Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий
- Атауы (қаз.)
- Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 94
- Қабылданған күні
- 27.02.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 14.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2015 87701_6114.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15GF002585
- ЭКБ идентификаторы
- 87701
- Редакция идентификаторы
- 87701_6114
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:19
0 Аудандық коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындардың таза табысының бір
бөлігін аудару нормативтерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік» туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде «Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне алдағы үшжылдық кезеңге арналған аудандық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың аудандық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.
3 3. «Меркі ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қамбар Атыханұлы Смайловқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Меркі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «27» ақпандағы
№ 94 қаулысына қосымша
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтері
Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
Таза табыс 3 000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 5 пайыз
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз
Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз
Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз
Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
247 350 000 + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз