Құжат мәтініне өту

Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Талдыкорган

Қаулы · № 6-217 · қабылданған 13.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87613/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Талдыкорган Күшін жойған Қаулы ·№ 6-217 ·13.03.2015
08.12.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Талдыкорган

Күшін жойған Қаулы ·№ 6-217 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Талдыкорган
Атауы (қаз.)
Талдықорған қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6-217
Қабылданған күні
13.03.2015
Көрсетілген редакция
08.12.2017 87613_265536.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15DA003101
ЭКБ идентификаторы
87613
Редакция идентификаторы
87613_265536
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:08

0 Талдықорған қаласында

жолаушылар мен багажды
автомобильмен тұрақты
тасымалдау бірыңғай
тарифін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 11 наурыздағы «Талдықорған қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін келісу туралы» № 300 шешімінің негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі барлық маршруттар үшін 60 (алпыс) теңге мөлшерінде белгіленсін.

2

2. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы «Талдықорған қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 29 желтоқсанда № 2981 тіркелген, «Талдықорған» газетінде 2015 жылдың 2 қантардағы № 1 жарияланған) № 38-1355 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласына жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4

4. «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Малдыбай Молдабайұлы Қалиевке осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурста, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы «Талдықорған» газетінде жариялануын жүзеге асырсын.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Талдықорған қалалық
мәслихатының хатшысы
Марат Дәрібекұлы Бопазов
«___»____________ 2015 жыл

Қолданыстағы