, білікті және тәжірибелік дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі;

8 8) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;

9 9) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарығы жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;

10 10) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;

3 3. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:

1 1) ҰБШ – ұлттық біліктілік шеңбері;

2 2) СБШ – салалық біліктілік шеңбері;

3 3) БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

4 4) КС – кәсіби стандарт;

5 5) ҰБЖ – ұлттық біліктілік жүйесі.

2 2. Кәсіби стандарттың паспорты

4 4. Кәсіби стандарттың атауы «Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару».

5 5. Кәсіби стандартты әзірлеудің мақсаты Қызметкерлердің білімдеріне, шеберліктеріне, дағдылары мен жеке құзыреттеріне тиісті талаптарды, еңбек функцияларын жүйелік және құрылымдық жағынан сипаттауды кәсіп бойынша көрсету.

6 6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: Тіркеуші, жазушы және реттеуші аспаптарымен және құрылғылармен жабдықталған қашықтықтан басқару пультінен технологиялық процесті жүргізу.

7 7. Негізгі топ: химия өндірісінде өнімдер өндіру;

Кәсіби топ: Химия өндірісінде техникалық процестерді басқару.

3 3. Кәсіптер карточкалары

8 8. Кәсіптер тізбесі:

химия өндірісінде қашықтан басқару пультінің операторы, СБШ бойынша 2-4 біліктілік деңгейі.
Кәсіптер карточкасының характеристика сипаттамасы осы кәсіби стандартқа қосымшада көрсетілген.

36 «Химия өндірісіндегі қашықтықтан басқару»

кәсіби стандартқа қосымша
КӘ­СІП КАР­ТОЧ­КА­СЫ «Хи­мия өн­ді­рі­сін­де қа­шық­тан бас­қа­ру пуль­ті­нің опе­ра­то­ры»
Кә­сіп ко­ды
Жа­ңа
Кә­сіп ата­уы
Хи­мия өн­ді­рі­сін­де қа­шық­тан бас­қа­ру пуль­ті­нің опе­ра­то­ры
СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
2-4
БТ­БА бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
4-6
Кә­сі­би бі­лім дең­гейі
Жал­пы ор­та бі­лі­мі, бі­рақ негіз­гі ор­та бі­лі­мі­нен тө­мен емес бол­са прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және/ неме­се кә­сі­би да­яр­лық (бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның ба­за­сын­да қы­сқа мер­зім­ді кур­стар неме­се кә­сі­по­рын­да оқы­ту).
Жал­пы ор­та бі­лім неме­се прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сіз жал­пы ор­та бі­лім ба­за­сын­да жал­пы ор­та бі­лім неме­се тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім бол­са прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және/ неме­се кә­сі­би да­яр­лық (бір жы­л­ға дей­ін кә­сі­би да­яр­лық бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның ба­за­сын­да кур­стар неме­се кә­сі­по­рын­да оқы­ту).
Жо­ға­ры дең­гей­де­гі тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім (қо­сым­ша кә­сі­би да­яр­лық), прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе.
Ең­бек функ­ци­я­ла­ры
1) Қа­шық­тық­тан бас­қа­ру пуль­ті­нен тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сті бас­қа­ру
Ше­бер­лі­гі мен дағ­ды­ла­ры
СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі: 2 (4-ші раз­ряд)
СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі: 3 (5-ші раз­ряд)
СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі: 4 (6-шы раз­ряд)
1. Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры­ның көр­сет­кіш­те­рі және хи­ми­я­лық тал­дау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сті бас­қа­ру
2. Бас­қа­ру пуль­ті­нен тех­но­ло­ги­я­лық ре­жим­нің па­ра­метр­ле­рін рет­теу.
3. Элек­тр­лік схе­ма­да бағ­дар­лай бі­лу, электр қоз­ғалт­қы­штар, ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры мен ав­то­ма­ти­ка жұ­мысы­на қо­сы­лу.
4. Өл­ше­у­ші және рет­те­у­ші бл­ок­тар­ды жөн­деп күй­ге кел­ті­ру.
5. Дат­чик­тер, өң­де­уіш­тер мен өл­ше­уіш ас­пап­та­рын рет­те­гіш­ке қо­су.
1. Бе­рі­л­ген өн­ді­рі­стік ре­жим­ге сәй­кес тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сті рет­теу.
2. Про­це­сті қол­мен және қа­шық­тық­тан рет­те­удің прак­ти­ка­лық тә­сіл­де­рін иге­ру.
3. Тех­но­ло­ги­я­лық про­цесс ба­ры­сын тү­зе­ту.
4. Қа­шық­тық­тан бас­қа­ру пуль­ті­нен күр­де­лі көп фа­за­лы тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сті орын­дау.
5. Пульт­те ор­на­ты­ла­тын ба­қы­лау өл­ше­гіш, тір­ке­уіш және рет­те­гіш ас­пап­тар мен ав­то­мат­тық құ­ры­л­ғы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту.
6. Сиг­нал бе­ре­тін құ­ры­л­ғы­лар бой­ын­ша тех­но­ло­ги­я­лық про­це­стін бұ­зы­лу­ла­рын және жаб­дық­тар жұ­мысын­да ол­қы­лық­та­рын жою дағ­ды­ла­ры.
7. Қа­шық­тық­тан бас­қа­ру пуль­ті­нен қол­мен бас­қа­ру­ға кө­шу ше­бер­лі­гі.
8. Құ­рал-сай­ман­дар мен ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­рын пай­да­ла­ну.
9. Ас­па­тар­ға, ма­но­метр­лік тер­мо­метр­лер­ге сиг­нал бе­ре­тін құ­ры­л­ғы­лар­ды, дең­гей сиг­на­ли­за­тор­ла­рын, ара­лық эле­мент­тер­ді, сиг­нал шы­ға­ра­тын құ­ры­л­ғы­лар­ды, қы­сым сиг­на­ли­за­ци­я­сы дат­чик­те­рін рет­ке кел­ті­ру.
10. Қол неме­се элек­тр­лік сор­ғы неме­се құ­быр­лар­дың кө­ме­гі­мен им­пу­льстік же­лі­лер­ді және бө­ліп көр­се­те­тін ыдыс­ты бөл­гіш сұй­ық­пен тол­ты­ру.
1. Өн­ді­рі­стің бар­лық са­ты­ла­ры бой­ын­ша ши­кі­зат, ма­те­ри­ал­дар, жар­ты­лай дай­ын­дал­ған өнім­дер, дай­ын өнім­нің шы­ғуы­ның шы­ғын­да­рын есеп­теу және есеп­ке алу, оның ішін­де ши­кі­заттың хи­ми­я­лық тал­да­уы бой­ын­ша ших­та­лық ма­те­ри­ал­дар­ды есеп­теу.
2. Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­тар мен ав­то­ма­ти­ка­ның кө­ме­гі­мен негіз­гі ши­кі­зат, қо­сал­қы ма­те­ри­ал­дар, электр қу­ат, тем­пе­ра­ту­ра, қы­сым және про­це­стің бас­қа көр­сет­кіш­те­рі­нің шы­ғы­ста­рын рет­теу.
3. Ши­кі­зат және өнім­дер­дің са­па­лы құ­ра­мын ба­ға­лау және тал­дау.
4. Ши­кі­зат, қо­сал­қы ма­те­ри­ал­дар, электр қу­ат шы­ғы­сын ба­қы­лау және рет­теу.
5. Тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сті ба­қы­лау және рет­теу жүр­гі­зу.
6. Тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент және жұ­мыс құ­жат­та­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сті жүр­гі­зу.
7. Бас­қа­ру пуль­ті­нің бар­лық ав­то­мат­ты құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның үз­дік­сіз жұ­мысын қам­та­ма­сыз ету.
8. Пне­во­элек­тр­лік сиг­нал­дық құ­ры­л­ғы­лар бой­ын­ша жаб­дық­тар жұ­мысын­да­ғы ол­қы­лық­тар, тех­но­ло­ги­я­лық ре­жим нор­ма­ла­ры­нан ауыт­қу­лар се­беп­те­рін ал­дын алу және жою.
9. Өн­ді­рі­стің ағыл­ма­лы схе­ма­сын жа­сау.
Бі­лім­де­рі
1. Қа­шық­тық­тан бас­қа­ру пуль­ті­нің ре­гла­мен­ті.
2. Негіз­гі және кө­мек­ші жаб­дық­тар, бас­қа­ру қал­қан жұ­мысы­ның қа­ғи­да­ты мен құ­ры­лы­сы
3. Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры мен рет­те­у­ші құ­ры­л­ғы­лар­ды пай­да­ла­ну ере­же­сі
4. Жүр­гі­зе­тін про­це­стің тех­но­ло­ги­я­лық ре­жи­мі және оны рет­теу ере­же­сі.
5. Өн­ді­рі­сті ав­то­мат­тан­ды­ру­дың үл­гі­лік схе­ма­ла­ры, рет­те­гіш жүй­е­ле­рі­нің құ­ры­лы­сы, сиг­нал бе­ру, қор­ғау мен оқ­ша­у­лау эле­мент­те­рі­мен.
1. Тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент.
2. Көп фа­за­лы тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сте тем­пе­ра­ту­ра, қы­сым­ның, кер­неу, мөл­шер­леу және бас­қа па­ра­метр­лер­дің ауыт­қу шек­те­рі.
3. Өнер­к­ә­сіп­тік мақ­сат­та­ғы элек­трон­дық есеп­теу ма­ши­на­ла­ры­ның әре­кет қа­ғи­да­ты:
- ав­то­мат­ты жи­нау;
- ал­ғаш­қы өн­деу;
- тех­но­ло­ги­я­лық про­це­стің күйі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты тір­кеу;
- қо­лай­лы жағ­дай­лар­ды есеп­теу;
- ба­қы­ла­на­тын па­ра­метр­лер­дің нор­ма­ла­ры­нан әр түр­лі ауыт­қу­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді бе­ру;
- эко­но­ми­ка­лық көр­сет­кіш­тер­ді есеп­теу;
- рет­те­уіш құ­ры­л­ғы­лар­ға ко­ман­да­лар­ды бе­ру.
4. Жаб­дық­тар­дың, ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­тар мен ав­то­ма­ти­ка жүй­е­ле­рі­нің құ­ры­лы­сы, әре­кет қа­ғи­да­ты.
5. Ас­пап­тар мен ав­то­мат­ты жүй­е­лер жұ­мысын­да бо­ла­тын ол­қы­лық­тар және олар­ды жою тә­сіл­де­рі.
6. Бөл­шек­тер мен түй­ін­дер­дің то­зуы мен де­фор­ма­ци­я­ла­ну түр­ле­рі.
7. Құ­рал-сай­ман­дар мен ба­қы­лау-өл­шеу ас­па­тар­дың құ­ры­лы­сы және мін­де­ті.
1. Пай­да­ла­на­тын ши­кі­зат пен өнім­дер­дің фи­зи­ка-хи­ми­я­лық және тех­но­ло­ги­я­лық қа­си­ет­те­рі, олар­ға мем­ле­кет­тік стан­дарт­тар және тех­ни­ка­лық шар­ттар.
2. Ши­кі­зат пен өнім­нің шы­ғуын есеп­теу әді­сте­ме­сі.
3. Сы­на­ма­лар­ды сұ­рып­тау ере­же­сі.
4. Ши­кі­зат пен қо­сал­қы ма­те­ри­ал­дар­дың шы­ғыс нор­ма­тив­те­рі.
5. Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры, ав­то­ма­ти­ка құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну ере­же­сі.
6. Ав­то­мат­ты құ­ры­л­ғы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту ере­же­ле­рі.
7. Ав­то­ма­ти­ка­ны ба­қы­лау және про­це­сті оқ­ша­у­лау схе­ма­сы.
8. Тех­но­ло­ги­я­лық ре­жим және оны рет­теу ере­же­ле­рі.
9. Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­тар­дың, ав­то­ма­ти­ка жүй­е­сі мен жаб­дық­тар­дың құ­ры­лы­сы және кон­струк­ци­я­сы.
10. Қыз­мет көр­се­ті­ле­тін жаб­дық, іс­ке қо­сы­ла­тын және ба­қы­лау-өл­шеу ап­па­ра­ту­ра­ның мін­де­ті және құ­ры­лы­сы, олар­ды кү­ту ере­же­сі.
Же­ке құ­зы­рет­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Ко­ман­да­да жұ­мыс іс­теу ше­бер­лі­гі;
Тал­да­ма­лық қа­бі­лет­те­рі.
СБШ шең­бе­рін­де бас­қа кә­сіп­тер­мен бай­ла­ны­сы
8159
Хи­мия өн­ді­рі­сі­нің қал­дық­та­рын қай­та өң­деу ап­па­рат­шы­сы.
Кә­сі­би стан­дарт­тың тех­ни­ка­лық де­ректе­рі
Әзір­лен­ді
«Қа­зақ­стан рес­пуб­ли­ка­сы ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік да­му Ми­ни­стр­лі­гі­нің ең­бек­ті қор­ғау жө­нін­де­гі рес­пуб­ли­ка­лық Ғы­лы­ми-зерт­теу ин­сти­ту­ты» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік Қа­зы­на­лық кә­сі­по­ры­ны
Нұс­қа нө­мі­рі және шы­ға­ры­л­ған жы­лы
1 нұс­қа, 2014 жыл
Бо­лжам­ды қай­та қа­рас­ты­ру кү­ні
2017 жыл

Қолданыстағы