Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью частных судебных исполнителей

Бұйрық · № 122 · қабылданған 27.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87576/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью частных судебных исполнителей Күшін жойған Бұйрық ·№ 122 ·27.02.2015
01.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью частных судебных исполнителей

Күшін жойған Бұйрық ·№ 122 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью частных судебных исполнителей
Атауы (қаз.)
Жеке сот орындаушыларының қызметiн бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
122
Қабылданған күні
27.02.2015
Көрсетілген редакция
01.02.2018 87576_294756.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15D0010477
ЭКБ идентификаторы
87576
Редакция идентификаторы
87576_294756
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:23

0 Жеке сот орындаушыларының

қызметiн бақылауды жүзеге
асыру қағидасын бекiту туралы
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған Жеке сот орындаушыларының қызметiн бақылауды жүзеге асыру қағидасы бекiтiлсiн.

2

2. «Жеке сот орындаушыларының қызметiн бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2014 жылғы 17 наурыздағы № 110 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 9253 тiркелген, 2014 жылғы 11 сәуiрде «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот актiлерiн орындау департаментi:

1 1) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде және мерзiмдi басылымдарда ресми жариялануын;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсiн.

5 5. Осы бұйрық алғаш жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен сон қолданысқа енгiзiледi.

0 Қазақстан Республикасы

Әдiлет министрiнiң
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 122 бұйрығымен
бекiтiлген
Жеке сот орындаушыларының қызметiн бақылауды жүзеге асыру қағидалары

1

1. Жеке сот орындаушыларының қызметiн бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 167-бабы 11) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және жеке сот орындаушыларының атқарушылық әрекеттерiнiң заңдылығын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн анықтайды.

2

2. Жеке сот орындаушыларының атқарушылық әрекеттерiнiң заңдылығын және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9268 болып тiркелген) Iс қағаздарды жүргiзу қағидаларының (бұдан әрi - Қағидалар) сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган (бұдан әрi - Министрлiк), оның аумақтық органдары.
Жеке сот орындаушыларының республикалық және өңiрлiк палаталары жүзеге асырады.

3 3. Бақылаудың мақсаттары мен мiндеттерi

сот актiлерiн жеке орындау саласындағы атқарушылық әрекеттердiң заңдылығын қамтамасыз ету;
атқарушылық iс жүргiзу тараптарының мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарының және заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз ету:
жеке сот орындаушыларының құқық қолдану тәжiрибесiнде бiрiздiлiктi қамтамасыз ету;
атқарушылық iс жүргiзу саласында жеке сот орындаушыларының бұзушылықтарының алдын алу және ескерту болып табылады.

4 4. Бақылауды жүзеге асыру қағидаттары:

обьективтiлiк;
алаламаушылық әсiби этиканы сақтау;
атқарушылық iс жүргiзу тараптарының, сондай-ақ жеке сот орындаушысының құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету болып табылады.

5 5. Жеке сот орындаушыларының кәсiптiк қызметiн тексеру:

жеке сот орындаушысының атқарушылық әрекеттердi жасау кезiнде атқарушылық iс жүргiзу мәселелерiн реттейтiн қолданыстағы заңнаманы сақтау ахуалын зерделеудi және тексерудi;
жеке сот орындаушысының iс жүргiзуге қойылатын талаптарды сақтауын тексерудi;
жеке сот орындаушысы мұрағатының жай-күнiн зерделеудi;
статистикалық есептiлiктi жасаудың дұрыстығы мен растығын;
жеке сот орындаушысының Жеке сот орындаушысының кәсiптiк ар-намыс кодексiн (бұдан әрi - Кодекс) сақтауын және оның Жеке сот орындаушыларының республикалық палата жарғысының (бұдан әрi - Жарғы) талаптарын орындауын болжайды.

6 6. Тексеру түрлерiне:

1 1) алғашқы тексеру - жеке сот орындаушысы кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруды бастаған кезiнен бастап алты айдан кейiн және бiр жылға дейiн жүргiзiлетiн жеке сот орындаушысының жұмысын тексеру;

2 2) жоспарлы тексеру - жеке сот орындыушысынын жылына бiр рет жүргiзiлетiн жұмысын тексеру;

3 3) жоспардан тыс тексеру - жеке сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым түскен кезде немесе оның өз мiндеттерiн адал орындамайтындығын куәландыратын басқа ақпарат болған кезде жүргiзiлетiн жеке сот орындаушысының қызметiн тексеру.

тексерулер кестесiне (бұдан әрi - кесте) сәйкес 6-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген жүзеге асырылады, ол тексерулердi жүргiзу мерзiмiн, жеке сот орындаушысының атқарушылық округын, жеке сот орындаушыларының тiзiмiн (аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi) айқындайтын бөлiмдерден тұрады.

7

7. Алғашқы және жоспарлы тексерулердiң кестесi бiр күнтiзбелiк жылға жасалады және тиiстi ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан кешiктiрмей Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Әдiлет департаменттерi басшысының бұйрығымен бекiтiледi және тиiстi ағымдағы жылдың 10 күнiнен кешiктiрмей Министрлiкке жинақтау үшiн жолданады.

8 8. Алғашқы және жоспарлы тексерулердiң жиынтық кестесi мәлiмет үшiн Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына жолданады.

Жиынтық кестесi Министрлiктiң кешендi тексерулерiн жүргiзуге негiз болып табылады.
Қызметтiк қажеттiлiк жағдайында тексерулер кестесiне түзетулер енгiзiледi.

9 9. Жоспарлы тексерулер кестесiн жасаған кезде мынадай факторлар мен жағдайлар есепке алынуы тиiс:

жеке сот орындаушысы лауазымындағы жұмыс өтiлi;
соңғы тексерудiң жүргiзiлу мерзiмi;
жеке сот орындаушысының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдар саны:
оның өз мiндеттерiн адал орындамағанын куәландыратын басқа ақпараттың болуы.

10

10. Тексерулердi (алғашқы және жоспарлы) жүргiзудi жүзеге асыру үшiн Әдiлет департаменттерiнiң басшысының (Министрлiктiң уәкiлеттi органының) бұйрығымен (Министрлiктiң) Әдiлет департаменттерiнiң қызметкерлерiнен, Жеке сот орындаушыларының (республикалық) өңiрлiк палатасының құрамынан комиссия құрылады.
Тексерулердi жүргiзу комиссиясы кемiнде үш адамнан тұрады.
Қажет болған жағдайда тексеруге басқа мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi тартылады.
Бұйрықта комиссияның дербес құрамынан басқа тексеруге жататын жеке сот орындаушысының аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi, тексеру негiздерi, тексерудi жүзеге асыру үшiн белгiленетiн мерзiмдер, тексерумен қамтылатын жеке сот орындаушысының жұмыс кезеңi көрсетiледi.
Тексеру жүргiзу туралы бұйрықпен комиссия төрағасы бекiтiледi, оған комиссия мүшелерiнiң тексерiсiн тиiсiнше ұйымдастыру және қызметiн үйлестiру жүктеледi.
Қажет болған жағдайда комиссияның құрамына басқа атқарушы органдарынан жеке сот орындаушылары енгiзiледi, олар келiскен және iссапар шығындарын төлеген жағдайда жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасының есебiнен жүргiзiледi.

11 11. Тексерiлетiн жеке сот орындаушысы тексеру жүргiзу туралы бұйрықпен тексеру (алғашқы жоспарлы) басталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей қол қойып танысады.

Жеке сот орындаушысы тексеру туралы бұйрықпен танысудан бас тартқан жағдайда, комиссия еркiн нысанда жазылған бас тарту туралы акт жасайды. Жеке сот орындаушысының бұйрықпен танысудан бас тартуы тексерудi жүргiзбеуге негiз бола алмайды.

