Құжат мәтініне өту

Об утверждении разрешительных требований и перечня документов, необходимых для выдачи разрешений на хранение взрывчатых материалов

Бұйрық · № 98 · қабылданған 10.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87720/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении разрешительных требований и перечня документов, необходимых для выдачи разрешений на хранение взрывчатых материалов Күшін жойған Бұйрық ·№ 98 ·10.02.2015
19.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении разрешительных требований и перечня документов, необходимых для выдачи разрешений на хранение взрывчатых материалов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 98 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении разрешительных требований и перечня документов, необходимых для выдачи разрешений на хранение взрывчатых материалов
Атауы (қаз.)
Жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті рұқсат талаптары мен құжаттар тізілімін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
98
Қабылданған күні
10.02.2015
Көрсетілген редакция
19.05.2016 87720_96509.kaz
Соңғы өзгеріс
19.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010487
ЭКБ идентификаторы
87720
Редакция идентификаторы
87720_96509
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:43

0 Жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті рұқсат талаптары мен құжаттар тізілімін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 25-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Жарылғыш материалдарды сақтауға, рұқсат беру үшін қажетті рұқсат талаптары мен құжаттар тізілімі» бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың, орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаеқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
______________________ Ж. Қасымбек
2015 жылғы 18 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_____________________ Е. Досаев
2015 жылғы 21 ақпан

0 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 10 ақпандағы № 98
бұйрығымен бекітілген
Жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті рұқсат
талаптары мен құжаттар тізбесі
р/с

Рұқсат талаптары
Құжаттар
Ескертпе
1
2
3
4
1.
Сақтауға жататын жарылғыш материалдардың атауы, саны (салмағы, өлшемі) көрсетіледі
Осы жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті рұқсат талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - Рұқсат талаптары) жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті рұқсат талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны (бұдан әрі - мәліметтер нысаны)
2.
Меншік құқығындағы немесе өнеркәсіптік, өрт, санитарлық- эпидимиялогиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін өзге заңды негіздегі жарылғыш материалдар қоймасының болуы
Жарылғыш материалдар қоймасы паспортының көшірмесі, жалға беру келісім шартының көшірмесі (жалға алған жағдайда)
3.
Жеке күзет ұйымы немесе ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөліністері жүзеге асыратын жарылғыш материалдар қоймасына қаруланған күзеттің болуы
Осы Рұқсат талаптарына қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны
4.
Адамдардың (заңды тұлғаның жұмыскерлерінің) жарылғыш материалдармен байланысты жұмысқа рұқсатының болуы
Құжат берілмейді
5.
Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және сату жөніндегі қызметпен айналысу құқығы
Құжат берілмейді
«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасынан мәліметтер
6.
Заңды тұлғаны кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу
Құжат берілмейді
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасынан мәліметтер

1 Жарылғыш материалдарды сақтауға

рұқсат беру үшін қажетті рұқсат
талаптары мен құжаттар тізбесіне
қосымша
Жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті
рұқсат талаптары мен құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
Күзет қызметіне лицензиясы бар жеке күзет ұйымы немесе ішкі істер органдарының мамандандырылғ ан күзет бөліністері жүзеге асыратын жарылғыш материалдары қоймасын қарулы күзетуге арналған келісімшарттың нөмірі мен қол қойылған күні
Келісімшарт жасасқан күзет ұйымының күзет қызметімен айналысу құқығына берілген лицензияның сериясы, нөмірі, берілген күні
Жарылғыш материалдардың атауын, саны (салмағы, мөлшері)
Жарылғыш материалдарды ң сақтау орны (орналасқан мекенжайы)
Материалдарды сақтауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (жеке куәлігінің немесе паспортының нөмірі)

Қолданыстағы