О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Иргизском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Иргизском районе
- Атауы (қаз.)
- Ырғыз ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 173
- Қабылданған күні
- 02.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2016 87683_88733.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CE004238
- ЭКБ идентификаторы
- 87683
- Редакция идентификаторы
- 87683_88733
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:17
0 Ырғыз ауданында бейбіт жиналыстар,
митингілер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу тәртібін
қосымша реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1 1. Ырғыз ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 173 шешіміне қосымша
Ырғыз ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары
№
Ауыл атаулары
Бейбіт жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары
1
Ырғыз ауылы
С. Еңсегенов көшесіндегі ДЭУ – 9 мекемесінің алдындағы алаң
2
Құтикөл ауылы
Е. Игібаев көшесіндегі Құтикөл ауылдық клуб үйінің алдындағы алаң
3
Құрылыс ауылы
Қ. Құлмырзин көшесіндегі Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткішінің алдындағы алаң
4
Құмтоғай ауылы
Ж. Ордабаев көшесіндегі Ұлы Отан соғысы құрбандары мен Еңбек Ерлері аллеялары жанындағы алаң
5
Нұра ауылы
Т. Жүргенов көшесіндегі орталық стадионның алдындағы алаң
6
Құйлыс ауылы
Ырғыз көшесіндегі Тәуіп ауылдық клуб үйінің алдындағы алаң
7
Жайсаңбай ауылы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы атындағы көшесіндегі Жайсаңбай ауылдық клуб үйінің алдындағы алаң