Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, зарегистрированных в органах военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан

Бұйрық · № 70 · қабылданған 10.02.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87704/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, зарегистрированных в органах военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 70 ·10.02.2015
28.08.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, зарегистрированных в органах военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 70 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, зарегистрированных в органах военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
70
Қабылданған күні
10.02.2015
Көрсетілген редакция
28.08.2023 87704_653074.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15B0010425
ЭКБ идентификаторы
87704
Редакция идентификаторы
87704_653074
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:43

0 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы

«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы:

1 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жолдасын;

2

2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін бұйрықты мерзімді баспа басылымдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

3 3) бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.

3 3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

4 4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 10 ақпан № 70
бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарында (бұдан әрі – ӘПО) тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу қағидалары ӘПО-да тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелеріне (бұдан әрі – көлік құралдары) міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) бақылау-диагностикалау жабдығы – көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін қолданылатын сынақ жабдығы және өлшеу құралдары;

2 2) көлік құралдарының техникалық жай-күйін диагностикалау – олардың жұмыс режімдерінде ықтимал ауытқулардың алдын алу үшін көлік құралдарында, олардың тораптары мен элементтерінде ақаулықтардың болуын сипаттайтын белгілерді белгілеу және зерделеу;

3 3) көлік құралының иесі – көлік құралының меншік иесі, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында иелік ететін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімі (мекемесі);

4 4) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (бұдан әрі – МТНБ) – мемлекет меншігі болып табылатын және көлік құралына берілетін жеке әріптік-цифрлық белгіден тұратын және ұлттық стандарт талаптарына сәйкес жасалған бұйым. Осы ұғым «Транзит» МТНБ-ға қолданылады;

5

5) міндетті техникалық қарап-тексеру – көлік құралдарын және оларға құжаттамаларды Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына, Қорғаныс министрінің және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрықтарына сәйкестігі мәніне тексеру жөніндегі іс-шаралар кешені;

6 6) міндетті техникалық қарап-тексеруден өту – көлік құралының иесі жүзеге асыратын осы Қағидаларда көзделген іс-қимылдар;

7 7) міндетті техникалық қарап-тексеруді өткізу – ӘПО жүзеге асыратын осы Қағидаларда көзделген іс-қимылдар.

3 3. ӘПО-да тіркелген көлік құралдары жыл сайын 15 мамырдан бастап 15 қыркүйек кезеңінде міндетті техникалық қарап-тексеруге (бұдан әрі – қарап-тексеру) жатады.

4 4. Сақтауда тұрған көлік құралдарын қарап-тексеру, оларды сақтаудан алған және пайдалануға енгізген жағдайда жүргізіледі.

5 5. Қарап-тексерудің негізгі міндеттері:

1 1) жол жүрісіне қатысатын көлік құралдары техникалық жай-күйінің осы Қағидалардың 20-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуін бағалау;

2 2) көлік құралдары техникалық жай-күйінің осы Қағидалардың 20-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі салдарынан туындаған жол-көлік оқиғаларынан сақтандыру;

3 3) көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік құралдарын пайдаланудың қоршаған ортаға зиянды ықпал етуін төмендету;

4 4) көлік құралдарының техникалық жай-күйі бойынша статистикалық талдау болып табылады.

6 6. Қарап-тексеруді ӘПО әскери бөлім (мекеме) базасында көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүргізеді.

2 2. Міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру тәртібі

7 7. Жыл сайын 5 мамырға дейін ӘПО гарнизон бастығы бұйрығының жобасын әзірлейді, онымен қарап-тексеруді өткізу кестесі және комиссияның құрамы бекітіледі, сондай-ақ өзге де ұйымдастыру мәселелері көзделеді.

Комиссия құжаттаманы тексеретін адамдарға және көлік құралдарының техникалық жай-күйіне диагностикалау жүргізетін адамдарға бөлінеді.

8 8. ӘПО-да қарап-тексеруді жүргізу тәртібі, көлік құралдарының техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтерді және қарап-тексеруді жүргізу кестесін көрсетумен, ақпараттық стенділер орнатылады.

9 9. Қарап-тексеруден өту үшін көлік құралының иесі қарап-тексеруді өткізу кестесіне сәйкес ӘПО-ға осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген көлік құралын және құжаттарды ұсынады.

10 10. Қарап-тексеру мерзімдері аяқталғаннан кейін әскери бөлімге (мекемеге) көлік құралдары келіп түскен жағдайларда қарап-тексеру оны тіркеу кезінде жүргізіледі.

11 11. Көлік құралдары іссапарға жіберілген жағдайларда қарап-тексеруді өткізу кезеңінде оларды қарап-тексеру, олар іссапармен келген әскери бөлімнің (мекеменің) көлік құралдарымен бірге жүргізіледі.

Іссапармен келген көлік құралдарына техникалық қарап-тексеруді жүргізу үшін ӘПО-ға көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ұсынылады (бұдан әрі - КҚТК).
Бұл жағдайда көлік құралының техникалық жай-күйі тексеріледі, құжаттарды тексеру көлік құралы тұрақты орналасу пунктіне қайтарылғаннан кейін жүзеге асырылады.

12 12. Бір көлік құралына қарап-тексеруді жүргізу уақыты 30 минуттан аспауға тиіс.

13 13. Қарап-тексеруден өту үшін көлік құралының иесi ӘПО-ға мынадай құжаттарды:

1 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;

2 2) КҚТК түпнұсқасын;

3 3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарап-тексеруге ұсынылатын көлік құралдарының тіркеу тізімін;

4 4) ұсынбау себептерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарап-тексеруге ұсынылмаған көлік құралдарының тіркеу тізімін;

5 5) штатқа табельден үзінді-көшірмені;

6 6) көлік құралдарының паспорттарын (формулярларын);

7 7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Қару-жарақ бас басқармасы немесе жоғары тұрған штаб жүргізлген салыстыру туралы тиісті белгісі бар автомобиль техникасын есепке алу кітабын;

8 8) машиналардың жұмысын және жанар-жағармай материалдарының шығысын есепке алу кітабын;

9 9) пайдаланудың тексерілетін кезеңі үшін жол жүру парақтарын;

10 10) КҚТК-нің деректерін, көлік құралының параметрлерін және оның құрамдас элементтерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диагностикалау карталарын ұсынады.

14 14. ӘПО-ның қарап-тексеруді өткізуден бас тартуы үшін негіздеме:

1 1) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, көлік құралының иесі осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;

2 2) қарап-тексеруге көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктегі сәйкес деректермен келмейтін ӘПО-мен келіспей ауыстырылған нөмірлік агрегаттары (қозғалтқыш, шасси, қорабы) бар көлік құралын ұсынуы;

3 3) қарап-тексеруге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз (бұдан әрі – МТНБ) немесе көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілгенге сәйкес келмейтін МТНБ бар көлік құралын ұсыну болып танылады.

15 15. Қарап-тексеруді өткізуден бас тартудың негіздемелерінің бірі анықталған жағдайларда ӘПО үш жұмыс күнге дейінгі мерзімде ол туралы көлік құралының иесіне бас тарту себебін көрсете отырып жазбаша түрде хабарлайды.

3 3. Міндетті техникалық қарап-тексеруді өткізу тәртібі

16 16. Көлік құралдарын қарап-тексеру бақылау-диагностикалау жабдығын қолданумен жүзеге асырылады, оның құрамына:

1 1) жол сынақтары әдісімен тежегіш жүйелерін тексеруге арналған аспап;

2 2) люфтомер;

3 3) газталдағыш және түтінөлшегіш;

4 4) жарық фараларын тексеретін электрондық аспап кіреді.

17 17. Ақаулы және (немесе) белгіленген мерзімде тексеруден өтпеген бақылау-диагностикалау жабдығын пайдалануға жол берілмейді.

18 18. Қарап-тексеру екі кезеңде өткізіледі: дайындық және негізгі.

19 19. Қарап-тексеруді өткізудің дайындық кезеңі барысында:

1 1) осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттар тексеріледі;

2 2) көлік құралының маркасы, моделі және модификациясы белгіленеді;

3 3) көлік құралының түсі белгіленеді;

4 4) МТНБ-ның болуы тексеріледі;

5 5) көлік құралының құрылымына енгізілген өзгерістердің болуы белгіленеді;

6 6) алынған нәтижелер көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректерімен салыстырылады (салыстырылып тексеріледі).

20

20. Қарап-тексеруді өткізудің негізгі кезеңі – көлік құралының техникалық жай-күйін диагностикалау көлік құралының жиынтықтығын, пайдалану қауіпсіздігінің жекелеген қасиеттерін сипаттайтын параметрлердің шекті мәндерін, жұмыс істеу қабілеті көрсеткіштерінің шекті ықтимал нашарлауын сипаттайтын пайдалануда жол берілетін жекелеген құрамдастардың тозуларына (бүлінуіне) шектеулерді, көлік құралы конструкциясын өзгертудің жол берілетін шектерін шектеуді тексеруді қамтиды, оның ішінде:

1 1) тежегіш басқаруда:

жұмыс тежегіш жүйесін пайдалану сипаттамасын және жұмыс істеу тиімділігін;
қосалқы тежегіш жүйесін пайдалану сипаттамасын және жұмыс істеу тиімділігін;
тұрақтық тежегіш жүйесінің пайдалану сипаттамасын және жұмыс істеу тиімділігін;
бұғаттауға қарсы тежеу жүйесінің жұмыс істеуін;

2 2) рульді басқаруда:

руль тетігінің және оны бекітетін картердің, руль жетегінің, руль дөңгелегінің және руль колонкасының механикалық жай-күйі мен жұмыс істеуін;
жалпы люфті;
дөңгелектерді орнату бұрыштарын реттеу.

3 3) көру:

көру аясы;
әйнектердің жай-күйі;
артқы көру айнасы және аспаптар;
әйнек тазалағыштар;
әйнек жуғыштар;

4 4) сыртқы жарық аспаптарының, көзді шағыстырғыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түстері, көру бұрыштары, жай-күйі, жұмыс істеуі және сипаттамалары:

фаралар;
алдыңғы және артқы габариттік (бүйір) оттары, бүйір сигналдық шамдары;
тежеу сигналдары;
бұрылу көрсеткіштері;
алдыңғы және артқы тұманға қарсы фаралары;
артқы жүріс шамдары;
артқы нөмірлік белгінің жарық беру шамдары;
жарық шағылдырғыштар, бүйірлік шағылдырғыштар, артқы тану белгілері;
бақылау сигналдары;
тартқыш пен тіркеменің немесе жартылай тіркеменің арасындағы электрлік қосылғыштар;
электр сымдары;
міндетті емес оттар;
аккумуляторлар;

5 5) біліктер, дөңгелектер, шиналар мен аспалар:

біліктердің механикалық жай-күйі;
дөңгелектер мен шиналардың өлшемі, сипаттамалары мен тозуы;
аспа элементтерінің және оларды бекітпелердің (рессорлар, амортизаторлар, құбырлар, айналмалы момент бергіші, итергіш штангалар мен аспа иінтірегішінің, сондай-ақ шарнирлік элементтердің) механикалық жай-күйі.

6 6) шасси мен шассиге агрегаттар мен тораптарды бекіту элементтерінің:

түтін түтіктері мен тұншықтырғыштардың;
отын багы мен құбырлардың (жылытуға және құбыр жолдарға арналған отын багын қоса алғанда);
бамперлердің, бүйір қорғану және артқы сырғуға қарсы құрылғының;
қосалқы дөңгелек кронштейндерінің;
тіркеу құрылғысының;
трансмиссиялардың;
қуат агрегатын бекіткіштің;
аудару тетігінің;
кабинаны немесе шанақты орнату;
есіктер және есік құлыптарының;
еденнің;
жүргізуші мен жолаушылар орындықтарының;
басқару органдарының;
кабина мен шанақ басқыштарының;
өзге де ішкі және сыртқы фитингілердің;
шашыратқыштардың (қанаттардың), шашыраудан қорғауға арналған құрылғылардың жай-күйі мен жұмыс істеуі;

7 7) өзге де жабдықтың:

қауіпсіздік белдіктерінің;
өрт сөндіру құралдарының;
құлыптар мен айдап әкетуге қарсы құрылғылардың;
авариялық тоқтау белгілерінің;
алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасының;
дөңгелектердің астына салынатын сырғуға қарсы тіреуіштердің;
дыбыстық белгі беру жүйесінің;
спидометрдің;
жылдамдықты шектеуге арналған құрылғының болуы, жай-күйі және жұмыс істеуі;

8 8) қоршаған ортаға ықпал етумен байланысты факторлар:

шу;
пайдаланылған газдар;
сұйықтықтардың ағуы.

21 21. Қарап-тексеруді өткізудің негізгі кезеңі көлік құралының қандай да бір бөлігін бөлшектеусіз немесе алып тастаусыз орындалады.

22 22. Тіркемелер мен жартылай тіркемелердің техникалық жай-күйі автопоезд құрамында да, ағытылған жай-күйде де (тарту-тіркеу құрылғысы мен тежегіш бұғаттаудың дұрыстығын бақылау үшін) тексеріледі.

23 23. Көлік құралына диагностикалауды жүргізу нәтижелері бойынша диагностикалау картасы жасалады, оның негізінде оның қолданыс мерзімін көрсете отырып, осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық қарап-тексеруден өту туралы куәлік беріледі.

24 24. Диагностикалау картасына көлік құралының техникалық жай-күйіне диагностикалау жүргізген ӘПО әскери қызметшісі қол қояды және көлік құралы иесінің өкіліне беріледі.

25 25. Егер қарап-тексеруді өткізу нәтижелері бойынша көлік құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар анықталмаса, қарап-тексеру өткізілді деп саналады.

Осындай жағдайда көлік құралының иесіне диагностикалау картасы негізінде оның қолданыс мерзімін және бөлінген моторесурстар нормасын көрсете отырып, қарап-тексеруден өткені туралы куәлік беріледі.
Іссапармен келген көлік құралына берілетін қарап-тексеруден өткені туралы куәлікке бөлінген моторесурстар нормасы туралы белгі қойылмайды. Бұл жағдайда ондай белгі көлік құралы тұрақты орналасу пунктіне қайтып келген соң құжаттарды тексергеннен кейін қойылады.

26 26. Қарап-тексеруден өткені туралы куәлікке әскери автомобиль полициясы бөлімшесінің бастығы немесе оның орнындағы адам қол қояды және мөрмен расталады.

27 27. Егер қарап-тексеруді өткізу нәтижелері бойынша көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулықтар мен жағдайлар анықталса, қарап-тексеруден өтпеген деп танылады.

Осы жағдайда көлік құралы иесінің өкіліне ақаулықтарды көрсете отырып, диагностикалау картасы беріледі.

28 28. Ол кезінде көлік құралын пайдалануға тыйым салынған анықталған ақаулықтар мен шарттар жойылғаннан кейін көлік құралының иесі он жұмыс күнге дейінгі мерзімде оны қайта қарап-тексеруді өткізу үшін ұсынады.

29 29. Көлік құралын қайта қарап-тексеру кезінде қарап-тексеру белгіленген критерийлерге жауап бермейтін сол ұстанымдар бойынша өткізіледі және ол туралы диагностикалау картасында көрсетілген.

