О корректировке базовых ставок земельного налога и единого земельного налога по Тимирязевскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых ставок земельного налога и единого земельного налога по Тимирязевскому району
- Атауы (қаз.)
- Тимирязев ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 34/1
- Қабылданған күні
- 12.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2018 87563_304362.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SL003160
- ЭКБ идентификаторы
- 87563
- Редакция идентификаторы
- 87563_304362
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:42
0 Тимирязев ауданы бойынша
жер салығының және бірыңғай
жер салығының базалық
мөлшерлемелерін түзету туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабы 5-тармағына, 387-бабы 1-тармағына, 444-бабы 1-тармағына, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383 - баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын, соған сәйкес:
1 1) жеке тұлғаларға ұсынылған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
2 2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) базалық салық мөлшерлемелері;
3 3) елді мекендердің сыртында орналасқан, өнеркәсіп жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері.
2 2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378, 444-баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, соған сәйкес:
1 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
2 2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.
3
3. «Тимирязев ауданы бойынша жер салығының негізгі ставкаларын түзету туралы» аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы № 22/4 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 28 сәуірде № 13-12-105 болып тіркелген, 2010 жылы 08 мамырда «Көтерілген тың» аудандық газетінде жарияланған, 2010 жылғы 08 мамырда «Нива» аудандық газетінде жарияланған).
4 4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер Департаментінің
Тимирязев ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы»
Республикалық мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
______________________ Д. Қансейітов
2015 жылғы 12 ақпан