Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий
- Атауы (қаз.)
- Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 106
- Қабылданған күні
- 26.02.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2015 87692_6091.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15GK002577
- ЭКБ идентификаторы
- 87692
- Редакция идентификаторы
- 87692_6091
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:24
0 Аудандық коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорындардың
таза табысының бір бөлігін
аудару нормативтерін
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде «Шу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-қаржы бөлім) алдағы үшжылдық кезеңге арналған аудандық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың аудандық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Шу ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «26» ақпандағы
№106 қаулысына қосымша
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі келесідей айқындалады:
Таза табыс 3 000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 5 пайыз
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз
Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз
Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз
Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
247 350 000 + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз