Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, коллекционированию, экспонированию гражданского и служебного оружия и патронов к нему

Бұйрық · № 5 · қабылданған 08.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87523/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, коллекционированию, экспонированию гражданского и служебного оружия и патронов к нему Қолданыста Бұйрық ·№ 5 ·08.01.2015
02.09.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, коллекционированию, экспонированию гражданского и служебного оружия и патронов к нему

Қолданыста Бұйрық ·№ 5 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, коллекционированию, экспонированию гражданского и служебного оружия и патронов к нему
Атауы (қаз.)
"Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы"
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
08.01.2015
Көрсетілген редакция
02.09.2023 87523_651848.kaz
Соңғы өзгеріс
02.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15C0010352
ЭКБ идентификаторы
87523
Редакция идентификаторы
87523_651848
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:05

0 Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 26 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы « » _______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
_____________________ Ж. Қасымбек
2015 жылғы 20 қаңтар

0 Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 8 қаңтардағы
№ 5 бұйрығымен
бекітілген
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
Құжаттар
Ескертпе
1
2
3
4
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялауға жинау және экспонаттау жөніндегі қызмет түрі үшін қойылатын жалпы талаптар мен құжаттар
1
Толық сауалнамалық деректер (кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы) қоса берілген, қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтер
Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы
2
Қаруды иеленуге көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизм немесе нашақорлыққа байланысты қарсы көрсетілімдердің болмауы туралы медициналық қорытындылар
Қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қорытынды
3
Соттылығының жоқтығы туралы анықтама
Соттылығының жоқтығы туралы анықтама
Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы Қылмыстық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынады
4
Қа­ру­ды қол­да­ну­да қа­уіп­сіз­дік қа­ғи­да­ла­рын бі­лу­ін тек­се­ру ту­ра­лы анық­та­ма
Аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру­дың ие­ле­рі мен пай­да­ла­ну­шы­лар­дың аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру­ды қа­уіп­сіз ұстау қа­ғи­да­ла­рын бі­лу­іне да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) бағ­дар­ла­ма­лар­дан өт­ке­ні ту­ра­лы анық­та­ма
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 13 мау­сым­да­ғы № 536 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 18849 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген ны­са­ны бой­ын­ша аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру­дың ие­ле­рі мен пай­да­ла­ну­шы­лар­дың аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру­ды қа­уіп­сіз ұстау қа­ғи­да­ла­рын бі­лу­іне да­яр­лау (қай­та да­яр­лау) бағ­дар­ла­ма­лар­дан өт­ке­ні ту­ра­лы анық­та­ма, қа­ру ай­на­лы­мын ба­қы­лау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­дай­тын ұй­ым­дар бе­ре­ді
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін
5
Заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының жоғары техникалық білімі
Жоғары техникалық білімнің болуын растайтын диплом.
6
Қаруды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы, қарудың негізгі (базалық) модельдеріне және (немесе) патрондар типтеріне конструкторлық құжаттамалар түріндегі ғылыми база
Қаруды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар, қарудың негізгі (базалық) модельдеріне және (немесе) патрондар типтеріне конструкторлық құжаттамалар жиынтығы
7
Қа­ру­дың неме­се па­трон­дар­дың тә­жі­ри­бе­лік үл­гі­ле­рін дай­ын­дау және сы­нау үшін мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стік тех­ни­ка­лық ба­за, қо­са ал­ған­да:
