Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Сатпаев»

Қаулы · № 05/02 · қабылданған 24.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87648/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Сатпаев» Күшін жойған Қаулы ·№ 05/02 ·24.02.2015
27.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Сатпаев»

Күшін жойған Қаулы ·№ 05/02 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Сатпаев»
Атауы (қаз.)
«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
05/02
Қабылданған күні
24.02.2015
Көрсетілген редакция
27.04.2016 87648_123301.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15KF003025
ЭКБ идентификаторы
87648
Редакция идентификаторы
87648_123301
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:31

0 «Сәтбаев қаласының

кәсіпкерлік және ауылшаруашылық
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына және Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 02/01 «Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 01/04 «Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру туралы» қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесібекітілсін.

2 2. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А.Кимге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Сәтбаев қаласы әкімдігінің

2015 жылғы 24 ақпандығы № 05/02
қаулысымен бекітілген
«Сәтбаев қаласының кәсіпкерік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және ауылшаруашылық дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2 2. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3

3. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4 4. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтыққатынастарға өз атынан түседі.

5 5. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтыққатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6

6. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысыныңбұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7 7. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесініңқұрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8 8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101302, Сәтбаев қаласы, Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 111 үй.

9 9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10 10. Осы Ереже «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесініңқұрылтай құжаты болып табылады.

11 11. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесініңқызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

12 12. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттыққатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13

13. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекеменің миссиясы кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ауыл аймақтарын және агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеу саласы бойынша бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық саласында стратегиялық мемлекеттік жоспарларды жүзеге асыру болып табылады.

14 14. Міндеттері:

қаланың аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасау;
аграрлық сектордыңұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.

15 15. Функциялары:

бөлімніңқұзыретіне кіретін қаланыңәлеуметтік-экономикалық орта мерзімдік даму жоспарын өндеуге ат салысу;
үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жобаларды іздеу және жүргізу;
қазақстандық үлесті қамтамасыз ететін ірі жүйе құраушы кәсіпорындар мониторинг;
өнеркәсіп кәсіпорындарындағы негізгі капиталды инвестициялауға мониторинг;
қаланың шағын кәсіпкерлерімен көрме, байқау, жәрмеңке, көшпелі сауда ұйымдастыру;
қала әкіміне немесе әкім орынбасарына басшылық жасайтын сұрақтар бойынша ақпаратты жинақтау, жалпылау, талдау, дайындау;
қалада шағын кәсіпкерлікті және инновациялыққызметті қолдаудың инфрақұрылымдық объектілерін құруды және дамытуды қамтамасыз ету;
жеке кәсіпкерлікті жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдаудықамтамасыз ету;
мемлекеттік мекеменіңқұзіретіне жататын сұрақтар бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардыңөтініштерін қабылдау, қарау және Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларына сәйкес тәртіп пен мерзімде арыз берушіге қабылданған шешім бойынша хабарлау;
мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге асыруға қатысу және ауылшаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда жеке және мемлекеттік құрылымдардыңқызметін үйлестіру;
агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын және мемлекеттік реттеу саласында мемлекет саясатын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізу;
аумақтың ауылшаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасын дайындау және оның орындалуын бақылау;
ауыл шаруашылығы техникаларын, тіркемелерін және машиналарын тіркеу және есепке алу;
ауыл шаруашылығы техникаларын, тіркемелерін және машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
емтихан қабылдау мен тракторист-машинист куәлігін беру;
жыл сайынғы техникалық байқаудан өту құжаттарының сәйкестігін бақылау;
ауыл шаруашылығы саласы бойынша субсидияларды алу жөнінде ақпарат беру, жеке және заңды тұлғалардан тиісті құжаттарды қабылдау.

16 16. Құқықтары мен міндеттері:

әкімге немесе қала әкімдігіне кәсіпкерлік және ауылшаруашылықмәселелері бойынша ұсыныс жасауға;
өз құзыреті денгейінде мемлекеттік органдарға қала әкімі орынбасарының келісімі бойынша ақпараттық-аналитикалық ақпараттар дайындауға және ұсынуға;
қалалық атқарушы билік органдарынан, басқару органдарынан, кәсіпорындардан,ұйымдар мен мекемелерден бөлімніңқұзыретіне жататын мәселелерді шешуге қажетті материалдарды белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға;
әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлар бағасына мониторинг жүргізуге;
өзініңқұзыреті шегінде қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын даярлауға;
қала әкімі мен әкім орынбасарларының қатысуымен өтетін қала әкімдігі отырысына, жиналыстарға тиісті мәселелер бойынша қатысуға;
бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша қала әкіміне шешімдер, өкімдер мен ұсыныстар жобаларын ұсынуға, белгіленген тәртіпте жиналыс ұйымдастыру;
қала бөлімдері мен мекеме мамандарын  жобаны өңдеуге, баяндама, ақпарат әзірлеуге қатыстыруға;
Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтыққатынасқа түсуге;
кәсіпкерлік  және ауыл шаруашылығы саласы бойынша экономикалық жағдайды талдау;
қала мекемелерімен кәсіпорындарыныңнегізгі капиталғасалған  инвестициясын талдау;
кәсіпкерлік және ауылшаруашылық жағдайы бойынша ақпараттар, баяндамалар жасау;
инновациялық жобаларды енгізу бойынша жұмыстардыұйымдастыру;
кәсіпкерлікті және ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру саясатына  қатысу;
жаңадан тіркелген кәсіпкерлерге,  шағын және орта бизнес субьектілеріне ақпараттық, тәжірибелік көмек көрсету;
бөлім құзыретіне кіретін барлық сұрақтар бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік органдармен, басқа ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимылын үйлестіру;
базарларға төлқұжат беру және категория тағайындау үшін Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасына құжат дайындау.

3 3. Мемлекеттік органныңқызметін ұйымдастыру

17

17. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18 18. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Сәтбаев қаласыныңәкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19 19. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысыныңҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

20 20. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысыныңөкілеттігі:

заңнамаларға сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қызметке алады және қызметтен босатады;
заңдарда көзделген тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және мадақтау бойынша шаралар жүргізеді, еңбек қатынастары бойынша сұрақтарды шешеді;
бұйрықтарға қол қояды;
барлық мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан өкіл болады;
мемлекеттік қызметті орындауға қатысты емес үшінші тұлғалармен қарым-қатынас кезінде мемлекеттік мекеменіңөкілі болу құқығына сенімхат береді.
«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдауға міндетті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамауда дербес жауапты болады.
«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасаудыңәр фактісі бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін заңдарда белгіленген тәртіпте басшысының дербес жауаптылығы қаралады.
«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оныңөкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21 21. Бірінші басшы өз орынбасарыныңөкiлеттiгiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

3 3. Мемлекеттік органның мүлкi

22 22. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақөз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23 23. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

24

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылықбөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25 25. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы