Об утверждении условий бюджетного кредитования Күшін жойған
Басқа 0
«Бюджеттік несие
берудің шарттарын
бекіту туралы»
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.05.19 N 61ө өкімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.09.2000 жылғы N1440 Қаулысы бекіткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің несие беру Ережелеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің “ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.09.2000 жылғы N1440 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2001 жылғы 22 қыркүйектегі N478 Қаулысына, Облыстық (қалалық, аудандық) Мәслихат сессиясының сәйкес, жылдардағы облыс (қала, аудан) бюджеттері туралы шешімдеріне сәйкес, сонымен қатар аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру, экономика және шағын кәсіпкерлік салаларын қаржылай қолдау мақсатында бекітілсін:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысының жергілікті бюджеттік Бағдарламаларына бюджеттік несие беру шарттары (1 қосымша);
Тармақ 2
2. Жергілікті бюджеттік Бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында несие беретін екінші деңгейдегі банктер арасында конкурс өткізу туралы Ереже (2 қосымша);
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Б. Өтешевке жүктелсін.
Басқа 1. Қарағанды облысының жергілікті бюджеттік бағдарламаларын
бюджеттік несиелендіру шарттары
Облыс әкімінің
2001 жылғы 23.04
N 68 шешіміне
N1 қосымша
Қарағанды облысының жергілікті бюджеттік бағдарламаларын
бюджеттік несиелендіру шарттары
Баптар атауы
Бюджеттік бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама)
Экономика салаларын қолдау және дамытуға несие беру
Шағын кәсіпкерлікті қолдауға Мемлекеттік бағдарламасы
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беру
Бағдарлама
Қазақстан Республикасы
ның тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Индикативтік жоспары шеңберінде экономиканың әр саласын жеке-жеке дамыту бағдарламалары
Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасы
ның тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Индикативтік жоспары шеңберінде облыстың ауыл шаруашылы ғын дамыту бағдарламасы
Бағдарлама мақсаты
Өнеркәсіп салаларындағы инвестициялық жобалар
дың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету
Шағын кәсіпкерлік саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету
Экономиканың агроөнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету
Несиелендіру көздеру
Облыстық бюджет
Жергілікті бюджеттер
Жергілікті бюджеттер
Бағдарлама әкімшісі
Экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы
Экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері
Ауыл шаруашылығы департаменті, ауылдық а-ш департаменттері, қалалар мен аудандар әкімдері
Инвестиция-лық жобалар ды іріктеу және бекіту
Басымдылығы бойынша облыстық бағдарламалар Әкімшісі белгілеген жобалар
Басымдылығы бойынша Бағдарламалар Әкімшісі белгілеген жобалар, қалалар мен аудандарда облыстық бағдарламалар әкімшісімен келісім бойынша
Басымдылығы бойынша Бағдарламалар Әкімшісі белгілеген жобалар, қалалар мен аудандарда облыстық бағдарламалар әкімшісімен келісім бойынша
Заем алушы
Аталған Ережелерге сәйкес несие берушілер белгіленген екінші деңгейдегі банктер
Аталған Ережелерге сәйкес несие берушілер белгіленген екінші деңгейдегі банктер
Аталған Ережелерге сәйкес несие берушілер белгіленген екінші деңгейдегі банктер
Сонғы заем алушы
Негізінен экономика саласының сйкес түрімен ғана шұғылданатын Заңды тұлғалар
Заңды және жеке тұлғалар-шағын кәсіпкерлік субъектілер
Негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен ғана шұғылданатын Заңды және жеке тұлғалар
Бюджеттік несиелеу нысандары
Заем алушы – мерзімді несие немесе несиелік желі
Сонғы заем алушы – мерзімді несие немесе несиелік желі
Заем алушы – мерзімді несие немесе несиелік желі
Сонғы заем алушы – мерзімді несие немесе несиелік желі
Заем алушы – мерзімді несие немесе несиелік желі
Сонғы заем алушы – мерзімді несие немесе несиелік желі
Берілетін бюджеттік несие валютасы
Қысқа мерзімді кезеңге – теңге;
Орта және ұзақ мерзімді кезеңге теңге;
АҚШ долларының баламасымен тіркелген теңге;
Қысқа мерзімді кезеңге – теңге;
Орта және ұзақ мерзімді кезеңге теңге;
АҚШ долларының баламасымен тіркелген теңге;
Теңгеиен
Облыстық бюджеттің бюджеттік бағдарламасы бойынша бір несие алушы
ға берілетін бюджеттік несиенің сомасы мен мерзімі
Қысқа мерзімді кезеңге – 100 млн. теңгеге дейін;
Орта мерзімді кезеңге – 200 млн. теңгеге теңге;
Ұзақ мерзімді кезеңге – 300 млн. теңгеге теңге
Қысқа мерзімді кезеңге – 30 млн. теңгеге дейін;
Орта мерзімді кезеңге – 50 млн. теңгеге теңге;
Ұзақ мерзімді кезеңге – 100 млн. теңгеге теңге
Қысқа мерзімді кезеңге – 50 млн. теңгеге дейін;
Орта мерзімді кезеңге – 100 млн. теңгеге теңге;
Ұзақ мерзімді кезеңге – 200 млн. теңгеге теңге
Қалалар мен аудандар бюджеінің бюджеттік бағдарламасы бойынша бір несие алушы-ға берілетін бюджеттік несиенің сомасы мен мерзімі
Қысқа мерзімді кезеңге – 1 млн. теңгеге дейін;
Орта мерзімді кезеңге – 2 млн. теңгеге теңге;
Қысқа мерзімді кезеңге – 1 млн. теңгеге дейін;
Орта мерзімді кезеңге – 2 млн. теңгеге теңге;
Несие берушіге несие алушының бюджеттік несиені беруі мен қайтару мерзімдері
Несие алушыға несие беру және оның өтелуіақырғы несие алушылардың өз міндеттерін орындауна қарамай несиу алушылар мен ақырғы несие алушылар келісімімен қарастырылғанкөлем мен мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады
Несие алушыға несие беру және оның өтелуіақырғы несие алушылардың өз міндеттерін орындауна қарамай несиу алушылар мен ақырғы несие алушылар келісімімен қарастырылғанкөлем мен мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады
Несие алушыға несие беру және оның өтелуіақырғы несие алушылардың өз міндеттерін орындауна қарамай несиу алушылар мен ақырғы несие алушылар келісімімен қарастырылғанкөлем мен мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады
Бюджеттік несиені қайтарудың қамтамасыз етілуі
Қолданыстағы заңдарға сәйкес қамтамасыз етілетін барлық мүліктік және мүліктік емес кепілдіктер
Қолданыстағы заңдарға сәйкес қамтамасыз етілетін барлық мүліктік және мүліктік емес кепілдіктер
Қолданыстағы заңдарға сәйкес қамтамасыз етілетін барлық мүліктік және мүліктік емес кепілдіктер
Бюджеттік несиені пайдаланғаны үшін берілетін сыйақы
Заем алушы – ақырғы несие алушының сыйақы ставкасының 30%-нан кем емес.
Сонғы заем алушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасынан жоғары емес.
Заем алушы – ақырғы несие алушының сыйақы ставкасының 30%-нан кем емес.
Сонғы заем алушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасынан жоғары емес.
Заем алушы – пайыз алынбайтын қарыз.
Сонғы заем алушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 60%-нан жоғары емес.
Заем алушының кірісі
Ақырғы несие алушының сыйақы ставкасының 70%-нан жоғары емес.
Ақырғы несие алушының сыйақы ставкасының 70%-нан жоғары емес.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставка-сының 60%-нан жоғары емес.
Бюджеттік несиені өтеуді қамтамасыз етуді ұсыну
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен жасалынған несие беру келісімдеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен жасалынған несие беру келісімдеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен жасалынған несие беру келісімдеріне сәйкес.