ма­ман­дан­ды­ры­л­ған өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат­тар­ды (үй-жай­лар­ды), жаб­дық­тар­ды, стен­ді­лер­ді, сы­нақ өт­кі­зу зерт­ха­на­сын, ба­қы­лау-өл­шеу ап­па­ра­ту­ра­сын;
қа­ру мен оның па­трон­да­рын әзір­леу жө­нін­де­гі цех­тың бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен ке­лі­сі­л­ген және бе­кі­ті­л­ген жұ­мыс жо­ба­сы;
бөл­шек­тер­ді, құ­ра­с­ты­ру бір­лік­те­рін есеп­ке алу және сақ­тау жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды қам­та­ма­сыз ете оты­рып, оқ­ша­у­лан­ған үй-жай­лар­да ор­на­ла­сты­ры­ла­тын негіз­гі бөл­ше­ік­тер­ді (ұң­ғы­лар­ды, бе­кіт­пе­лер­ді, ба­ра­бан­дар­ды, жақ­та­у­лар­ды, ұң­ғы қо­рап­та­рын) дай­ын­дау жө­нін­де­гі ме­ха­ни­ка­лық өн­ді­ре­тін және құ­ра­с­ты­ру цех­та­ры (учас­ке­ле­рі);
өрт-кү­зет сиг­на­ли­за­ци­я­сы құ­рал­да­ры­мен жаб­дық­тал­ған тех­ни­ка­лық ны­ғай­ту жө­нін­де­гі та­лап­тар­ға жа­у­ап бе­ре­тін қа­ру мен па­трон­дар­дың әзір­лен­ген жиын­тық­та­рын сақ­та­у­ға ар­нал­ған ма­ман­дан­ды­ры­л­ған үй-жай­лар­ды
Өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­сы, жаб­дық­тар мен ап­па­ра­ту­ра­ға мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын рас­тай­тын бар бо­луын көр­се­те­тін құ­жат­та­ры.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
8
Қару мен оның патрондарын әзірлеуге жоспарланған тактикалық-техникалық сипаттамалар
Техникалық құжаттама
9
Қару мен оның патрондарының тәжірибеден өткен модельдерін қауіпсіз әзірлеу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар
Техникалық құжаттама
10
Қа­ру мен оның па­трон­да­рын сақ­тау, сақ­та­луы және есеп­ке алу тәр­ті­бі бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 1 шіл­де­гі № 602 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 18961 бо­лып тір­кел­ген) аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру мен оның па­трон­да­ры­ның ай­на­лы­мы қа­ғи­да­ла­ры­ның 120, 121 және 122-тар­мақ­та­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі
Құ­жат бе­ріл­мей­ді
Өті­ніш бер­ген­нен кей­ін іш­кі іс­тер ор­га­ны­ның қыз­мет­ке­рі объ­ек­ті­ні, үй-жай­лар­ды тек­се­ру­ді жүр­гі­зе­ді. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2016 жы­л­ғы 29 на­уры­зда­ғы № 313 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 13694 бо­лып тір­кел­ген) (бұ­дан әрі - № 313 бұй­рық) іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру ай­на­лы­мы са­ла­сын­да­ғы ба­қы­лау жө­нін­де­гі бө­лім­ше­ле­рі­нің қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру ту­ра­лы нұс­қа­улық­қа 20-қо­сым­ша­ға сәй­кес аяқ­та­лу ны­са­ны – объ­ек­ті­ні тек­се­ру ту­ра­лы акт тол­ты­ры­ла­ды
11
Үшінші тұлғаларға келтірілетін зиянды өтеу жөніндегі жауапкершілікті сақтандыру шарты
Шарт
11-1
Өз қызметінде қызметтік атыс қаруын пайдаланатын және сигнализацияның іске қосылуына шығуды көздейтін кемінде екі мобильдік тобы бар (жедел ден қою топтары) жеке күзет ұйымы
Күзет қызметтерін көрсету шарты
Жеке күзет ұйымында күзет қызметімен айналысу
кұқығына мемлекеттік лицензиясы болуы тиіс
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіру жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін
12
Заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының жоғары техникалық білімі
Жоғары техникалық білімі барын растайтын құжат
13
Қару мен оның патрондарын жасау мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттардың жиынтығы түріндегі ғылыми база
Қару мен оның патрондарының түрлерін жасау мәселелері бойынша нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығы
14
Мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стік тех­ни­ка­лық ба­за, қо­са ал­ған­да:
ма­ман­дан­ды­ры­л­ған өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат­тар­ды, кө­лік құ­рал­да­рын, жаб­дық­ты, стен­ді­лер­ді, сы­нақ өт­кі­зу зерт­ха­на­сын, ба­қы­лау-өл­шеу ап­па­ра­ту­ра­сын;
қа­ру­ды және оның па­трон­да­рын жа­сау жө­нін­де­гі цех­тың бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен ке­лі­сі­л­ген және бе­кі­ті­л­ген жұ­мыс жо­ба­сын;
