Об утверждении Правил тушения степных пожаров, а также пожаров в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил тушения степных пожаров, а также пожаров в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы
- Атауы (қаз.)
- Дала өрттерiн, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елдi мекендерде өрттерді сөндiру қағидаларын бекiту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 107
- Қабылданған күні
- 11.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2025 87516_781460.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15C0010433
- ЭКБ идентификаторы
- 87516
- Редакция идентификаторы
- 87516_781460
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:42
0 Дала өрттерiн, сондай-ақ мемлекеттiк
өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ
елдi мекендерде өрттерді сөндiру
қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағының 64) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса берiлiп отырған Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіру қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В.Петров) заңнамада белгiленген тәртiпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2 2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген соң күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi басылымдарда және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жiберудi;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 11 ақпандағы
№ 107 бұйрығымен
бекітілген
Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет
бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіру қағидалары
1 1. Осы Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіру қағидалары дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттердің алдын алу және сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2 2. Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіруді тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
3
3. Өрттерді байқаған кезде жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік өртке қарсы қызметке хабарлайды және өрттерді сөндіруге өртке қарсы ерікті құралымдардың, сондай-ақ «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендерге өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 746 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9928 болып тіркелген) сәйкес құрылған өрт сөндіру пункттерінің күштері мен құралдарын тартуды ұйымдастырады.
4 4. Ерікті өрт сөндірушілерді жинау тәртібі мен оларды өрт орнына жеткізу тәсілін аумақтық Төтенше жағдайлар департаментінің келісімі бойынша өртке қарсы ерікті құралымның басшысы айқындайды.
5 5. Мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің күштері мен құралдары келгенге дейін жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақта:
1 1) өрттер туралы барлық келіп түсетін ақпаратты жедел тексеруді және жинауды қамтамасыз етеді;
2 2) туындаған өрттер, олардың ықтимал таралуы туралы халыққа уақтылы хабар беруді, сондай-ақ олардың салдарын шектеу бойынша қажетті шаралар қабылдауды жүзеге асырады;
3 3) өрт орнындағы жағдайдың барлық өзгерістері туралы жақын орналасқан мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріне уақтылы жедел хабар беруді қамтамасыз етеді;
4 4) өрттерді сөндіру бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.
6 6. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері өрт болған орынға келгеннен кейін өрт сөндіруге басшылық ету өртке қарсы қызмет гарнизонының аға лауазымды тұлғасына жүктеледі.
7 7. Өрт сөндіру басшысы:
1 1) өрт сөндіруге қатысатын тартылған өрт сөндіру күштері мен құралдарына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2 2) қойылған міндеттердің орындалуына және өртті сөндіру бойынша жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етуге жауап береді;
3 3) өрт түрін, оның қарқындылығы мен көлемін, жер бедерін, ағымдағы және болжамды ауа-райы жағдайының ерекшеліктерін, өрт сөндіру күштері мен құралдарының бар-жоғын ескере отырып, өрт сөндірудің тактикалық тәсілдерін, әдістері мен амалдарын таңдауды жүзеге асырады;
4 4) өрт сөндіру бойынша іс-қимылдар жүзеге асырылатын аумақтың шекарасын, көрсетілген іс-қимыл тәртібін белгілейді;
5 5) қосымша күштер мен құралдарды шақырудың қажеттілігін анықтайды;
6 6) өрт жағдайының өзгеруін үздіксіз бақылайды және тиісті шешім қабылдайды.
7 7) өрт сөндіру үшін, көлік құралдары мен басқа да материалдық-техникалық құралдарды қоса алғанда, кәсіби, салалық өртке қарсы қызметтердің және өртке қарсы ерікті құралымдардың күштері мен құралдарын тартады;
8 8) өрттерді сөндіру жұмыстарын жүргізу кезеңінде цехтар мен объектілердің жұмысын тоқтата тұруға, адамдарды, материалдық құндылықтарды қауіпті аймақтан эвакуациялауға өкім береді.
8 8. Өрттің даму және оттың кеңінен таралу қаупі төнген кезінде өрт сөндіру басшысы өртті барлау және:
1 1) жану көлемін, жер бедерін, оттың таралу жылдамдығы мен бағытын, өртті сөндіру кезеңінде оның болжамды дамуын;
2 2) өрт орнына бару, жақындау және өртті оқшаулау мен сөндірудің механикаландырылған құралдарын қолдану мүмкіндігін;
3 3) сумен жабдықтау көздерінің бар-жоғын;
4 4) оттың күшею қаупі туындаған жағдайда өрт сөндіруді жүзеге асырушы тұлғалардың кету жолдарын, паналауға мүмкін орындарды;
5 5) көлік құралдары тұрақтарын, адамдарды орналастырудың қауіпсіз орындарын анықтау үшін қосымша техниканы немесе авиацияны тарту мүмкіндігін ұйымдастырады.
9 9. Өрт сөндіру кезінде жергілікті атқарушы органдар тартылатын күштер мен құралдарды меншік нысанына қарамастан жанар-жағармай материалдарымен және тамақпен қамтамасыз етеді.
10
10. Өрттердің алдын алуда және жоюда келісілген іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар аумақтық төтенше жағдайлар департаментерімен бірлесіп дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын, сондай-ақ тиісті аумақтарда дала өрттері туындаған жағдайда жер пайдаланушылармен бірлескен іс-қимыл жоспарларын әзірлейді және бекітеді.