Об утверждении Правил, определяющих критерии отнесения плотин к декларируемым, и Правил разработки декларации безопасности плотины
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил, определяющих критерии отнесения плотин к декларируемым, и Правил разработки декларации безопасности плотины
- Атауы (қаз.)
- Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 115
- Қабылданған күні
- 10.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2016 87678_213303.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000115
- ЭКБ идентификаторы
- 87678
- Редакция идентификаторы
- 87678_213303
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:12
0 Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін
айқындайтын қағидаларды және Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі
36-бабының 19-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидалар;
2 2) Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 наурыздағы
№ 115 қаулысымен
бекітілген
Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін
айқындайтын қағидалар
1 1. Осы Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы
9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі 36-бабының
19-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысандарына қарамастан, бөгеттер қауіпсіздігі саласында міндетті декларациялауға жататын бөгеттерді пайдаланатын ұйымдарға (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады.
2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1 1) бөгет – судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуіш гидротехникалық құрылыс;
2 2) бөгет класы – жобалаудың қолданыстағы нормаларымен регламенттелетін, гидротехникалық құрылыстың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы мен жауапкершілігі дәрежесін айқындайтын және оның авариясы мен пайдалану бұзушылықтарының зардаптары ескеріле отырып тағайындалатын сапалық-сандық сипаттама;
3 3) гидродинамикалық авария – гидротехникалық құрылыстағы судың үлкен жылдамдықпен таралуымен байланысты және техногенді төтенше жағдайдың туындау қаупін тудыратын авария;
4 4) тегеурін шебі – тегеурінді (су қысымын) қабылдайтын сутежеуіш құрылыстардың жиынтығы.
3 3. Бөгеттер биіктігіне, іргетасындағы жер қабатының типіне, көлеміне, әлеуметтік-экономикалық жауапкершілігіне және ықтимал гидродинамикалық авариялар салдарына байланысты 4 класқа бөлінеді:
1 1) I класс – қауіптілігі аса жоғары бөгеттер;
2 2) II класс – қауіптілігі жоғары бөгеттер;
3 3) III класс – қауіптілігі орта бөгеттер;
4 4) IV класс – қауіптілігі төмен бөгеттер.
4 4. Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызудың негізгі критерийі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес айқындалатын олардың класы болып табылады.
5 5. Меншік нысандарына қарамастан I, II, III класты бөгеттер декларациялануға жатады.
6 6. Жобалау ұйымының қорытындысына сәйкес төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіптілік туындататын IV класты бөгеттер де декларациялануға жатады.
7
7. Бөгеттер класын жобалау құжаттамасын дайындау кезінде жобалау ұйымы белгілейді және ол бөгет параметрлерінің және (немесе) оларды пайдалану шарттарының негізделген өзгерістері болған жағдайда, құрылыс, күрделі жөндеу, пайдалануға беру, пайдалану, реконструкциялау, қалпына келтіру және консервациялау сатыларында өзгертілуі мүмкін.
8 8. Бөгеттің тегеурін шебінің құрамына кіретін негізгі құрылыстардың класы одан жоғары класқа жатқызылған құрылыс бойынша белгіленуі тиіс.
9 9. Бөгет класын айқындайтын шарттар өзгерген жағдайда, ол міндетті түрде декларацияда көрсетіле отырып, өзгертілген шарттарға сәйкес келтірілуі тиіс.
1.1 Биіктігіне, іргетасындағы жер қабатының типіне байланысты бөгеттер кластары
Бөгеттерді декларацияланатын
бөгеттерге жатқызу критерийлерін
айқындайтын қағидаларға
қосымша
Биіктігіне, іргетасындағы жер қабатының типіне байланысты бөгеттер кластары
Құрылыстар
Жер қабатының типі
Құрылыстардың класы бойынша биіктігі, м
I
II
III
IV
1. Жер қабаты материалдарынан жасалған бөгеттер
А
80-нен астам
50-ден 80-ге дейін
20-дан 50-ге дейін
20-дан кем
Б
65-тен астам
35-тен 65-ке дейін
15-тен 35-ке дейін
15-тен кем
В
50-нен астам
25-тен 50-ге дейін
15-тен 25-ке дейін
15-тен кем
2. Бетон, темірбетон бөгеттер
А
100-ден астам
60-тан 100-ге дейін
25-тен 60-қа дейін
25-тен кем
Б
50-ден астам
25-тен 50-ге дейін
1-нан 25-ке дейін
10-нан кем
В
25-тен астам
20-дан 25-ке дейін
10-нан 20-ғе дейін
10-нан кем
Ескертпелер.
