Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения экзамена по охотничьему минимуму республиканской ассоциацией общественных объединений охотников и субъектов охотничьего хозяйства

Бұйрық · № 18-03/57 · қабылданған 30.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87741/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения экзамена по охотничьему минимуму республиканской ассоциацией общественных объединений охотников и субъектов охотничьего хозяйства Қолданыста Бұйрық ·№ 18-03/57 ·30.01.2015
27.05.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения экзамена по охотничьему минимуму республиканской ассоциацией общественных объединений охотников и субъектов охотничьего хозяйства

Қолданыста Бұйрық ·№ 18-03/57 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения экзамена по охотничьему минимуму республиканской ассоциацией общественных объединений охотников и субъектов охотничьего хозяйства
Атауы (қаз.)
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18-03/57
Қабылданған күні
30.01.2015
Көрсетілген редакция
27.05.2022 87741_577035.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010415
ЭКБ идентификаторы
87741
Редакция идентификаторы
87741_577035
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:49

0 Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларын бекіту туралы

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
1-тармағының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
____________ А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 6 ақпандағы

0 Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 18-03/57 бұйрығымен
бекітілген
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы
бойынша емтихан өткізу қағидалары

1

1. Осы Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының (бұдан әрі – қауымдастық) аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап (бұдан әрі - аңшылық минимумы) – оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарастыратын арнайы қысқаша курсы;
2) сертификат-осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қауымдастық электрондық немесе қағаз нысанда беретін аңшылық минимум бойынша емтихан тапсырғанын растайтын құжат;
3) тестілеу-тыңдаушының таңдауы бойынша электрондық немесе қағаз нысанда тест сұрақтары бойынша тыңдаушылардың аңшылық минимумының білімін тексеру;
4) тыңдаушы – сертификат алу үшін аңшылық минимумына оқытудан өтетін жеке тұлға;
5) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы.

3 3. Тыңдаушы аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсыру үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «аңшылық минимумын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 16 сағат ішінде аңшылық минимумы бойынша оқудан өтеді.

Аңшылық минимумға оқыту ақпараттық жүйе арқылы немесе қауымдастықтың оқу сыныптарында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.
Аңшылық минимум бойынша емтихан Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін электрондық немесе қағаз форматта тестілеу түрінде өткізіледі:

1 1) аңшылық минимумы бойынша емтиханды қағаз форматта өткізу тыңдаушының еркін нысандағы жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Тестілеуді аудио және бейне жазу құрылғыларын қағаз форматта тіркеу арқылы емтихан комиссиялары (бұдан әрі – комиссия) өтініш түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қауымдастықтың филиалдарында немесе өкілдіктерінде өткізеді.
Комиссия қауымдастық филиалы немесе өкілдігі басшысының бұйрығымен кемінде үш адамнан құрылады.
Аңшылық минимум бойынша емтихан тапсырған жағдайда жауапты орындаушы тыңдаушыға 1 (бір) сағат ішінде сертификат береді.
Аңшылық минимум бойынша тестілеудің теріс нәтижесін алған жағдайда, тыңдаушылар соңғы тестілеу уақытынан кейін кемінде күнтізбелік 1 (бір) күн өткен соң тестілеуді қайта өткізуге құқылы.

2 2) тыңдаушының аңшылық минимум бойынша тестілеу электрондық форматта өтуіне рұқсат беруді ақпараттық жүйе тыңдаушы қауымдастықтың ақпараттық жүйесінде авторландырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні өткеннен кейін автоматты түрде береді.

Аңшылық минимум бойынша емтихан тапсырған жағдайда сертификат автоматты түрде қалыптастырылады және 15 (он бес) минут ішінде тыңдаушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Аңшылық минимум бойынша тестілеудің теріс нәтижесін алған жағдайда, тыңдаушылар соңғы тестілеу уақытынан кейін кемінде күнтізбелік 1 (бір) күн өткен соң тестілеуді қайта өткізуге құқылы.

4

4. Комиссия төрағасы болып филиалдың немесе өкілдіктің басшысы тағайындалады, басшы болмаған жағдайда филиал немесе Өкілдік Басшысының орынбасары тағайындалады. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесінің, жергілікті атқарушы органдардың, аңшылық шаруашылығы субъектілерінің (келісім бойынша) өкілдері кіреді.
Тестілеу нәтижелері бойынша құжаттарды қағаз форматта ресімдеуді қауымдастық филиалының немесе өкілдігінің штаттық қызметкерлері қатарынан тағайындалатын комиссия хатшысы жүзеге асырады.
Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.