бөл­шек­тер­ді, құ­ра­с­ты­ру бір­лік­те­рін есеп­ке алу және сақ­тау жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды қам­та­ма­сыз ете оты­рып, оқ­ша­у­лан­ған үй-жай­лар­да ор­на­ла­сты­ры­ла­тын негіз­гі бө­лік­тер­ді (ұң­ғы­лар­ды, бе­кіт­пе­лер­ді, ба­ра­бан­дар­ды, жақ­та­у­лар­ды, ұң­ғы қо­рап­та­рын) дай­ын­дау жө­нін­де­гі ме­ха­ни­ка­лық өн­ді­ре­тін цехын (учас­ке­сі);
бөл­шек­тер­ді, құ­ра­с­ты­ру бір­лік­те­рін есеп­ке алу және сақ­тау бой­ын­ша жағ­дай­лар­ды қам­та­ма­сыз ете оты­рып, оқ­ша­у­лан­ған үй-жай­лар­да ор­на­ла­сты­ры­ла­тын, өрт-кү­зет сиг­на­ли­за­ци­я­сы құ­рал­да­ры­мен жаб­дық­тал­ған, тех­ни­ка­лық ны­ғай­ту жө­нін­де­гі та­лап­тар­ға жа­у­ап бе­ре­тін құ­ра­с­ты­ру цехын;
дай­ын қа­ру­ды және өрт-ку­зет даб­ы­лы құ­рал­да­ры­мен жаб­дық­тал­ған сақ­та­у­ға ар­нал­ған ма­ман­дан­ды­ры­л­ған қой­ма­лар;
өн­ді­ріс про­це­сін­де жа­рам­сыз қа­ру­дың негіз­гі бө­лік­те­рін және оның па­трон­да­рын сақ­та­у­ға ар­нал­ған неке изо­ля­то­ры.
Өн­ді­рі­стік ба­за­сы­ның ау­ма­ғы­на мын­да­дай та­лап­тар қой­ы­ла­ды:
оқ­ша­у­ла­нуы, қор­ша­удың, тәу­лік­тік қа­ру­лы кү­зет­тің, тех­ни­ка­лық ны­ғай­ты­лу­дың, өрт­ке қар­сы қа­уіп­сіз­дік­тің бо­луы, тұр­ғын және өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер­ден қол­да­ны­с­та­ғы нор­ма­тив­тер­де көз­дел­ген қа­уіп­сіз қа­шық­тық­та ор­на­ла­сты­руы
Өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық ба­за­сы, мен­шік неме­се жал­дау құқы­ғын рас­тай­тын бар бо­луын көр­се­те­тін құ­жат­та­ры.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
15
Қаруды сатып алу және пайдалану құқығы бар субъектімен қару мен оның патрондарын өндіруге ниет білдіру туралы хаттама немесе шарт (келісімшарт)
Хаттама немесе шарт
16
Қару мен оның патрондарын өндіруге жоспарланған тактикалық-техникалық сипаттамалар
Техникалық құжаттама
17
Жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар, сондай-ақ материалдарды, жартылай дайындалған өнімдерді (дайындамалар), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және ақау бұйымдарды есепке алу, сақтау:
бөлшектерді, құрастыру бірліктерін және дайын бұйымдарды жасау, тасымалдау және сақтау процесінде оларды есепке алу;
кірісті және шығысты есепке алу журналын жүргізу (дайындамаларды, бөлшектерді, қосалқы бөлшектерді нөмірлеп есепке алу, сандық есепке алу, сандық немесе өлшеп есепке алу) жөніндегі құжаттар
Техникалық және есепке алу құжаттамасы
18
Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі
Құжат берілмейді
№ 313 бұйрық
19
Үшінші тұлғаларға келтірілетін зиянды өтеу жөніндегі жауапкершілікті сақтандыру шарты
Шарт
19-1
Өз қызметінде қызметтік атыс қаруын пайдаланатын және сигнализацияның іске қосылуына шығуды көздейтін кемінде екі мобильдік тобы бар (жедел ден қою топтары) жеке күзет ұйымы
Күзет қызметтерін көрсету шарты
Жеке күзет ұйымында күзет қызметімен айналысу
кұқығына мемлекеттік лицензиясы болуы тиіс
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеу жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін
20
Қаруды жөндеу жөніндегі білікті мамандар
Қаруды жөндеу бойынша арнайы білімінің бар екенін растайтын құжаттар (диплом, сертификат, еңбек кітапшасынан үзінді және т.б.).
21
Тех­ни­ка­лық ны­ғай­ту та­лап­та­ры­на жа­у­ап бе­ре­тін және өрт-кү­зет сиг­на­ли­за­ци­я­сы құ­рал­да­ры­мен жаб­дық­тал­ған мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ше­бер­ха­на
Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ше­бер­ха­на­ға мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
22
Арнайы жабдық пен құрылғылар
Тиісті жабдықтар мен аппаратураның бар болуын көрсететін құжаттар
23
Жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар
Техникалық және есепке алу құжаттамасы
24
Қаруды қабылдауды және беруді есепке алу журналы
Қаруды қабылдауды және беруді есепке алу журналы
Осы біліктілік талаптарының
1-қосымшасына сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу,
өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау және экспонаттау
жөніндегі қызмет лицензиясына мәліметтер нысаны (бұдан әрі – 1 нысан)
25
Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі
Құжат берілмейді
№ 313 бұйрық
25-1
Өз қызметінде қызметтік атыс қаруын пайдаланатын және сигнализацияның іске қосылуына шығуды көздейтін кемінде екі мобильдік тобы бар (жедел ден қою топтары) жеке күзет ұйымы
Күзет қызметтерін көрсету шарты
Жеке күзет ұйымында күзет қызметімен айналысу
кұқығына мемлекеттік лицензиясы болуы тиіс
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін
26
Тех­ни­ка­лық ны­ғай­ту жө­нін­де­гі та­лап­тар­ға жа­у­ап бе­ре­тін және өрт-кү­зет сиг­на­ли­за­ци­я­сы­мен жаб­дық­тал­ған қа­ру мен оның па­трон­да­рын, аң­шы­лық оқ-дә­рі­ні сақ­та­у­ға, са­ту­ға ар­нал­ған мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы ар­найы жаб­дық­тал­ған үй-жай­лар
Қа­ру мен оның па­трон­да­рын, аң­шы­лық оқ-дә­рі­ні сақ­та­у­ға, са­ту­ға ар­нал­ған мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын рас­тай­тын ар­найы жаб­дық­тал­ған үй-жай­лар­дың құ­жат­та­ры.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
27
Келіп түскен, сатылған қару мен оның патрондарын есепке алу жөніндегі құжаттама
Келіп түскен, сатылған қаруды және оның патрондарын есепке алу журналдары.
1 нысан
28
Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі
Құжат берілмейді
№ 313 бұйрық
28-1
Өз қызметінде қызметтік атыс қаруын пайдаланатын және сигнализацияның іске қосылуына шығуды көздейтін кемінде екі мобильдік тобы бар (жедел ден қою топтары) жеке күзет ұйымы
Күзет қызметтерін көрсету шарты
Жеке күзет ұйымында күзет қызметімен айналысу
кұқығына мемлекеттік лицензиясы болуы тиіс
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін
29
Коллекциялық қаруды сақтауға арналған үй-жай
Құқық беретін құжаттар немесе жалға алу шарты
30
Қа­ру мен оның па­трон­да­ры­ның сақ­та­луын, олар­ды сақ­тау қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ете­тін және олар­ға бө­тен адам­дар­дың қол же­тім­ді­лі­гін бол­дыр­май­тын жағ­дай­лар­дың бар бо­луы. Мұ­ра­жай қа­ру­ла­ры үшін – кү­зет сиг­на­ли­за­ци­я­сы­мен жаб­дық­тал­ған, же­ке, осы мақ­сат­тар­ға ар­найы ар­нал­ған үй-жай­лар­да­ғы кі­лт­пен жа­бы­ла­тын вит­ри­на­лар, сейф­тер неме­се ме­талл шкаф­тар
Кү­зет сиг­на­ли­за­ци­я­сын ор­на­ту ак­ті­сі.
Қа­ру­ды сақ­та­у­мен объ­ек­ті­ні (үй-жай­ды) кү­зе­ту шар­ты.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі
31
Қару мен оның патрондарының сақталуын, оларды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оларға бөтен адамдардың қол жетімділігін болдырмайтын жағдайлар.
Жеке қару үшін – қару мен оның патрондары иелерінің тұрғылықты жері бойынша үй-жайлардағы кілтпен жабылатын сейфтер немесе металл шкафтар
Құжат берілмейді
№ 313 бұйрық
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын экспонаттау жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін
32
Кі­лт­пен жа­бы­ла­тын вит­ри­на­лар, сейф­те­рі неме­се ме­талл шкаф­та­ры бар кү­зет сиг­на­ли­за­ци­я­сы­мен жаб­дық­тал­ған же­ке үй-жай­лар
Құқық бе­ре­тін құ­жат­тар неме­се жал­ға алу шар­ты.
Атал­ған объ­ек­ті­ні, өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рі мен қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­ле­рі (заң­ды тұ­лға­лар үшін)
33
Үй-жайды тәулік бойы күзету (күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарт)
Күзет сигнализациясын орнату актісі.
Қару сақталатын объектіні (үй-жайды) күзету шарты
34
Бұйымдарды есепке алу, мерзімді тексеру және сақтау жөніндегі құжаттамалар
Бұйымдарды есепке алу, мерзімді тексеру және сақтау бойынша журналдар.
1-нысан
35
Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі
Құжат берілмейді
№ 313 бұйрық
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу
жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік
талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Ескертпе: Қазақстан Республикасының аумағында қару сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар арасында қаруды беру кезінде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын олардың түрлерін көрсете отырып, сатып алу-сату шарты (келісімшарты) көшірмелері болуы қажет.

