Об утверждении формы проектного предложения официальной помощи развитию
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы проектного предложения официальной помощи развитию
- Атауы (қаз.)
- Дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11-1-2/43
- Қабылданған күні
- 06.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2025 87512_750861.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15IY010430
- ЭКБ идентификаторы
- 87512
- Редакция идентификаторы
- 87512_750861
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:46
0 Дамуға ресми көмектің
жобалық ұсынысының
нысанын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысаны бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Р.С. Жошыбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
5 Дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысаны
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2015 жылғы 6 ақпандағы
№ 11-1-2/4 бұйрығымен бекітілген
нысан
Дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысаны
№
Көрсетілуі тиіс мәліметтер тізімі
Мемлекеттік органның немесе ұйымның атауы
1.
Дамуға ресми көмек (бұдан әрі – ДРК) жобасының атауы
2.
Мемлекеттік органның, ДРК жобалық ұсынысын әзірлеушінің атауы (мекенжай, телефон, факс, электрондық пошта)
3.
Әріптес ел
4.
Әріптес донор (жобаға қатысу нысаны, ДРК саласындағы тәжірибесі туралы ақпарат пен байланыс деректері (мекенжай, телефон, факс, электрондық пошта, байланысушы адам)
5.
ДРК жобалық ұсынысын іске асыруға қатысу үшін ұсынылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы (жобаға қатысу нысаны, ДРК саласындағы тәжірибесі туралы ақпарат пен байланыс деректері (мекенжай, телефон, факс, электрондық пошта, байланысушы адам)
6.
Сыртқы әріптес (мекенжай, телефон, факс, электрондық пошта, байланысушы адам)
7.
ДРК мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін бағытталған ДРК жобалық ұсынысы
8.
ДРК жобалық ұсынысының секторалдық бағыты
9.
ДРК жобасын іске асыру орындылығының негіздемесі және ДРК жобалық ұсынысын іске асырудың болжанған мерзімдері
10.
ДРК жобалық ұсынысын іске асыру шеңберінде жоспарланған іс-шаралар тізбесі мен ДРК жобасын іске асыру нысаны
11.
Тиімділік (әлеуметтік, қаржылық-экономикалық, құқықтық, өзге де ықтимал тиімділік). ДРК жобалық ұсынысын іске асырудың болжанған нәтижелері
12.
Қажетті шығыстар (мың теңге) мен ДРК жобалық ұсынысын қаржыландыру көзі
(жоба бюджетінің негіздемесі, жоспарланған әкімшілік, ұйымдастырушылық және пайдалану шығындары)
13.
ДРК жобалық ұсынысын іске асыру үшін халықаралық шарттарды жасасу қажеттілігі туралы ақпарат