12 12. Жеке сот орындаушысының қызметін алғашқы және жоспарлы тексеру:

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 100 бұйрығымен бекітілген жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптардың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9259 болып тіркелген) сақталуын;
азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының, сондай-ақ қызметтік куәліктің, жеке мөрдің, жеке бланктердің болуын;
Қағидалардың сақталуын;
жеке сот орындаушысының жалдану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер үшін еңбек жағдайларын жасауын (еңбек шартының болуы, жұмыс орындарын беру, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету);
азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруын;
жеке сот орындаушысының қызметін ақпараттық-нормативтік қамтамасыз ету жағдайын;
міндетті жарналардың уақтылы төленуін;
жеке сот орындаушыларының заңнаманы, Кодекс пен Жарғы талаптарын сақтауын;
статистикалық есептілікті жасаудың дұрыстығы мен дәйектілігін зерделеуді және тексеруді болжайды.

13 13. Жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдардың немесе Министрлікке (Әділет департаменттеріне), Жеке сот орындаушыларының республикалық (өңірлік) палатасына келіп түсетін басқа ақпараттың болуы жоспардан тыс тексерулерді жүргізуге негіз болып табылады.

Министрлікке (Әділет департаменттеріне) жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар келіп түскен немесе басқа ақпарат болған жағдайда Министрліктің уәкілетті тұлғасы (Әділет департаментінің басшысы) Жеке сот орындаушыларының республикалық (өңірлік) палатасымен бірлесіп тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарады.
Жеке сот орындаушыларының республикалық (өңірлік) палатасына жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар келіп түскен немесе басқа ақпарат болған жағдайда Жеке сот орындаушыларының республикалық (өңірлік) палатасы тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарады.

14

14. Жоспардан тыс тексеруді жүзеге асыру үшін Министрліктің уәкілетті тұлғасының (Әділет департаментінің басшысының) бұйрығымен Министрліктің (Әділет департаментінің) қызметкерлерінен, Жеке сот орындаушыларының республикалық (өңірлік) палатасының өкілінен комиссия құрылады не Жеке сот орындаушыларының республикалық (өңірлік) палатасының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен аппарат қызметкерлерінен және жеке сот орындаушыларынан комиссия құрылады. Тексерулерді жүргізу комиссиясы кемінде үш адамнан тұрады.
Бұйрықта комиссияның дербес құрамынан басқа тексеруге жататын жеке сот орындаушысының аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, тексеру негіздері, тексеруді жүзеге асыру үшін белгіленетін мерзімдер көрсетіледі.
Бұйрықпен комиссия мүшелерінің тексеруін тиісінше ұйымдастыру және қызметін үйлестіру жүктелетін комиссияның төрағасы бекітіледі.
Жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде жеке сот орындаушысы бұйрық шыққан кейін келесі күні бұйрықпен қол қойып танысады.
Жеке сот орындаушысы жоспардан тыс тексеруді жүргізу туралы бұйрықпен танысудан бас тартқан жағдайда коммиссия бас тарту туралы хаттама жасайды. Жеке сот орындаушысының бұйрықпен танысудан бас тартуы тексеруді жүргізбеуге негіз бола алмайды.
Жеке сот орындаушысы танысу үшін келмеген жағдайда, жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы бұйрық оны есептік тіркеу орны бойынша тапсырыс хатпен ескертумен жіберіледі.

16 16. Мүдделі мемлекеттік органдардан келіп түскен жеке сот орындаушыларының жіберген бұзушылықтарының даусыз дәлелдемелері бар материалдар бойынша жоспардан тыс тексеруді жүргізу талап етілмейді және уәкілетті органға шешім қабылдау үшін қайта жолдауға жатады.

Жеке сот орындаушыларының лицензияларын тоқтата тұру немесе тоқтату үшін негіздер жеткіліксіз болған жағдайда ұсыныс Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының және өңірлік палаталарының тәртіптік комиссияларына жіберіледі.

17 17. Комиссия мүшелерi:

тексерiлетiн жеке сот орындаушысынан атқарушылық әрекеттер туралы, оның iшiнде тексеру жүргiзу үшiн қажеттi статистикалық мәлiметтердi алады;
жеке сот орындаушысынан жасаған атқарушылық әрекеттерiне қатысты жеке түсiнiктемелер алады;
алдыңғы тексерулердiң қорытындылары туралы анықтамалар сұратады;
тексерiлетiн жеке сот орындаушысының орындауындағы атқарушылық iс жүргiзулер материалдарын сұратады;
құжаттардың қажеттi көшiрмелерiн, сондай-ақ атқарушылық iс жүргiзу материалдарының көшiрмелерiн алады;
басқа мемлекеттiк органдардан жеке сот орындаушысының заңды қызметiне тексеру жүргiзу үшiн қажеттi мәлiметтердi сұратады.

18 18. Комиссия мүшелерi:

объективтi болып және алаламауы;
атқарушылық iс жүргiзу мәселелерiн реттейтiн қолданыстағы заңнаманың ережелерi мен талаптарын, Кодексiн және Жарғысын бiлуi;
атқарушылық әрекеттер жасау кезiнде жеке сот орындаушыларының тәуелсiздiгiне қол сұқпауы;
тексерудi жүзеге асыру барысында атқарушылық iс жүргiзу материалдары бойынша атқарушылық әрекеттер жүргiзуге кедергi келтiрмеуi;
тексеру кезiнде оларға белгiлi болған мәлiметтердi жария етпеуi;
кәсiби этиканы сақтауы тиiс.

19 19. Жеке сот орындаушысы оның қызметiн тексерудi жүргiзу барысында комиссияға:

оның қызметiнiң жұмысын жүзеге асыруға қатысты iстер номенклатурасына сәйкес нарядтарды және басқа құжаттаманы;
тексеру үшiн талап етiлетiн атқарушылық iс жүргiзудiң барлық материалдарын;
жүргiзiлген атқарушылық әрекеттерiне жазбаша және ауызша түсiнiктемелер, атқарушылық iс жүргiзу материалдарының көшiрмелерiн бередi, сондай-ақ атқарушылық әрекетiн жасау кезiнде анықталған қателер мен бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдайды.
Жеке сот орындаушысы тексеру кезiнде дәлелдi себептермен болмаған жағдайда (еңбек демалысында болу, уақытша еңбекке жарамсыз парағы бойынша және басқа да негiздермен) тексеру жүргiзу мерзiмi (алғашқы, жоспарлы, жоспардан тыс) жеке сот орындаушысы шыққанға дейiн тоқтатыла тұрады.
Жеке сот орындаушысының дәлелдi себептермен болмауын растайтын құжаттарды жеке сот орындаушысы комиссияға жолдайды.

20 20. Екi данада жасалатын тексерудi (алғашқы, жоспарлы, жоспардан тыс) жүргiзу нәтижесi барлық комиссия мүшелерi қол қойған анықтамада көрiнiс табады.

Жүргiзiлген (алғашқы, жоспарлы, жоспардан тыс) тексеру қорытындысы туралы анықтамада жағдайдың егжей-тегжейлi талдануы, комиссияның бағалауы мен қорытындысы, сондай-ақ iске асыру мерзiмi көрсетiлген нақты ұсынымдар қамтылады. Анықтамада комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрлерi көрiнiс табуы тиiс.
Жүргiзiлген (алғашқы, жоспарлы, жоспардан тыс) тексеру қорытындысы туралы анықтама есептiк тiркеу орны бойынша хабарламалы тапсырыс хатпен жеке сот орындаушысына жолданады.

21

21. Жеке сот орындаушысы жіберген Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасынан шығуына әкеп соғатын бұзушылықтар анықталған жағдайда Министрлік (Әділет департаменті) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының және өңірлік палаталарының тәртіптік комиссияларына қарау үшін ұсыныс жолдайды.

22

22. Заңның 143-бабы 2-тармағының, 144-бабының 1-тармағының талаптарына сәйкес жеке сот орындаушысының лицензиясының қолданысын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға әкеп соғатын бұзушылықтар анықталған кезде Әділет департаменттерінің, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының және өңірлік палаталарының тәртіптік комиссияларының ұсыныстары Министрлікке шешім қабылдау үшін жіберіледі.

23

Қолданыстағы