Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка и условий класификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения Актюбинской области

Өзге акт · № 57 · қабылданған 19.02.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87646/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении порядка и условий класификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения Актюбинской области Қолданыста Өзге акт ·№ 57 ·19.02.2015
19.02.2015 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка и условий класификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения Актюбинской области

Қолданыста Өзге акт ·№ 57 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка и условий класификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения Актюбинской области
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
57
Қабылданған күні
19.02.2015
Көрсетілген редакция
19.02.2015 87646_6657.kaz
Соңғы өзгеріс
19.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15C0004241
ЭКБ идентификаторы
87646
Редакция идентификаторы
87646_6657
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:36

0 Ақтөбе облысының облыстық және

аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарын сыныптау тәртібі мен
шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27- бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 13 бабы 1-1 тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары бекітілсін.

2 2. «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Н. Есқалиевке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2015 жылғы 19 ақпан
№ 57 қаулысымен бекітілген
Ақтөбе облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Ақтөбе облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.

2 2. Сыныптау тәртібі мен шарттары

2 2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар (бұдан әрі - жергiлiктi маңызы бар) автомобиль жолдарын сыныптау жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Шаруашылық автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн сыныптау жолдың көрсетiлген түрлерiне талаптарды ескере отырып, ұқсас тәртiппен жүзеге асырылады.

3

3. Жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк уәкiлеттi органға жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiне автомобиль жолын енгiзудi келiсуге материалдар жiберуге мiндеттi.
Жiберiлетiн материалдар автомобиль жолы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылдағанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тиiстi тiзбесiн қамтуы тиiс.
Автомобиль жолын жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға келiсуге материалдар толық мәлiметтерсiз және/немесе осы тармақта көзделген құжаттарсыз ұсынылған жағдайда мемлекеттiк уәкiлеттi орган барлық кемшiлiктердi жою үшiн өтiнiштi қайтарады.

3 3. Автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi

4 4. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi болуы тиiс.

Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының атауына елдi мекендердiң бастапқы және соңғы, қажет болғанда аралық мекендердің атаулары кiредi.
Автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Автомобиль жолдарының индексiндегi сандар индекс әрiптерiнен кейiн дефис арқылы берiледi.

5 «КD» әрпiнен кейiн индекстiң келесi әрпiн меншiктеу кестесi

5. Жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы индексiнiң бiрiншi әрпi «К»-мен белгiленедi.
Жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексiндегi келесi әрiптерi жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгі бойынша, кестеге сәйкес белгiленедi: бұл жағдайда Ақтөбе облысы «D» әрпімен белгіленеді.
«КD» әрпiнен кейiн индекстiң келесi әрпiн меншiктеу кестесi
р/с

Ақтөбе облысы
аудандарының атаулары
Индекстегi әріптің атауы
1
Алға
AL
2
Әйтекеби
АТ
3
Байғанин
BA
4
Ырғыз
IR
5
Қарғала
KA
6
Қобда
KO
7
Мәртөк
MA
8
Мұғалжар
MU
9
Темір
TE
10
Ойыл
UL
11
Хромтау
HR
12
Шалқар
SH
Автомобиль жолы екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арқылы өткен жағдайда жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге тиесiлiгi бойынша индекстiң бiрiншi әрпiнен кейiн әрiптер әлiпбилiк тәртiппен меншiктеледi.

Қолданыстағы