Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил согласования проекта строительства нового магистрального трубопровода

Бұйрық · № 5 · қабылданған 13.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87677/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил согласования проекта строительства нового магистрального трубопровода Қолданыста Бұйрық ·№ 5 ·13.01.2015
13.01.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил согласования проекта строительства нового магистрального трубопровода

Қолданыста Бұйрық ·№ 5 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил согласования проекта строительства нового магистрального трубопровода
Атауы (қаз.)
Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
13.01.2015
Көрсетілген редакция
13.01.2015 87677_35812.kaz
Соңғы өзгеріс
13.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010361
ЭКБ идентификаторы
87677
Редакция идентификаторы
87677_35812
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:03

0 Жаңа магистральдық

құбыр салу жобасын келісу
қағидаларынбекіту туралы
«Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауын;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың

2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев
2015 жылғы 31 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 29 қаңтар

0 Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің
2015 жылғы 13 қантар
№ 5 бұйрығымен
бекітілген
Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу
қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң)

6-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) – инвестициялау мақсаттарын сипаттайтын бастапқы негізгі деректерді, инвестиция тиімділігінің негіздемесі, оның ішінде: объектінің қызмет етуінен күтілетін экономикалық, әлеуметтік, коммерциялық тиімділікті,

сондай-ақ құрылыс объектісінің негізгі техникалық және технологиялық параметрлері туралы мәліметтерді және объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін айқындайтын есептерді қамтитын жоба алды құжаттама;

2

2) құрылыс жобасы (құрылыстық жоба) – көлемдiк-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлiк, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешiмдердi, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргiзуге, аумақты инженерлiк дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулердi қамтитын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама. Құрылыс жобаларына аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау және өз ресурсын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жобалары да жатады;

3 3) магистральдық құбыр – өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;

4 4) уәкілетті орган – магистральдық құбыр саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2 2. Құрылыс жобасын келісу тәртібі

3 3. Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу үшін магистральдық құбыр салуды жүзеге асыруға ниеттенген тұлға (бұдан әрі – мүдделі тұлға) уәкілетті органға ТЭН-ді ұсынады.

4 4. Уәкілетті орган ТЭН-ді алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей оны қарастырады және жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу туралы не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

5 5. Жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН келісу кезінде уәкілетті орган оның мына талаптарға сәйкестігін қарастырады:

1 1) уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының мұнай өндіру және тарату теңгеріміне сәйкес жоба үшін ресурс базасының болуы;

2 2) магистральдық құбыр трассасын және алаңдарын аумақтың табиғи ерекшеліктерін, елді мекендердің, көлік жолдарының және коммуникациялардың орналасуын ескере отырып таңдау.

6

6. Жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-і осы Қағидалардың 5-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-ін келісуден бас тартады. Жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-ін келісуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіні бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етеді.
Жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-і осы Қағидалардың
5-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде ТЭН-ді келіседі.

7 7. Мүдделі тұлға жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-ін келіскеннен кейін жаңа магистральдық құбыр салу жобасын уәкілетті органға ұсынады.

8 8. Уәкілетті орган жаңа магистральдық құбыр салу жобасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келіседі не жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісуден бас тартады.

9

9. Уәкілетті органмен келісілген жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-ін, сондай-ақ жаңа магистральдық құбыр салу жобасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган берген мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы болмаған жағдайда уәкілетті орган жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісуден бас тартады.
Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісуден бас тартқан кезде уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде бұл туралы мүдделі тұлғаны бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етеді.

10 10. Мүдделі тұлға жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісуден бас тарту себептерін жойғаннан кейін құжаттар уәкілетті органға қайта келісуге жіберіледі. Қайта келісу кезінде құжаттарды қарау өтініш берген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Ескертулерді жойған жағдайда уәкілетті орган жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келіседі.

Қолданыстағы