5 5. Бекітілген аңшылық минимумға сәйкестігіне тестілеу жүргізіледі және ол 25 тестілік сұрақтан тұрады.

Тест сұрақтарын қауымдастық әзірлеп, Комитетпен келіседі.
Тестілеу ұзақтығы 1 сағатты құрайды.

6 6. Тестілеу нәтижелері бойынша комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:

1 1) тапсырды (20 және одан көп сұраққа дұрыс жауап берген кезде);

2 2) тапсырған жоқ (дұрыс жауап 20-дан аз болғанда).

7 7. Тыңдаушылардың тестілеуді тапсыруы немесе тапсырмауы туралы комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған тестілеуге қатысқан комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды.

8

9

10 10. Тестілеу нәтижелері бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда, тыңдаушы үш жұмыс күні ішінде жазбаша немесе электрондық нысанда тестілеу нәтижелерін қайта қарауға емтихан комиссиясына жүгіне алады.

Тестілеу нәтижелерін қайта қарау туралы тыңдаушының өтінішін комиссия екі жұмыс күні ішінде қарайды.

11

12 12. Сертификат аңшы куәлігін беру үшін негіз болып табылады.

Қағаз форматта берілген Сертификат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тігілген, нөмірленген, қауымдастықтың мөрімен расталған) аңшылық минимум бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификаттарды тіркеу журналында тіркеледі, онда сертификаттар бланкілерінің қозғалысын есепке алу жүргізіледі.
Сертификаттарды электрондық форматта нөмірлеу мен тіркеуді ақпараттық жүйе осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық минимум бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификаттар тізілімінде автоматты түрде қалыптастырады.

13 13. Емтихан өткізуді қауымдастық өтеусіз негізде жүргізеді.

Аңшылардың және аңшылық
шаруашылығы субъектілерінің
қоғамдық бірлестіктері
республикалық қауымдастығының
аңшылық минимумы бойынша
емтихан өткізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
_______________________________________________________________­_­_­_­__
Сер­ти­фи­кат­ты бер­ген ұй­ым­ның ата­уы
На­име­но­ва­ние ор­га­ни­за­ции вы­дав­ший сер­ти­фи­кат
аң­шы­лық ми­ни­мум бой­ын­ша ем­ти­хан тап­сы­ру ту­ра­лы
о сда­че эк­за­ме­на по охот­ни­чье­му ми­ни­му­му
Те­сті­ле­уді тап­сы­ру ту­ра­лы 20__ жы­л­ғы «___» _______ № __ хат­та­ма
Про­то­кол о сда­че те­сти­ро­ва­ния № ___ от «____________» 20__ го­да
Вы­дан: __________________________________________________ бе­ріл­ді
(Аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі/Фа­ми­лия, имя, от­че­ство (при его на­ли­чии))
Жа­у­ап­ты тұл­ға:______________________________________________________
От­вет­ствен­ное ли­цо: (Аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі/Фа­ми­лия, имя, от­че­ство (при его на­ли­чии))
Қо­лы/Под­пись: __________________
Мөр (бар бол­са) ор­ны/Ме­сто пе­ча­ти:
20__ жы­л­ғы «___» _____________
Сер­ти­фи­кат бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап бір жыл бойы жа­рам­ды
Сер­ти­фи­кат дей­стви­те­лен в те­че­ние од­но­го го­да со дня вы­да­чи

2 Аңшылардың және аңшылық

шаруашылығы субъектілерінің
қоғамдық бірлестіктері
республикалық қауымдастығының
аңшылық минимумы бойынша
емтихан өткізу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Сертификат иесінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы
Сертификаттың нөмірі, берілген күні
Алғаны туралы қолы
1
2
3
4
5
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің басшысы
__________________________________________________________
__________________ _______________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
20___жылғы «____» ________________
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер
болып табылатын
тұлғаларды қоспағанда)

3 Аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификаттардың тізілімі

Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларына
3-қосымша
Аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификаттардың тізілімі
№ р / с
Сертификат иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы
Сертификат нөмірі, берілген күні
1
2
3
4

Қолданыстағы