Жер қабаттары: А – тасты; Б – құмайт, қатты және жартылай қатты күйдегі ірі сынықты және балшықты;
В – пластикалық күйдегі су сіңірген балшықты.
Әлеуметтік-экономикалық жауапкершілігіне және пайдалану шарттарына байланысты бөгеттер кластары
Гидротехникалық құрылыс объектілері
Құрылыстар класы
сооружений
1. Су қоймасының көлемі мынадай болған кезде гидротораптардың тежеуіш құрылыстары, млн. м3:
1000-нан астам
I
200-ден 1000-ға дейін
II
50-ден 200-ге дейін
III
50 және одан кем
IV
2. Бөгетке бекітіп берілген суару алаңы, мың га:
300-ден астам
I
100-ден 300-ге дейін
II
50-ден 100-ге дейін
III
50 және одан кем
IV
3. Су берудің жылдық жиынтық көлемі мынадай болған кезде жасалған бөгеттің су қоймасынан су тартуды жүзеге асыратын су тарту құрылыстары, млн. м3:
200-ден астам
I
100-ден 200-ге дейін
II
20-дан 100-ге дейін
III
20-дан кем
IV
Ықтимал гидродинамикалық авариялар салдарына байланысты бөгеттер кластары
Гидротехникалық құрылыстар кластары
Гидротехникалық құрылыстардың авариясынан зардап шегуі мүмкін тұрғылықты адамдар саны, адам
Гидротехникалық құрылыстардың авариясы кезінде тыныс-тіршілік жағдайлары бұзылуы мүмкін адамдар саны, адам
Гидротехникалық құрылыстардың иесі шегетін залалды есепке алмағанда, ықтимал материалдық залал мөлшері, млн.
ЕТЖ
Гидротехникалық құрылыстардың авариясы нәтижесінде туындаған төтенше жағдайдың таралу аумағының сипаттамасы
I
3000-нан астам
20 000-нан астам
50-ден астам
Қазақстан Республикасының екі және одан көп облысының шегінде
II
500-ден 3000-ға дейін
2000-нан 20000-ға дейін
10-нан 50-ге дейін
Қазақстан Республикасының бір облысы аумағының шегінде (екі және одан көп аудан)
III
500-ге дейін
до 2000-ға дейін
1-ден 10-ға дейін
Бір аудан аумағының шегінде
IV
1-ден кем
Бір аудан аумағының шегінде
📌 Ескертпе. Гидротехникалық құрылыстар авариясынан болатын ықтимал залал жобаны әзірлеу кезінде айқындалады.
ЕТЖ – Жобаны әзірлеу кезінде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ең төменгі жалақы.
2 Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзiрлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 наурыздағы
№ 115 қаулысымен
бекітілген
Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзiрлеу қағидалары
1
1. Осы Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзiрлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі 36-бабының 19-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бөгеттерді пайдаланатын барлық меншік нысанындағы ұйымдарға (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады, әрі бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын (бұдан әрі – декларация) әзірлеуге бағытталған.
2 2. Декларация су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бөгеттер қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаған ұйымда өтінім беруші ұйымның қаражаты есебінен сараптамадан өтуі тиіс.
Бөгеттердің қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған ұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – аттестатталған ұйым) уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
3 3. Тіркеу шифрін беру үшін декларация уәкілетті органда тіркелуі тиіс.
Уәкілетті органның декларацияны тіркеу мерзімі құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.
4 4. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеуді бөгетті пайдаланатын ұйым дербес не оның қаражаты есебінен аттестатталған бөгде ұйым жүзеге асырады.
5 5. Декларацияны аттестатталған ұйым әзірлеген жағдайда, сараптамалық қорытындыны басқа аттестатталған ұйым береді.
6 6. Декларация мыналарды қамтиды:
1 1) мұқаба парақ;
2
2) бөгет және ол орналасқан ауданның табиғи жағдайлары, жобада, пайдалану қағидаларында және уәкілетті мемлекеттік органдардың нұсқамаларында көзделген қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы деректерді (мысалы, бөгетте орнатылған жүк көтергіш механизмдерді, өрт сигнализациясын пайдалану мәселелері бойынша) қамтитын жалпы ақпарат, пайдаланушы ұйым туралы негізгі мәліметтер;
3
3) декларацияға қосымша ретінде – жалпы сызбалар жиынтығы бар бөгет паспорты: су қоймасының жоспары, гидротораптың бас жоспары, тегеурін шебінің құрылыстары, қоршау және қорғау дамбалары бойынша жоспарлар мен бөліністер, су басу аймақтары, қоршаған ортаға зиянды әсер ету аймақтарының шекаралары есеп-қисаптарының нәтижелері бар ахуалдық жоспар;
4 4) құрылыс және пайдалану кезеңдерінде бөгет арқылы белгіленген көлемдегі тасқын суларды жіберу жөніндегі техникалық шешімдердің негіздемесі;
5
5) қауіптің ықтимал көздерін айқындауды және мақсатына, күрделілік класына, конструкция ерекшеліктеріне, пайдалану шарттарына және қауіпсіздікке қойылатын арнайы талаптарға байланысты бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекшеліктерін ескере отырып, төтенше жағдайларға жол бермеуге және (немесе) салдарын азайтуға дайындығын қоса алғанда, бөгеттің қауіпсіздігін талдау және бағалау;
6 6) беріктікке, тұрақтылыққа, су өткізбеушілікке және ұзақ мерзімділікке арналған есеп-қисап негізінде бөгет қауіпсіздігі көрсеткіштерінің белгіленген жол берілетін мәндері;
7 7) бөгетті тегеурінге қою кезеңіндегі заттай байқау деректері;
8 8) жекелеген конструкциялық элементтер мен тұтастай алғанда, құрылыс қауіпсіздігіне арналған қауіпсіздік критерийлерін айқындай отырып, құрылыстардың техникалық жай-күйін заттай байқау нәтижелері, сондай-ақ қауіпсіздіктің шекті жол берілетін көрсеткіштерін нақтылау бойынша ұсыныстар;
9 9) бөгетте болған авариялар және оларды жою жөніндегі шаралар туралы деректер;
10 10) объектілерді күзету жүйесі және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы деректер;
11 11) пайдаланушы ұйымның бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі жөніндегі іс-шаралар жоспары;
12 12) бөгеттегі ықтимал және туындаған авариялық жағдайлар туралы халықты, уәкілетті органды, азаматтық қорғау саласындағы органдарды, жергілікті атқарушы органдарды хабардар ету;
13 13) декларанттың жекелеген тораптар мен тұтастай алғанда, бөгеттің қауіпсіздігі деңгейін, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шаралар тізбесінің жеткіліктілігін бағалауы;
14 14) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылысы аяқталған немесе реконструкцияланған, күрделі жөндеуден өткен, қалпына келтірілген бөгетті пайдалануға қабылдау актісі.
7 7. Бөгетті пайдаланатын ұйымның басшысы (жобаға тапсырыс беруші) әзірленген декларацияның аттестатталған ұйымда бөгеттің қауіпсіздігі сараптамасының жүргізілуін қамтамасыз етеді.
8 8. Оң сараптамалық қорытынды алынған жағдайда, декларация бөгетті пайдаланатын ұйымның басшысына (жобаға тапсырыс берушіге) бекітуге енгізіледі.
9 9. Теріс сараптамалық қорытынды алынған жағдайда, ескертулерді жою үшін ұйымға қайтарылады және қайталама сараптамаға ұсынылады.
10 10. Бөгетті реконструкциялау, күрделі жөндеу, қалпына келтіру және (немесе) консервациялау жағдайларын қоса алғанда, бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар (бөгет ішінде және одан тыс жерде) өзгертілген жағдайда, декларация өзгертілуі тиіс.
Декларацияға өзгерістер енгізілген жағдайда, ол өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде қайта сарапталып, тіркелуі тиіс.