1 Азаматтық және қызметтік қару

мен оның патрондарын әзірлеу,
өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға
жинау және экспонаттау жөніндегі
қызметке қойылатын біліктілік
талаптары мен оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
1-қосымша
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу,
өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау және экспонаттау
жөніндегі қызмет лицензиясына мәліметтер нысаны
Жалпы ақпарат
1. Өтініш беруші ___________________________________________________________
(заңды және жеке тұлға)
2. Заңды тұлғаның/ жеке тұлғаның/ жеке кәсіпкердің атауы
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу,
сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызмет түріне арналған жалпы
талаптар мен құжаттар
Есептік құжаттама
3. Қаруды қабылдау тапсыруды есепке алу жураналын бастаған күн
____________________________________________________________________________
(лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)
Журналдың түгендеу нөмірі __________________________________________________
5. Кәсіпорындарда, мекемелер мен оқу орындарында қару мен оның патрондарын
есепке алу журналын бастаған күн ___________________________________________
(лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)
Журналдың түгендеу нөмірі __________________________________________________
Өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның жауапкершілігі
Өтініш берген күн __________________________________________________________
_________________________________________________________ __________________
(лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.) (қолы)

2 Азаматтық және қызметтік қару

мен оның патрондарын әзірлеу,
өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға
жинау және экспонаттау жөніндегі
қызметке қойылатын біліктілік
талаптары мен оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
2-қосымша

Қолданыстағы