Басқа 2. Жергілікті бюджеттік Бағдарламаларды жүзеге асыру
мақсатында несие алу үшін екінші деңгейдегі банктер
арасында конкурс өткізу туралы
Е Р Е Ж Е
Облыс әкімінің
23.04.2001 ж.
N 68 шешіміне
N2 қосымша
Жергілікті бюджеттік Бағдарламаларды жүзеге асыру
мақсатында несие алу үшін екінші деңгейдегі банктер
арасында конкурс өткізу туралы
Е Р Е Ж Е
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.09.2000 жылғы №1440 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.04.2000 жылғы №478 Қаулысы және Қарағанды облысының жергілікті бюджеттік Бағдарламаларына бюджеттік несие беру шарттары бекіткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жергілікті атқару органдары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кредит беру Ережелеріне сәйкес төмендегідей бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджеттік несие алу және оны сонғы несие алушыға беруге екінші деңгейдегі банктерді тарту мақсатында әзірленген.
-экономиканың негізгі салаларын дамыту және қолдауға несие беру;
-орта және шағын кәсіпкерлікті қолдауға несие беру;
-ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беру.
Тармақ 2
2. Ереже конкурс өткізудің шарттары мен тәртібін, конкурсқа қатысушылардың ұсыныстырын қарауды, өткізілген конкурстың қорытындылары жөнінде хаттама рәсімдеуді және шешім қабылдауды белгілейді.
Тармақ 3
3. Ережеде мынадай түсініктер мен терминдер пайдаланылады:
“Конкурс” – аталған жергілікті бюджеттік Бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында ақырғы несие алушыларға несие беру және бюджеттік несие алу үшін екінші деңгейдегі банктер арасында өткізілетін конкурс, осы Ереже мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің және ҚР жергілікті органдарының кредит беру Ережелеріне сәйкес несие беруші ретінде анықталған екінші деңгейдегі банктер мен арнайы шақыру қағазын алған екінші деңгейдегі банктер қатысады.
“Бағдарламалар әкімшісі” –“ Экономиканың негізгі салаларын дамыту және қолдауға несие беру”,” Орта және шағын кәсіпкерлікті қолдауға несие беру” бағдарламалары бойынша-экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы; “Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беру” бағдарламасы бойынша- Ауыл шаруашылығы Департаменті.
“Конкурстық комиссия”- конкурс өткізуді ұйымдастыруға конкурс әкімшісі құрған комиссия.
“Қатысушы”- заңды тұлға – белгіленген тәртіппен конкурсқа қатысуға тіркелген екінші деңгейдегі банк.
“Конкурстық жеңімпазы”- конкурстық комиссияның шешімі бойынша жеңіске жеткен қатысушы.
“Ақырғы несие алушы”- несие беруші банктен бюджеттік несие алған заңды немесе жеке тұлға.
Тарау 2. 2. Конкурс өткізуді ұйымдастыру.
2. Конкурс өткізуді ұйымдастыру.
Тармақ 1
1. Бағдарламалар әкімшісі конкурс өткізуді ұйымдастыратын конкурстық комиссияны (бұдан былай -“комиссия”) облыс әкімияты, облыстық басқармалар және Ұлттық банктің Қарағанды филиалының өкілдерінен құрады. Комиссия құрамы облыс әкімінің өкімімен бекітіледі.
Тармақ 2
2. Комиссия конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды; мүмкіндігі мол конкурсқа қатысушыларға ұсыныстар жіберу жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің дұрыс тұжырымына ие болған қатысушы-банктер тізіліміне сәйкес тапсырыс шарттары мен талаптарын қалыптастырады; конкурсқа қатысушылардың нақты құрамын анықтайды; конкурс жеңімпазын (жеңімпаздардын) хабарлайды; өткізілген конкурстың қорытындылары жөнінде хаттама рәсімдейді.
