Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил аккредитации агентств по усыновлению и организаций по оказанию содействия в устройстве детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, в семьи граждан Республики Казахстан

Бұйрық · № 513 · қабылданған 09.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87552/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил аккредитации агентств по усыновлению и организаций по оказанию содействия в устройстве детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, в семьи граждан Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 513 ·09.12.2014
03.10.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил аккредитации агентств по усыновлению и организаций по оказанию содействия в устройстве детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, в семьи граждан Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 513 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил аккредитации агентств по усыновлению и организаций по оказанию содействия в устройстве детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, в семьи граждан Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
513
Қабылданған күні
09.12.2014
Көрсетілген редакция
03.10.2022 87552_597733.kaz
Соңғы өзгеріс
03.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14H0010372
ЭКБ идентификаторы
87552
Редакция идентификаторы
87552_597733
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:39

0 Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді және жетім балаларды,

ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 111-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидалары;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж. Оразалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
2015 жылғы «____» ________
_____________ Қ.Н. Қасымов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
2015 жылғы «____» _________
____________ Т.Б. Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
2015 жылғы «____» ________
____________ Е.Ә. Ыдырысов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2015 жылғы «____» ________
______________ Б.М. Имашев

1 Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 513 бұйрығына
1-қосымша
Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Бала асырап алу жөнiндегi агенттiкттердi аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 111-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында бала асырап алу жөніндегі қызметті филиалдар және (немесе) өкілдіктер құру жолымен жүзеге асыратын агенттіктерді аккредиттеу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) аккредиттеу – Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың өз қызметін жүзеге асыру құқығын ресми тануы;

2

2) бала асырап алу жөнiндегi агенттiктер (бұдан әрі – агенттіктер) – өз мемлекетінің аумағында балаларды асырап алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында осындай қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттелген коммерциялық емес шетелдік ұйымдар;

3

4

4) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

5 5) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ).

3 3. Кодекстің 111-бабының 1-тармағына сәйкес агенттіктер аккредиттеуге жатады.

Құжаттарды қараудың және агенттіктерді аккредиттеудің мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды.

2 2-тарау. Агенттiктердi аккредиттеу тәртiбi

4

4. Агенттікті аккредиттеу туралы, оның ішінде аккредиттеуден бас тарту туралы, сондай-ақ аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде бас тарту туралы мәселені Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) қарайды.

5

5. Қызметті аккредиттеу үшін агенттіктің сенім білдірілген тұлғасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу немесе аккредиттеу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

6

6. Барлық ұсынылған құжаттар «Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 16116 болып тіркелген) және «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12 наурыздағы Заңына сәйкес заңдастырылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде берілген құжаттар тиісті шет мемлекеттің мемлекеттік тілінде ұсынылады, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне аударылуға жатады.

7 7. Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

8 8. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

9 9. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті берушіге келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті қабылдаудан бас тартады.

10

10. Агенттікті аккредиттеу туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші өз құзыреті шегінде аккредиттеу мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар беретін Әділет, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерімен (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) келісім бойынша қабылдайды.

11

11. Көрсетілетін қызметті беруші екі күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік органдарға келісу үшін Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 8-тармағында көзделген құжаттарды жолдайды, олар құжаттар келіп түскен және көрсетілетін қызметті берушіден сұрау түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының аумағында агенттіктің қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қорытынды береді.

12

12. Көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Кодекстің шарттары мен талаптарына сәйкестігін тексереді және Қазақстан Республикасының аумағында агенттіктің қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қорытындының негізінде бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу туралы не Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша аккредиттеуден бас тарту туралы шешім шығарады.

13 13. Агенттікті аккредиттеу туралы шешімді немесе аккредиттеуден бас тартуды көрсетілетін қызметті беруші оны қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде береді.

Осы Қағидалардың Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымнын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-нің 74-бабына сәйкес жүргізіледі.

14 14. Агенттікті аккредиттеу туралы шешім жоғалған кезде, көрсетілетін қызметті алушы тиісті өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіден оның телнұсқасын алады.

Бұл ретте агенттікті аккредиттеу туралы шешім түпнұсқасының күші жойылды деп танылады

15 15. Агенттіктер бір жыл мерзімге аккредиттеледі. Агенттікті аккредиттеу туралы шешім иеліктен шығарылмайды және басқа адамдарға беруге жатпайды.

16 16. Аккредиттеуден бас тартылған агенттіктер алты ай өткеннен кейін көрсетілетін қызметті берушіге қайта жүгінеді.

17 17. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші анықталған сәттен бастап дереу көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер Қағидалардың осы тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы көрсетілетін қызметті берушілерді, оның ішінде Бірыңғай байланыс орталығын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етеді.

18

3 3-тарау. Ұзарту, тоқтата тұру және (немесе) мерзімінен бұрын агенттіктерді аккредиттеуді тоқтату

19

19. Аккредиттеу мерзімін ұзарту үшін көрсетілетін қызметті алушы аккредиттеу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу немесе аккредиттеу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

20

20. Барлық ұсынылған құжаттар «Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 16116 болып тіркелген) және «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12 наурыздағы Заңына сәйкес заңдастырылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде берілген құжаттар тиісті шет мемлекеттің мемлекеттік тілінде ұсынылады, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне аударылуға жатады.

21 21. Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

22 22. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

23 23. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті қабылдаудан бас тартады.

24

24. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған күннен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарының бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту және агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы не Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы дәлелді шешім қабылдау үшін талаптар мен негіздерге сәйкестігін тексереді.
Осы Қағидалардың Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымнын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-нің 74-бабына сәйкес жүргізіледі.

25 25. Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы дәлелді шешімді немесе агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзартудан бас тартуды көрсетілетін қызметті беруші ол қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.

26 26. Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзартуға не аккредиттеу мерзімін ұзартудан бас тартуға арналған құжаттарды қараудың жалпы мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

27 27. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші анықталған сәттен бастап дереу көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер Қағидалардың осы тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы көрсетілетін қызметті берушілерді, оның ішінде Бірыңғай байланыс орталығын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етеді.

28

29 29. Агенттікті аккредиттеу мерзімі, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген барлық талаптарды сақтаған жағдайда, осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін агенттікті алғашқы аккредиттеуден кейін бір жыл ішінде автоматты түрде ұзартылады.

30 30. Агенттікті аккредиттеуді тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар жойылған кезде бір ай ішінде оның қолданылуын көрсетілетін қызметті беруші жаңартады.

Егер агенттік қызметін тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар (мән-жайлар) белгіленген мерзімде жойылмаса, көрсетілетін қызметті беруші агенттік қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды.

31 31. Филиалдың және (немесе) өкілдіктің қызметін мерзімінен бұрын тоқтату, оның қызметін ұзарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші негізделіп қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдайды.

32 32. Филиалдың және (немесе) өкілдіктің қызметі мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1 1) балаларды асырап алу жөніндегі қызметін агенттіктің құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырмаса;

2 2) агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтарды бір ай ішінде жоймаса;

3 3) филиал және (немесе) өкілдік қызметін тоқтату туралы өтініш берсе;

4 4) агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылу мерзімі өтсе және аккредиттеу мерзімін жаңа мерзімге ұзарту мүмкін болмаса.

33 33. Агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін тоқтату мәселелерін көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 34-тармағында көрсетiлген мән-жайлар анықталған (туындаған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

34 34. Филиалды және (немесе) өкілдікті қызметті тоқтата тұру немесе тоқтату туралы дәлелді шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші хабардар етеді.

35 35. Аккредиттеу, агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші шешімді көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы таратады.

36

36. Агенттік басшысының тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда, аккредиттелген агенттіктер көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды және осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, аккредиттеу туралы шешімді қайта ресімдеу туралы өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді.
Әрбір бес жыл сайын агенттік көрсетілетін қызметті берушіге агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органы берген, агенттік осы өкілеттіктерді жүзеге асыратын мерзімін көрсете отырып, өз мемлекетінің аумағында бала асырап алу саласындағы агенттіктің қызметін растайтын жаңартылған құжаттарды ұсынады.

37 37. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті жазбаша өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде агенттікті аккредиттеу туралы шешімді қайта ресімдейді.

Бұл ретте агенттікті аккредиттеу туралы бұрын берілген шешімнің күші жойылды деп танылады және көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады.

4 4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

38

38. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

39 39. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

1-1 Өтініш

Бала асырап алу жөніндегі
агенттіктерді аккредиттеу
қағидаларына
1-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
Балалардың құқықтарын
қорғау комитетінің төрағасы
__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
бала асырап алу жөніндегі
агенттіктің cенім білдірген адамы
__________________________
(байланыс телефондарын көрсете
отырып, агенттіктің қысқартусыз
толық атауы, тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда)
Өтініш
Сізден Қазақстан Республикасының аумағында бала асырап алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін
___________________________________________________________________________________________
(агенттіктің және ол орналасқан мемлекеттің атауы)
бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу немесе бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу
мерзімін ұзарту үшін ұсынған құжаттарын (керегін таңдау) қарастыруды сұраймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
«___» _______ 20__ жыл
__________________________
сенім білдірген адамның қолы

1-2 «Бала асырап алу агенттігін аккредиттеу немесе аккредиттеу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Бала асырап алу жөніндегі
агенттіктерді аккредиттеу
қағидаларына
2-қосымша
«Бала асырап алу агенттігін аккредиттеу немесе аккредиттеу мерзімін ұзарту»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
«Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі
«Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Ба­ла­лар­дың құқық­та­рын қор­ғау ко­ми­те­ті
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­ті қа­был­дау және «Ба­ла асы­рап алу жө­нін­де­гі агент­тікті ак­кре­дит­теу» және «Ба­ла асы­рап алу жө­нін­де­гі агент­тікті ак­кре­дит­теу мер­зі­мін ұзар­ту» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің кі­ші түр­ле­рін көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі;
2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зім­де­рі:
1) ба­ла асы­рап алу жө­нін­де­гі агент­тікті ак­кре­дит­теу: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап, сон­дай-ақ пор­тал ар­қы­лы өті­ніш бер­ген кез­де – күн­тіз­бе­лік отыз күн;
ба­ла асы­рап алу жө­нін­де­гі агент­тікті ак­кре­дит­теу мер­зі­мін ұзар­ту: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап, сон­дай-ақ пор­тал ар­қы­лы өті­ніш бер­ген кез­де – күн­тіз­бе­лік он бес күн;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат­тар­ды тап­сы­руы үшін кү­ту­дің ба­рын­ша рұқ­сат бе­рі­ле­тін уа­қы­ты – 20 ми­нут;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­дің ьа­рын­ша рұқ­сат бе­рі­ле­тін – 30 ми­нут.
4
Қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
«Ба­ла асы­рап алу жө­нін­де­гі агент­тікті ак­кре­дит­теу» және «Ба­ла асы­рап алу жө­нін­де­гі агент­тікті ак­кре­дит­теу мер­зі­мін ұзар­ту» элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және (неме­се) қа­ғаз жү­зін­де
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің нәти­же­сі
Осы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың 9-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген негіз­дер бой­ын­ша ба­ла асы­рап алу жө­нін­де­гі агент­тікті ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ше­шім не ба­ла асы­рап алу жө­нін­де­гі агент­тікті ак­кре­дит­теу мер­зі­мін ұзар­ту не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді ше­шім.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сіне қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта жү­гін­ген кез­де, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі элек­трон­ды ны­сан­да ре­сім­де­ле­ді, ба­сып шы­ға­ры­ла­ды, мөр­мен және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның қо­лы­мен рас­та­ла­ды.
Пор­тал­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» жі­бе­рі­ле­ді және сақ­та­ла­ды.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
2) пор­тал-жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге:
1) «Ба­ла асы­рап алу жө­нін­де­гі агент­тікті ак­кре­дит­теу» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі үшін:
1-1) осы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
1-2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін та­лап еті­ле­ді);
1-3) құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры­ның но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­ле­рі;
1-4) ти­іс­ті са­ла­да қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын, ба­ла асы­рап алу жө­нін­де­гі агент­тік (бұ­дан әрі – агент­тік) ор­на­лас­қан мем­ле­кет­тің құ­зы­рет­ті ор­га­ны бер­ген құ­жат­тың кө­шір­ме­сі;
1-5) агент­тіктің өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат­ты бер­ген неме­се агент­тіктің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ти­іс­ті қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру мүм­кін­ді­гі ту­ра­лы қыз­ме­тіне ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын мем­ле­кет­тің құ­зы­рет­ті ор­га­ны­ның ұсы­ным ха­ты;
1-6) ба­ла асы­рап алу­ға үміт­кер­лер­ге агент­тік ұсы­на­тын, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің тіз­бе­сі;
1-7) «Неке (ер­лі-зай­ып­ты­лық) және от­ба­сы ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Ко­дек­сіне сәй­кес асы­рап алын­ған ба­ла­лар­дың тұр­мыс жағ­дай­ла­ры мен тәр­би­е­сіне ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру және ти­іс­ті есеп­тер бе­ру жө­нін­де­гі мін­дет­те­ме;
1-8) ба­ла асы­рап алушы­лар­дың өзде­рі тұ­ра­тын мем­ле­кет­ке кел­ген соң асы­рап алын­ған ба­ла­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кон­сул­дық ме­ке­ме­сін­де есеп­ке қой­ы­луын ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру жө­нін­де­гі мін­дет­те­ме;
1-9) агент­тіктің көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға бер­ген но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­ха­ты;
1-10) агент­тік ор­на­лас­қан мем­ле­кет­тің ау­ма­ғын­да неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да агент­тіктің қыз­ме­ті тоқ­та­ты­л­ған жағ­дай­да, бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен асы­рап алын­ған ба­ла­лар­дың өмір сү­ру және тәр­би­е­ле­ну жағ­дай­ла­ры ту­ра­лы есеп­тер мен ақ­па­рат­ты бе­ріп оты­ра­тын ор­ган­ды неме­се ұй­ым­ды та­ғай­ын­дау ту­ра­лы агент­тік ор­на­лас­қан мем­ле­кет­тің құ­зы­рет­ті ор­га­ны­ның мін­дет­те­ме­сі;
1-11) агент­тік ор­на­лас­қан мем­ле­кет­тің құ­зы­рет­ті ор­га­ны­ның ба­ла­ның қай­тыс бо­луы, оған қа­тыг­ез­дік көр­се­ту, оның ішін­де ба­ла­ға фи­зи­ка­лық неме­се пси­хи­ка­лық зор­лық-зомбы­лық жа­сау, сон­дай-ақ ба­ла­ның жы­ны­стық ти­іс­пе­у­ші­лі­гіне қа­стық жа­сау фак­ті­сі анық­тал­ған кез­ден ба­стап жиыр­ма төрт са­ғат ішін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ба­ла­лар­дың құқық­та­рын қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­га­ны­на ха­бар бе­ру ту­ра­лы мін­дет­те­ме­сі;
1-12) агент­тік ор­на­лас­қан мем­ле­кет­тің құ­зы­рет­ті ор­га­ны­ның агент­тіктің құ­ры­л­тай құ­жат­та­рын­да­ғы өзге­рі­стер ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ба­ла­лар­дың құқық­та­рын қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­га­нын ха­бар­дар ету ту­ра­лы мін­дет­те­ме­сі;
пор­тал ар­қы­лы:
«Ба­ла асы­рап алу жө­нін­де­гі агент­тікті ак­кре­дит­теу» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі үшін:
1-1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау;
1-2) құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры­ның но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­ле­рі­нің элек­трон­ды кө­шір­ме­сі;
1-3) ба­ла асы­рап алу жө­нін­де­гі агент­тік (бұ­дан әрі – агент­тік) ор­на­лас­қан мем­ле­кет­тің құ­зы­рет­ті ор­га­ны бер­ген оның ти­іс­ті са­ла­да қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­ды кө­шір­ме­сі;
1-4) агент­тіктің өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат­ты бер­ген неме­се агент­тіктің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ти­іс­ті қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру мүм­кін­ді­гі ту­ра­лы қыз­ме­тіне ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын мем­ле­кет­тің құ­зы­рет­ті ор­га­ны­ның ұсы­ным ха­ты­ның элек­трон­ды кө­шір­ме­сі;
1-5) ба­ла асы­рап алу­ға үміт­кер­лер­ге агент­тік ұсы­на­тын, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер тіз­бе­сі­нің элек­трон­ды кө­шір­ме­сі;
1-6) «Неке (ер­лі-зай­ып­ты­лық) және от­ба­сы ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сіне сәй­кес асы­рап алын­ған ба­ла­лар­дың тұр­мыс жағ­дай­ла­ры мен тәр­би­е­сіне ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру және ти­іс­ті есеп­тер бе­ру жө­нін­де­гі мін­дет­те­ме­нің элек­трон­ды кө­шір­ме­сі;
1-7) ба­ла асы­рап алушы­лар­дың өзде­рі тұ­ра­тын мем­ле­кет­ке кел­ген соң асы­рап алын­ған ба­ла­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кон­сул­дық ме­ке­ме­сін­де есеп­ке қой­ы­луын ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру жө­нін­де­гі мін­дет­те­ме­нің элек­трон­ды кө­шір­ме­сі;
1-8) агент­тіктің көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға бер­ген но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­ха­ты­ның элек­трон­ды кө­шір­ме­сі;
1-9) агент­тік ор­на­лас­қан мем­ле­кет­тің ау­ма­ғын­да неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да агент­тіктің қыз­ме­ті тоқ­та­ты­л­ған жағ­дай­да, бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен асы­рап алын­ған ба­ла­лар­дың өмір сү­ру және тәр­би­е­ле­ну жағ­дай­ла­ры ту­ра­лы есеп­тер мен ақ­па­рат­ты бе­ріп оты­ра­тын ор­ган­ды неме­се ұй­ым­ды та­ғай­ын­дау ту­ра­лы агент­тік ор­на­лас­қан мем­ле­кет­тің құ­зы­рет­ті ор­га­ны­ның мін­дет­те­ме­сі­нің элек­трон­дық кө­шер­ме­сі;
