Құжат мәтініне өту

Об утверждении системы управления рисками в целях изменения срока уплаты налога на добавленную стоимость и акцизов по импортируемым товарам

Бұйрық · № 123 · қабылданған 25.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87703/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении системы управления рисками в целях изменения срока уплаты налога на добавленную стоимость и акцизов по импортируемым товарам Күшін жойған Бұйрық ·№ 123 ·25.02.2015
25.08.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении системы управления рисками в целях изменения срока уплаты налога на добавленную стоимость и акцизов по импортируемым товарам

Күшін жойған Бұйрық ·№ 123 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении системы управления рисками в целях изменения срока уплаты налога на добавленную стоимость и акцизов по импортируемым товарам
Атауы (қаз.)
Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын және акциздерді төлеу мерзімін өзгерту мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
123
Қабылданған күні
25.02.2015
Көрсетілген редакция
25.08.2018 87703_351214.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010443
ЭКБ идентификаторы
87703
Редакция идентификаторы
87703_351214
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:28

0 Импортталатын тауарлар бойынша

қосылған құн салығын және акциздерді
төлеу мерзімін өзгерту мақсатында
тәуекелдерді басқару жүйесін
бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 51-3-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын және акциздерді төлеу мерзімін өзгерту мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

0 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 123 бұйрығымен
бекітілген
Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын және акциздерді төлеу мерзімін өзгерту мақсатында
тәуекелдерді басқару жүйесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын және акциздерді төлеу мерзімін өзгерту мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 51-3-бабына сәйкес әзірленді.

2 2. Жүйе ішкі тұтыну

үшін кедендік шығару рәсімімен орналастырылған импортталатын тауарларды декларациялау
кезінде ғана қолданылады.

2 2. Жүйені қолдану тәртібі

3 3. Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және акциздерді төлеу мерзімінің өзгерістерін қолдануға құқықты анықтау кезінде декларант қызметінің көрсеткіштері бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келуі тиіс:

1 1) барлық активтердің теңгерімдік құндарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесі бекітілген тиісті қаржы жылына белгіленген кемiнде 325000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды;

2 2) қызметкерлердің саны кемінде 250 адамды құрайды;

3 3) импорттаушы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексі (Салық кодексі) 623-бабының 3-тізбесіне енгізілген.

4 4. Көрсетілген шарттарға сәйкес келмейтін импорттаушы кедендік төлемдер төлеу үшін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында анықталатын күні импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын және акциздерді төлейді.

Қолданыстағы