Тармақ 3
3. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыларды конкурс өткізу шарттарымен таныстыруды, тіркеуден өткізуді, тапсырыстарын қабылдауды, қатысушылардан түскен материалдарды қарауды және өткізуді жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Әкімші конкурс өткізуден 5 күн бұрын конкурсқа қатысушыларды хабардар етеді.
Хабарламада мыналар көрсетілуі тиіс:
-конкурс өткізілетін күн, уақыты және өтетін жері;
-конкурсқа қатысудың міндетті шарттары;
-тапсырыс қабылданатын жер мен ақырғы мерзімі, кабинеттер мен телефондар нөмірлері көрсетілген мекен-жай.
Тармақ 5
5. Конкурсқа қатысушы үміткелердің құжаттарында мынадай мәліметтер болуы керек:
-конкурсқа қатысуға тапсырыс (банктер және банк филиалдары үшін);
-банк Жарғысының немесе Ережесінің нотариус растаған көшірмесі (банктер үшін);
-банк филиалы Ережесінің нотариус растаған көшірмесі (банк филииалдары үшін);
-заңды деректемелер (әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігі туралы куәліктің көшірмесі) (банктер және банк филиалдары үшін);
-аталған іс-қимылмен айналысуға құқығы жөніндегі лицензиясының көшірмесі (банктер және банк филиалдары үшін);
-көрсететін қызметінің көлемі, шарттары және бағасы туралы ұсыныстар (банктер және банк филиалдары үшін);
-филиалдар үшін бас банктің сенімхаты;
-бюджеттік несиені дер кезінде қайтару жөніндегі банктің ұсыныстары (банктер және банк филиалдары үшін);
-банк өткізетін ішкі несие беру саясаты туралы ереже (банктер және банк филиалдары үшін);
-банктің өз капиталының мөлшері (банктер және банк филиалдары үшін);
-банктің несиелік қоржынының өтімділік деңгейі (банктер және банк филиалдары үшін);
-несие беру келісімінің жобасы (банктер және банк филиалдары үшін).
Жабық конвертте мыналар болуы қажет:
-Көрсетілетін қызметтерінің көлемі, бағасы және шарттары туралы ұсыныстар;
-Бюджеттік несиенің дер уақытында қайтарылуын қамтамасыз ету жөніндегі банкің ұсыныстары;
-Банктің өз капиталының мөлшері;
-Несие беру келісімінің жобасы.
Тармақ 6
6. Конкурсқа қатысуға тіркелу хабар алған күннен бастап конкурс өткізуге 1 күн қалғанда аяқталады.
Тармақ 7
7. Конкурсқа қатысуға тіркелу үшін осы Ереженің 5-тармағында көрссетілген құжаттарды тапсыру қажет.
Тармақ 8
8. Конкурсқа қатысушылардың құжаттары толық болғанда ғана, олардың тапсырыстары мен құжаттары тіркеледі.
Конкурсқа қатысушылардың тіркелу хаттамасын Комиссия қарап, бекітеді.
Хаттама мындай мәліметтер болуы қажет:
Комиссия құрамы; тапсырыс қабылданатын жер мен оның мерзімі; конкурс өтетін жер мен оның мерзімі; конкурсқа қатысуға жіберілгендер туралы мәліметтер; шешіммен негізделген конкурсқа қатысуға жіберілмегендер туралы мәліметтер;
Тармақ 9
9. Конкурсқа қатысушыларға қажет 5 тармақтың 2 азат жолында аталған құжаттардың пакеті жабық конверттерде сақталады, конкурсқа қатысушылар мен барлық комиссия мүшелерінің қатысуымен конкурс өтетін күні ғана ашылады.
Тармақ 10
10. Конкурсқа ең кемі 2 адам қатысқанда ғана, конкурс өткен болып есептеледі.
Тармақ 11
11. Конкурс өтетін күні конверттер ашылып, конкурсқа қатысушылардың ұсыныстары жарияланады. Конкурсқа қатысушылардың ұсыныстарының талдауы мен бағалануы жарияланғаннан кейін, Комиссия конкурсқа қатысушылардың арасынан ең ұтымды ұсыныс жасаған қатысушыны конкурс жеңімпазы (жеңімпаздары) деп анықтайды.
Әріптес-банктерді тандаудың каритерийлері:
-бюджеттік кредитті мерзімінде қайтаруды қамтамасыз етудің сапасы;
-банктің несиелік қоржынының өтімділік деңгейі;
-банктің өз капиталының мөлшері;
-кепілдікке берілетін мүлікті бағалау шарттары;
-ақырғы несие алушылар мен несие берушілер үшін Қарағанды облысының жергілікті бюджеттік Бағдарламаларына бюджеттік несие берудің шарттары белгіленген сыйақы мөлшерлемесі;
-Көрсетілетін қызметтерінің көлемі мен шарттары туралы ұсыныстар;
-ақырғы несие алушылардың несие алуына құжаттар пакеті мен оны банктің қабылдауына дайындаудың қиыншылықтары;
-ақырғы несие алушыларға банк көрсететін қосымша қызметтердің тізбесі;
Тармақ 12
12. Конкурс өткізу барысында конкурс жеңімпазын (жеңімпаздарын) анықтауда қатысушылардың қосыша ұсыныстары да ескеріледі.
Тармақ 13
13. Қосымша мәліметтер алу қажет болған жағдайда конкурс жеңімпазын (жеңімпаздарын) анықтау жөніндегі Комиссияның түпкілікті шешімі 10 күнге дейін ұзартыла алады.
Тармақ 14
14. Комиссияның түпкілікті шешімі конкурс қорытындысының хаттамасымен рәсімделіп, комиссияның барлық мүшелері мен төрағасының және конкурс жеңімпазының (жеңімпаздарының) қолы қойылғанда рәсімделеді.
Тармақ 15
15. Конкурс қорытындысы жөніндегі хаттама негізінде бағдарлама әкімшісі облыс әкімінің сәйкес шешімінің жобасын енгізеді. Нақты бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу шарттары мен дәрежесін анықтайтын несие алушы банктерді анықтауға несие беруші түпкілікті шешім қабылдайды.
Тармақ 16
16. Конкурс қорытындысы жөніндегі әкімнің шешімі 3 күндік мерзімде конкурс жеңімпазы (жеңімпаздары) болған банкке (банктерге) беріледі. Әкімші, несие беруші жцне банк (банктер) арасында көрсетілетін қызметтер туралы несиелік келісім жасауғаоблыс әкімінің шешімі негіз болады. Конкурс қорытындысы бойынша конкурсқа қатысушыларға жазбаша хабарлама жіберіледі.
Тармақ 17
17. Жасалынған несиелік келісімге және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес несие берушінің несие қорына ақырғы несие алушыларға несие беруді бюджеттік несие алушыбанкілер жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Конкурс жеңімпазы (жеңімпаздары) болып танылуы үшін негізгі алынатын несиелік келісім бойынша қызмет көрсетудің шарттары енгізілуі тиіс.
Тармақ 19
19. Банктін 5 күн ішінде жеңімпаз банктің кінәсінен келісім жасалынбаса, Комиссияның шешімімен конкурс өтпеген болып есептеледі де, қайтадан өткізілуі мүмкін немесе қатысушылардың ішіндегі қолайлы шарттар қойған және қызметі үшін ең төменгі пйызды белгілеген банк жеңімпаз болып танылады.
Тармақ 20
20. Жасалынған несиелік келісім 3 күн ішінде қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіппен жергілікті қаржы органдарында есепке алынуы және тіркелуі тиіс.
Тармақ 21
21. Несиелік келісім тіркелгеннен кейін несие беруші банкілердің қаржыларын пайдалану тапсырыстары негізінде бюджетті орындау тәртібімен несие алушы банкілердің есебіне сәйкес бағдарламалардың әкімшісінің бюджеттік есебінен несие беруші несиелік қаржыны аударады.
Тармақ 22
22. Кредиттік келісім мен қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жалпы несиені және бюджеттік несиені өтеуді қамтамасыз ету реттеледі.