Об утверждении квалификационных требований к лицензируемому виду деятельности в области охраны окружающей среды и перечня документов, подтверждающих соответствие им
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении квалификационных требований к лицензируемому виду деятельности в области охраны окружающей среды и перечня документов, подтверждающих соответствие им
- Атауы (қаз.)
- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 14.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2021 87679_537368.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010333
- ЭКБ идентификаторы
- 87679
- Редакция идентификаторы
- 87679_537368
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:03
0 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
лицензияланатын қызмет түріне қойылатын
біліктілік талаптарын және оларға
сәйкестіктікті растайтын құжаттар
тізбесін бекіту туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 1-тармағындағы 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестіктікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың
интранет-порталында орналастыруын;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың
2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы «____» _______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_______________ Ә. Исекешев
2015 жылғы «____» _______________
0 Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
2015 жылғы 14 қаңтар
№ 6 бұйрығымен
бекітілген
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын
қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестіктікті растайтын құжаттар тізбесі
р/с
Біліктілік талаптары
Құжаттар
Ескертпе
1
2
3
4
1. Шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін табиғатты қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық аудит жөніндегі қызметке жеке тұлғалар үшін мыналардың болуын қамтиды:
1.
профилі бойынша тиісті жоғары білімі
Мамандығы және біліктілігі көрсетілген, дипломның нөмірі мен күні, берілген орны, оқу орнының атауы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны қосымшаға сәйкес толтырылады.
1. Қағаз түріндегі өтінімге растайтын құжаттың көшірмесі тіркеледі.
2. Порталда электрондық өтінімге электрондық кұжат көшірмесі ретінде тіркеледі.
2.
қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл оның ішінде, экологиялық аудит жөніндегі қызмет үшін табиғатты қорғауды жобалау, нормалау саласындағы практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде бір жыл
Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс өтілінің болуы, экологиялық аудит жөніндегі қызметі үшін табиғатты қорғауды жобалау, нормалау саласындағы жұмыс өтілі (жұмыс орны, кезеңі, атқарған лауазымдары, жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні) туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны қосымшаға сәйкес толтырылады
1. Қағаз түріндегі өтінімге растайтын құжаттың көшірмесі тіркеледі.
2. Порталда электрондық өтінімге электрондық кұжат көшірмесі ретінде тіркеледі.
3
аккредиттелген мамандандырылған зертхана не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт
Өз зертханасының болуы, аккредиттеу аттестатының нөмірі мен күні, орны, берген орган, берілген аккредиттеу саласы, аккредиттеу атестатының жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны. Өз зертханасы болмаған жағдайда - шарттың нөмірі және күні, жасалған орны, зертханасы бар ұйымның атауы, аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні, берілген орны, берген орган, аккредиттеу саласы, аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны қосымшаға сәйкес толтырылады
1. Қағаз түріндегі өтінімге растайтын құжаттың көшірмесі тіркеледі.
2. Порталда электрондық өтінімге электрондық кұжат көшірмесі ретінде тіркеледі.
4
қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешені
Мыналар:
1 1) бағдарламалық кешеннің атауы;
2 2) бағдарламалық кешеннің өндірушісі көрсетілген мәліметтер нысаны қосымшаға сәйкес толтырылады.
1. Қағаз түріндегі өтінімге растайтын құжаттың көшірмесі тіркеледі.
2. Порталда электрондық өтінімге электрондық кұжат көшірмесі ретінде тіркеледі.
2. Шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін табиғатты қорғауға қатысты жобалау, нормалау және экологиялық аудит жөніндегі қызметке заңды тұлғалар үшін мыналардың болуын қамтиды:
1.
өтініш иесі басшысының жоғары білімі
Мыналар:
1 1) мамандығы және біліктілігі, дипломның нөмірі және күні, берілген орны, оқу орнының атауы;
2 2) басшы ретінде жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні көрсетілген ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны қосымшаға сәйкес толтырылады.
1. Қағаз түріндегі өтінімге растайтын құжаттың көшірмесі тіркеледі.
2. Порталда электрондық өтінімге электрондық кұжат көшірмесі ретінде тіркеледі.
2.
осы заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін, қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, профилі бойынша тиісті жоғары білімі кем дегенде екі маманның болуы,
осы заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін кемінде екі экологиялық аудитор экологиялық аудит қайраткерлеріне
Мыналар:
1 1) эколог мамандардың Т.А.Ә.;
2 2) олар атқаратын лауазымдар;
3 3) қоршаған ортаны қорғау саласындаға жұмыс өтілі (бұрынғы жұмыс орны, кезеңі, атқарған лауазымдары, жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың нөмірі және күні және /немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні);
4 4) мамандығы және біліктілігі, дипломның нөмірі мен күні, берілген орны, оқу орнындарының атауы көрсетілген мәліметтер нысаны;
5 5) эколог аудиторлардың Т.А.Ә.;
6 6) атқаратын лауазымдары;
7 7) жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі және күні және /немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні;
8 8) қызметтің кіші түрі: экологиялық аудит көрсетілген лицензияның нөмірі мен күні көрсетілген ақпарат нысаны қосымшаға сәйкес толтырылады
1. Қағаз түріндегі өтінімге растайтын құжаттың көшірмесі тіркеледі.
2. Порталда электрондық өтінімге электрондық кұжат көшірмесі ретінде тіркеледі.
3
аккредиттелген мамандандырылған зертхана не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт
Өз зертханасының болуы, аккредиттеу аттестатының нөмірі мен күні, орны, берген орган, берілген аккредиттеу саласы, аккредиттеу атестатының жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны. Өз зертханасы болмаған жағдайда - шарттың нөмірі және күні, жасалған орны, зертханасы бар ұйымның атауы, аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні, берілген орны, берген орган, аккредиттеу саласы, аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны қосымшаға сәйкес толтырылады
1. Қағаз түріндегі өтінімге растайтын құжаттың көшірмесі тіркеледі.
2. Порталда электрондық өтінімге электрондық кұжат көшірмесі ретінде тіркеледі.
4
қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешен
Мыналар:
1 1) бағдарламалық кешеннің атауы;
2 2) бағдарламалық кешеннің өндірушісі көрсетілген мәліметтер нысаны қосымшаға сәйкес толтырылады.
1. Қағаз түріндегі өтінімге растайтын құжаттың көшірмесі тіркеледі.
2. Порталда электрондық өтінімге электрондық кұжат көшірмесі ретінде тіркеледі.
24 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
лицензияланатын қызмет түріне қойылатын
біліктілік талаптары және оларға
сәйкестіктікті растайтын құжаттар тізбесі
қосымша
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын
қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестіктікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысандары
1 1. Шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін табиғатты қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық аудит жөніндегі қызмет үшін жеке тұлғаларға:
1 1) Профилі бойынша тиісті жоғары білімі:
мамандықтың және біліктіліктің атауы ____________________________;
дипломның нөмірі ______________________________________________;
диплом берілген күні____________________________________________;
диплом берілген орны___________________________________________;
диплом берген оқу орнының атауы ________________________________.
2 2) қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл оның ішінде, экологиялық аудит жөніндегі қызмет үшін табиғатты қорғауды жобалау, нормалау саласындағы практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде бір жыл:
қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс өтілі_____________________;
табиғатты қорғау жобасы саласында, нормалауда жұмыс өтілі_________;
жұмыс орны____________________________________________________;
кезеңі__________________________________________________________;
атқаратын лауазымдары__________________________________________;
жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні_________________.
3 3) Аккредиттелген мамандандырылған зертхана не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт:
өз зертханасының болуы _______________________________________;
аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні _______________________;
аттестат берілген орын __________________________________________;
аттестатты берген орган ________________________________________;
аккредиттеу саласы____________________________________________;
аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі ____________________;
өз зертханасы болмаған жағдайда:
шарттың нөмірі және жасалған күні_______________________________;
шарт жасалған орын ____________________________________________;
зертханасы бар ұйымның атауы __________________________________;
аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні ________________________;
аттестат берілген орын __________________________________________;
аккредиттеу аттестатын берген орган ______________________________;
аккредиттеу саласы _____________________________________________;
аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі_____________________.
4 4) Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешен:
бағдарламалық кешеннің атауы___________________________________;
бағдарламалық кешеннің өндірушісі_______________________________.
2 2. Шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін табиғатты қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық аудит жөніндегі қызмет үшін заңды тұлғаларға:
1 1) Жоғары білімі (басшы үшін):
мамандықтың және біліктіліктің атауы ____________________________;
дипломның нөмірі _____________________________________________;
диплом берілген күні____________________________________________;
диплом берілген орын___________________________________________;
диплом берген оқу орнының атауы_________________________________;
басшы ретінде жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні ____________________.
2 2) Осы заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін профилі бойынша тиісті жоғары білімі, қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар кем дегенде екі маманның болуы:
эколог маманның тегі, аты, әкесінің аты ____________________________;
атқаратын лауазымы_____________________________________________;
қоршаған ортаны қорғау саласындаға жұмыс өтілі ___________________;
бұрынғы жұмыс орны__________________________________________;
жұмыс істеген кезеңі __________________________________________;
атқарған лауазымдары___________________________________________;
жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні _____________;
мамандықтың және біліктіліктің атауы _____________________________;
дипломның нөмірі ______________________________________________;
диплом берілген күні____________________________________________;
диплом берілген орын___________________________________________;
диплом берген оқу орнының атауы_________________________________.
Экологиялық аудитке: осы заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін, кем дегенде екі эколог аудиторының болуы:
эколог аудиторының Т.А.Ә. ______________________________________;
атқаратын лауазымы_____________________________________________;
жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың нөмірі және күні және /немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні________________________________________________________________;
қызметтің кіші түрі (экологиялық аудит) көрсетілген лицензияның берілген күні және нөмірі _____________________________________________.
3 3) Аккредиттелген мамандандырылған зертхана не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт:
өз зертханасының болуы ________________________________________;
аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні ________________________;
аттестат берілген орын ___________________________________________;
аттестатты берген орган _________________________________________;
аккредиттеу саласы______________________________________________;
аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі _____________________.
өз зертханасы болмаған жағдайда:
шарттың нөмірі және жасалған күні________________________________;
шарт жасалған орын ____________________________________________;
зертханасы бар ұйымның атауы ___________________________________;
аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні ________________________;
аттестат берілген жер ___________________________________________;
аккредиттеу аттестатын берген орган ______________________________;
аккредиттеу саласы _____________________________________________;
аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі_____________________.
4 4) Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешені:
бағдарламалық кешеннің атауы____________________________________;
бағдарламалық кешеннің өндірушісі_______________________________.