30 30. Он жұмыс күні өткеннен кейін көлік құралын осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарап-тексеру жалпы негіздерде жүзеге асырылады.

31 31. Егер қайта қарап-тексеруді өткізу кезінде бұдан бұрын анықталған және диагностикалау картасында көрсетілген, ол кезінде көлік құралын пайдалануға тыйым салынған ақаулықтар мен шарттардың жойылмағаны белгілі болса, диагностикалау картасы жасалады, онда қайта қарап-тексеру нәтижелері көрсетіледі.

32 32. Кестемен белгіленген, сондай-ақ осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген мерзімдерде қарап-тексеруден өтпеген көлік құралдары ӘПО-ға қызметтік тексеру материалдарын және әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығынан көшірмелер ұсынғаннан кейін қарап-тексеруге ұсынылады.

33 33. Белгіленген мерзімдерде техникалық қарап-тексеруге ұсынылмаған көлік құралдары қарап-тексеруден өтпеген болып саналады және оларды пайдалануға тыйым салынады.

34 34. Қарап-тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралдарын техникалық қарап-тексеру актісі ресімделеді, оның бір данасы көлік құралы иесінің өкіліне беріледі, екіншісі ӘПО-да сақталады.

35 35. Қарап-тексеруді өткізу нәтижелері туралы ақпаратпен деректер ӘПО-да үш жыл бойы сақталады.

1 Әскери полиция органдарында тіркелген

механикалық көлік құралдары мен
олардың тіркемелерін міндетті
техникалық қарап-тексеруді
ұйымдастыру және өткізу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
__________ гарнизоны
Әскери полиция бөлімінің бастығына
Әскери бөлімнің
(мекеменің)
бұрыштама мөртаңбасы
Өтінім
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарында тіркелген механикалық
көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді өткізу
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы
«__»_________ №___ бұйрығының талаптарына сәйкес Сізден ____________________________________
тиесілі механикалық көлік құралдарын (көлік құралының иесі)
міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізуді сұраймын.
Қосымша:
1) қарап-тексеруге ұсынылған көлік құралдарының тіркеу тізімі;
2) қарап-тексеруге ұсынылмаған көлік құралдарының тіркеу тізімі;
3) штатқа табельден көшірме;
4) паспорт (формуляр) № _________.
____________________________________
____________________________________
(өтінімді беруге құзырлы адамның лауазымы,
әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

2 Әскери полиция органдарында тіркелген

механикалық көлік құралдары мен
олардың тіркемелерін міндетті
техникалық қарап-ксеруді ұйымдастыру
және өткізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
______________________ қарап-тексеруге ұсынылатын көлік құралдарының
(көлік құралының иесі)
тіркеу тізімі
р/с №
Кө
лік құра
лы
ның мар
касы
(тір
ке
ме
нің)
Жеке тіркеу деректері
Ес
кер
тпе
Мем
ле
кет
тік тір
кеу нө
мір
лік бел
гісі
Тү
рі
Шас
си№
Қоз
ғал
тқыш№
Ша
нақ
№ (ка
би
на
ның)
Шы
ға
рыл
ған жы
лы
Тү
сі
Пай
да
ла
ным ба
сы
нан жүр
ген жүр
ісі
20__
ж.
«» ____ спи
до
метр көр
сет
кіші
Пас
пор
ттың
№ сери
ясы
Кө
лік құ
ра
лын тір
кеу куә
лігі №
Пай
да
ла
ну то
бы
____________________________________
____________________________________
(көлік құралдарын пайдалануға жауапты адамның лауазымы,
әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
М.О.

3 Әскери полиция органдарында тіркелген

механикалық көлік құралдары мен
олардың тіркемелерін міндетті
техникалық қарап-ксеруді ұйымдастыру
және өткізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
______________________ қарап-тексеруге ұсынылмаған көлік құралдарының
(көлік құралының иесі)
тіркеу тізімі
р/с №
КҚ
мар
касы
(тір
ке
ме
нің)
Жеке тіркеу деректері
Ұсын
бау себеп
тері
Мем
ле
кет
тік тір
кеу нө
мір
лік бел
гісі
Түрі
Шас
си №
Қоз
ғал
тқыш№
Ша
нақ
№ (ка
би
на
ның)
Шы
ға
рыл
ған жы
лы
Түсі
Пай
да
ла
нуды
ба
сы
таған
нан жү
рісі
20__ж.
«»
____ спи
до
метр көр
сет
кіші
Пас
порт
№ сери
ясы
Кө
лік құ
ра
лын тір
кеу куә
лігі №
Пай
да
ла
ну то
бы
____________________________________
____________________________________
(көлік құралдарын пайдалануға жауапты адамның лауазымы,
әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
М.О.

4 Диагностикалау картасы

Әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық
қарап-тексеруден өткізу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Диагностикалау картасы
_____________________________________________________________________________
Диагностикалау пунктінің атауы (әскери бөлім, мекеме)
_____________________________________________________________________________
Диагностикалау картасының №
_____________________________________________________________________________
Ағымдағы техникалық қарап-тексерілген күні (бұдан әрі – ТҚ)
_____________________________________________________________________________
Көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі
_____________________________________________________________________________
Маркасы, үлгісі
_____________________________________________________________________________
Көлік құралын (бұдан әрі – КҚ) тіркеу туралы куәліктің сериясы, №
_____________________________________________________________________________
Паспорт-формулярдың сериясы, №
_____________________________________________________________________________
КҚ типі, түрі
_____________________________________________________________________________
Қозғалтқыш №
_____________________________________________________________________________
Шасси №
_____________________________________________________________________________
Шанақ №
_____________________________________________________________________________
Шығарылған жылы
_____________________________________________________________________________
Пайдаланылғаннан бастап жүрген жолы, км
_____________________________________________________________________________
Отыратын орын саны (жеке құрамды жеткізуге арналған автобустар мен техника үшін)
_____________________________________________________________________________
Қозғалтқыш көлемі, см3 (жеңіл КҚ үшін)
_____________________________________________________________________________
Жүк көтергіштігі (жүк КҚ үшін)
_____________________________________________________________________________
Есепке алынған орны (гарнизон, әскери бөлім, бағыныстылық)
_____________________________________________________________________________
(Жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
_____________________________________________________________________________
Жүргізуші куәлігінің берілген күні, сериясы, нөмірі
_____________________________________________________________________________
Топ ата­уы
Кон­струк­ция па­ра­мет­рі­нің, құ­рам­дас бө­лік­те­рі­нің неме­се қо­сым­ша құ­ры­л­ғы­лар­дың ата­уы
Көр­сет­кіш
Ди­а­гно­сти­ка­ла­уды жүр­гіз­ген адам­ның қо­лы
Те­же­гіш жүй­е­сі
Те­же­гіш жүй­е­сі­нің (за­қым­да­ну) бөл­шек­те­рі
Тұ­рақ те­же­гі­ші­нің ти­ім­ді­лі­гі
Те­же­гіш же­те­гі­нің гер­ме­ти­ка­лы­ғы
Стенд­тен тыс жағ­дай­да тек­се­ру ке­зін­де­гі те­же­гіш жо­лы, метр
Бел­гі­лен­ген бә­сең­деу, м/с2
Те­же­гіш жүй­е­сі­нің іс­ке қо­сы­лу уа­қы­ты, се­кунд
Руль­мен бас­қа­ру
Ди­на­мо­метр шәкі­лі бой­ын­ша күш, кг/сек
Руль дөң­ге­ле­гін­де­гі жиын­тық люфт, гра­дус
Руль­мен бас­қа­ру жай-күйі (қа­на­ғат­та­нар­лық/қа­на­ғат­тан­ғы­сыз)
Жа­рық ас­пап­та­ры
Сырт­қы жа­рық ас­пап­та­ры­ның стан­дарт­қа сәй­кест­і­гі
Фа­ра­ны ор­на­ту би­ік­ті­гі, мм
Тік жа­зық­тық­та­ғы жа­рық шо­ғы­ның еңіс бұ­ры­шы, гра­дус
Экран бой­ын­ша шоқ­тың фа­ра ор­та­лы­ғы кес­кі­ні­нен жа­рық-кө­лең­ке­лі ше­ка­ра­ға дей­ін­гі ара­лы­ғы, мм
Жү­ріс бө­лі­гі:
Кар­дан бі­лі­гі (бе­кіт­пе­нің за­қым­да­нуы)
Ілі­ніс (ақа­у­сыз)
Тар­ту-ілу құ­ры­л­ғы­сы, (ақа­у­сыз)
Дөң­ге­лек (бе­кіт­пе­нің за­қым­да­нуы)
Ши­на (өл­ше­мі, про­тек­тор су­ре­ті­нің қал­ға­ны, мм)
Әй­нек та­за­ла­ғыш, әй­нек жу­ғыш
Әй­нек та­за­ла­ғыш, әй­нек жу­ғыш (бар бо­луы, ақа­у­сыз)
Қоз­ғалт­қыш және оның жүй­е­ле­рі:
Отын жүй­е­сі­нің гер­ме­ти­ка­лы­ғы
Отын ба­гы (стан­дарт­қа сәй­кест­і­гі)
Пай­да­ла­ны­л­ған га­з­дың уыт­ты­лы­ғы
Пай­да­ла­ны­л­ған га­з­дың тү­т­ін­де­уі
Кон­струк­ци­я­ның өзге де эле­мент­те­рі:
Арт­қы кө­ру ай­на­сы (стан­дарт­қа сәй­кест­і­гі)
Ауа ма­но­мет­рі (ақа­у­сыз)
Спи­до­метр (ақа­у­сыз, плом­ба­ның бо­луы)
Ра­дио­қа­был­да­ғыш ке­дер­гі­ле­рін ба­су­ға ар­нал­ған ке­рек-жа­рақ (бар бо­луы, ақа­у­сыз)
Есік­тер­дің құл­пы, ды­быс сиг­на­лы, ава­ри­я­лық шы­ға­тын есік, жүр­гі­зу­ші орынды­ғын ме­ха­ни­ка­лық рет­теу, қа­уіп­сіз­дік бел­ді­гі, кір­ден қор­ғай­тын жап­қыш, ава­ри­я­лық тоқ­та­ту бел­гі­сі, өрт сөн­дір­гіш, дә­рі қоб­ди­ша (бар бо­луы, ақа­у­сыз)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Әскери полиция әскери қызметшісінің қорытындысы:__________________________________
Ескертпе: _______________________________________________________________________
Әскери полиция әскери қызметшісі ________________________________________________:
(гарнизонның)
_____________________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

5 Әскери полиция органдарында тіркелген

механикалық көлік құралдары мен
олардың тіркемелерін міндетті
техникалық қарап-тексеруді
ұйымдастыру және өткізу
қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Техникалық қарап-тексеруден өту туралы куәлік
Техникалық байқау өту Свидетельство о прохождении
туралы куәлік технического осмотра
Әскери бөлімі ______________________________________________________________________
Войсковая часть
КҚ маркасы _____________________________________ МТНБ _______________________________
Марка ТС ГРНЗ
Пайдалану тобы ________________________________________________________________
Группа эксплуатации
Жылдық моторесурстар нормасы ________________________________________ шақырым/километров
Годовая норма моторесурсов
Спидометр көрсеткіші «_» ____ жылғы/года ____ шақырым/километров
Показание спидометра на
Дейін жарамды «___» ________ жылғы/года
Действительно до
Әскери автомобиль полиция бөлімінің бастығы _________гарнизоны
Начальник отдела военной автомобильной полиции гарнизона
________________________________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
воинское звание, подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии)
МО/МП «___»________ жылғы/года
МТНБ және иесінің ауысуы жөнінде белгі
Отметка о смене владельца и ГРНЗ
Әскери бөлімі __________________ Пайдалану тобы __________
Войсковая часть Группа эксплуатации
КҚ маркасы _____________________ МТНБ ___________
Марка ТС ГРНЗ
Әскери бөлімі __________________ Пайдалану тобы ___________
Войсковая часть Группа эксплуатации
КҚ маркасы _____________________ МТНБ __________
Марка ТС ГРНЗ
Күні
Дата
Бөлінген мотоқорлар нормасы туралы белгі
Отметка о выделенной норме моторесурсов
Мөр және қолтаңба
Печать и подпись

6 Әскери полиция органдарында тіркелген

механикалық көлік құралдары мен
олардың тіркемелерін міндетті
техникалық қарап-тексеруді
ұйымдастыру және өткізу қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Көлік құралдарын техникалық қарап-тексеру актісі
20__ж."___"___________________
Мен,________________________________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
комиссия мүшелерінің қатысуымен:____________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
(әскери бөлім, ұйым, мекеме, бағынушылық)
балансында тұрған көлік құралдарының (бұдан әрі – КҚ) техникалық қарап-тексеруін жүргізді.
Техникалық қарап-тексеру барысында мыналар анықталды:
________ бірлік КҚ техникалық қарап-тексеруге ұсынылды
Р/с

Кө
лік құ
ра
лы
ның типі
Мо
де
лі
МТНБ
Шы
ға
рыл
ған жы
лы
Реттік нөмірлері
КҚ тех
ника
лық жай-күйі туралы қоры
тынды
ТҚ өткендігі туралы қорытынды
Ескертпе
Қоз
ғал
тқыш
Ша
нақ
Рама
ның, шас
сидің
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
____________ бірлік көлік құралы техникалық қарап-тексеруден өтті.
____________ бірлік көлік құралы техникалық қарап-тексеруден өтпеді.
соның ішінде мынадай себептер бойынша:
Тежегіш жүйесінің ақаулығы ________________ бірлік;
Рульмен басқарудың ақаулығы ________________ бірлік;
Сыртқы жарық аспаптарының ақаулығы ________________ бірлік;
Шиналар протекторының тозуы ________________ бірлік;
Шанақ пен кабинаның қанағаттанғысыз жай-күйі ________________ бірлік;
Тораптар мен агрегаттардың техникалық ақаулығы ________________ бірлік;
Жылдық моторесурс нормасының артық шығыны ________________ бірлік;
Қорғаныс министрінің және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері Бас штабы бастығы бұйрықтарының талаптарын бұзу ______________ бірлік;
Өзге де себептер_________________________ бірлік.
Техникалық қарап-тексеруге ұсынылмаған көлік құралдары ___________ бірлік

КҚ типі
Моделі
МТНБ
Пайдалану тобы
ТҚ-ға ұсынбау себептері
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
Техникалық қарап-тексеруге ұсынылмаған көлік құралдарының барлығы __________ бірлік
соның ішінде мынадай себептер бойынша:
ағымдағы жөндеуде немесе оны күтуде ______________ бірлік;
күрделі жөндеуде __________________________ бірлік;
бөлшектеуде _____________________________ бірлік;
сақтауда болу ______________________ бірлік;
іссапарда ______________________ бірлік;
өзге де себептер _____________________ бірлік.
Әскери автомобиль полициясы бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы _______________________________
____________________________________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) М.О.
Комиссия мүшелері:__________________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Әскери бөлімінің командирі (мекеме бастығы) ________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
М.О.
Көлікті пайдалану үшін жауапты адам ________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

Қолданыстағы