1-10) агент­тік ор­на­лас­қан мем­ле­кет­тің құ­зы­рет­ті ор­га­ны­ның ба­ла­ның қай­тыс бо­луы, оған қа­тыг­ез­дік көр­се­ту, оның ішін­де ба­ла­ға фи­зи­ка­лық неме­се пси­хи­ка­лық зор­лық-зомбы­лық жа­сау, сон­дай-ақ ба­ла­ның жы­ны­стық ти­іс­пе­у­ші­лі­гіне қа­стық жа­сау фак­ті­сі анық­тал­ған кез­ден ба­стап жиыр­ма төрт са­ғат ішін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ба­ла­ның құқық­та­рын қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­га­ны­на ха­бар бе­ру ту­ра­лы мін­дет­те­ме­сі­нің элек­трон­дық кө­шер­ме­сі;
1-11) агент­тік ор­на­лас­қан мем­ле­кет­тің құ­зы­рет­ті ор­га­ны­ның агент­тіктің құ­ры­л­тай құ­жат­та­рын­да­ғы өзге­рі­стер ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ба­ла­ның құқық­та­рын қор­ғау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­га­нын ха­бар­дар ету ту­ра­лы мін­дет­те­ме­сі­нің элек­трон­дық кө­шер­ме­сі.
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге:
2) «Ба­ла асы­рап алу жө­нін­де­гі агент­тікті ак­кре­дит­теу мер­зі­мін ұзар­ту» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі үшін:
2-1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өті­ні­ші;
2-2) ба­ла асы­рап алу жө­нін­де­гі агент­тіктің се­нім біл­дір­ген адам­ға бер­ген но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­ха­ты­ның кө­шір­ме­сі.
пор­тал ар­қы­лы:
«Ба­ла асы­рап алу жө­нін­де­гі агент­тікті ак­кре­дит­теу мер­зі­мін ұзар­ту» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі үшін:
2-1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау;
2-2) агент­тіктің се­нім біл­дір­ген адам­ға бер­ген но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­ха­ты­ның кө­шір­ме­сі.
Бар­лық ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы қа­ты­су­шы­сы бо­лып та­бы­ла­тын ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар­да көз­дел­ген тәр­тіп­пен заң­да­сты­ры­ла­ды.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­де бе­рі­л­ген құ­жат­тар ти­іс­ті шет мем­ле­кет­тің мем­ле­кет­тік ті­лін­де ұсы­ны­ла­ды, сон­дай-ақ қа­зақ және орыс тіл­де­ріне ауда­ры­лу­ға жа­та­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
ба­ла асы­рап алу жө­нін­де­гі агент­тікті ак­кре­дит­теу үшін:
1) ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес бол­мауы;
2) өз қыз­ме­ті ту­ра­лы дәй­ек­сіз мә­лі­мет­тер ұсы­ны­луы;
3) агент­тіктің неме­се оның фи­ли­ал­да­ры­ның және (неме­се) өкіл­дік­те­рі­нің қыз­ме­ті ту­ра­лы шет мем­ле­кет­тің құ­зы­рет­ті ор­ган­да­ры­нан, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры­нан ке­ліп түс­кен жа­ғым­сыз ақ­па­рат­тың бо­луы;
4) агент­тік ор­на­лас­қан мем­ле­кет­те­гі қо­лай­сыз әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық, са­я­си, эко­ло­ги­я­лық аху­ал, әс­ке­ри іс-қи­мыл­дар­дың жү­зе­ге асы­ры­луы;
5) агент­тіктің фи­ли­а­лы және (неме­се) өкіл­ді­гі қыз­мет­кер­ле­рі­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын бұ­зуы;
6) агент­тіктің асы­рап алын­ған ба­ла­лар­дың тұр­мыс жағ­дай­ла­ры мен тәр­би­е­сін ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру және бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен ти­іс­ті есеп­тер мен ақ­па­рат бе­ру жө­нін­де­гі өз мін­дет­те­ме­ле­рін бұ­зуы;
7) агент­тіктің асы­рап алын­ған ба­ла­ның бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кон­сул­дық ме­ке­ме­сін­де есеп­ке қой­ы­луын ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру жө­нін­де­гі өз мін­дет­те­ме­ле­рін бұ­зуы;
8) агент­тіктің өз мем­ле­ке­ті ау­ма­ғын­да қыз­ме­ті­нің тоқ­та­ты­луы;
9) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ак­кре­дит­тел­ген агент­тіктер­дің бел­гі­лен­ген са­ны­нан асуы;
10) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
11) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­ап, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы;
12) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
13) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша;
14) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
«Ба­ла асы­рап алу жө­нін­де­гі агент­тікті ак­кре­дит­теу мер­зі­мін ұзар­ту» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі үшін:
1) «Неке (ер­лі-зай­ып­ты­лық) және от­ба­сы ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі нор­ма­ла­ры­ның сақ­тал­мауы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы;
5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
6) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­ап, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы;
7) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
10
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ЭЦҚ болған жағ­дай­да элек­трон­дық ны­сан­да пор­тал ар­қы­лы неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры ұсын­ған або­нент­тік нө­мі­рін пор­тал­дың есеп­тік жа­з­ба­сы­на тір­ке­ген және қо­с­қан кез­де бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ру ар­қы­лы ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен жағ­дайы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ, Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның «1414», 8 800 080 7777 те­ле­фо­ны ар­қы­лы ала­ды

2 Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 513 бұйрығына
2-қосымша
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 111-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) аккредиттеу – Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың өз қызметін жүзеге асыру құқығын ресми тануы.

2

2) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым (бұдан әрі – ұйым) – Кодексте белгіленген құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға тәрбиелеуге орналастыруға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген және қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматтарына жәрдемдесуді өтеусіз негізде жүзеге асыратын және осындай қызметті жүзеге асыру үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен аккредиттелген коммерциялық емес ұйым.

3

3. Аккредиттеу туралы өтініш берілген сәтте кемінде бес жыл жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары құрылтайшылары болып табылатын коммерциялық емес ұйымдар аккредиттеуге жатады.

2 2-тарау. Ұйымдарды аккредиттеу тәртiбi

4 4. Ұйымды аккредиттеу, оның ішінде аккредиттеуден бас тарту туралы мәселені Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) қарайды.

5 5. Жұмысты жүзеге асыру үшін ұйым Комитетке мынадай құжаттарды тапсырады:

1 1) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

2 2) жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында ұйымдар бірлесіп немесе олардың тапсырысы бойынша іс-шараларды іске асырған мемлекеттік органдардан кемінде үш ұсыныс хат;

3 3) ұйымның Қазақстан Республикасының азаматтарына өтеусіз негізде ұсынатын кешенді қызметтерінің тізбесі;

4

4) баланың қайтыс болу, оған қатыгездік көрсету, оның ішінде балаға физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық жасау, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қастық жасау фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына хабар беру туралы міндеттемесін;

5 5) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы дербес деректерді жария етпеу туралы міндеттеме;

6 6) ұйымның құрылтай құжаттарындағы өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органын хабардар ету туралы міндеттеме;

7 7) жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдарды даярлау бағдарламалары;

8 8) салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама.

6 6. Аккредиттеу туралы өтінішін Комитет осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

7 7. Ұйымды аккредиттеу туралы шешімді немесе аккредиттеуден бас тартуды Комитет бас тартқан жағдайда негіздей отырып, аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде береді.

8 8. Ұйым аккредиттеу туралы шешім жоғалған кезде тиісті өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Комитеттен оның телнұсқасын алады.

Бұл ретте ұйымды аккредиттеу туралы шешім түпнұсқасының күші жойылды деп танылады.

9 9. Ұйым ұзарту құқығымен бір жыл мерзімге аккредиттеледі. Ұйымды аккредиттеу туралы шешім иеліктен шығарылмайды және басқа адамдарға беруге жатпайды.

10 10. Кодекстің 112-1-бабына сәйкес ұйымды аккредиттеуден, оның қызмет мерзімін ұзартудан және (немесе) оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтатудан бас тарту негіздері:

1 1) ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

2 2) ұйымның өз қызметі туралы дәйексіз мәліметтер беруі;

3 3) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы;

4 4) аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтарды бір айдың ішінде жоймау;

5 5) ұйым қызметінің тоқтатылуы.

11 11. Аккредиттеуден бас тарту туралы шешім алған ұйым алты ай өткеннен кейін Комитетке қайта жүгінеді.

12 12. Ұйымды аккредиттеу мерзімін ұзарту үшін аккредиттеу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Комитетке мерзімді ұзарту туралы өтініш береді.

Ұйымды аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы өтінішті Комитет өтінішті қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Ұйымды аккредиттеу мерзімін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы дәлелді шешімді Комитет қабылдап, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұйымға жібереді.

13 13. Егер ұйым алғашқы аккредиттеуден кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген барлық талаптарды сақтаған болса, осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзім өткен соң ұймды аккредиттеу мерзімі өздігінен ұзартылады.

14 14. Комитет аккредиттеудің қолданылуын тоқтата тұру мәселесін қарайды.

15 15. Ұйымды аккредиттеуді тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар бір ай ішінде жойылған кезде Комитет оның қолданысын жаңартады.

Егер ұйым қызметін тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар (мән-жайлар) белгіленген мерзімде жойылмаса, Комитет ұйымның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды.

16 16. Ұйымның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату, оның қызметін ұзарту туралы шешімді Комитет негізделіп қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдайды.

17 17. Ұйымның қызметі мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1 1) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес отбасыларға тәрбиелеуге орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі қызметті жүзеге асырмау;

2 2) ұйымды аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтарды бір ай ішінде жоймаса;

3 3) ұйым қызметін тоқтату туралы өтініш берсе;

4 4) ұйымды аккредиттеу туралы шешімнің қолданылу мерзімі өтсе және аккредиттеу мерзімін жаңа мерзімге ұзарту мүмкін болмаса.

18 18. Ұйымның қызметін тоқтату мәселелерін Комитет осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетiлген мән-жайлар анықталған (туындаған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

19 19. Қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы дәлелді шешім қабылданғаннан кейін Комитет ұйымды бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

20 20. Ұйымның қызметін аккредиттеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімді Комитеттің ресми интернет-ресурсына орналастыру арқылы Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы таратады.

21

21. Ұйымның басшысының тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда аккредиттелген агенттiктер аккредиттеу туралы шешімді қайта ресімдеу туралы Комитетке көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды және осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып өтініш береді.

22 22. Комитет тиісті жазбаша өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұйымды аккредиттеу туралы шешімді қайта ресімдейді.

Бұл ретте, ұйымды аккредиттеу туралы бұрын берілген шешімнің күші жойылды деп танылады және Комитетке қайтарылады.

2-1 Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына

қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігі Балалардың
құқықтарын қорғау
комитетінің төрағасы
__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
коммерциялық емес
ұйымның сенім білдірген
адамы
_________________________
(байланыс телефондарын
көрсете отырып, қысқартусыз
ұйымның толық атауы,
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
Сізден жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасына тәрбиелеуге
орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін
________________________________________________________________
(ұйымның атауын көрсету)
жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды
Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға
жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу үшін ұсынған құжаттарын
қарастыруды сұраймын.
«___» _______ 20__ жыл _____________________________
сенім білдірген адамның қолы

Қолданыстағы