Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы проверочного листа и критериев оценки степени рисков деятельности государственных органов по соблюдению законодательства в сфере оказания государственных услуг, государственной службы, служебной этики и противодействия коррупции

Бұйрық · № 88 · қабылданған 31.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87742/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении формы проверочного листа и критериев оценки степени рисков деятельности государственных органов по соблюдению законодательства в сфере оказания государственных услуг, государственной службы, служебной этики и противодействия коррупции Күшін жойған Бұйрық ·№ 88 ·31.12.2014
01.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы проверочного листа и критериев оценки степени рисков деятельности государственных органов по соблюдению законодательства в сфере оказания государственных услуг, государственной службы, служебной этики и противодействия коррупции

Күшін жойған Бұйрық ·№ 88 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы проверочного листа и критериев оценки степени рисков деятельности государственных органов по соблюдению законодательства в сфере оказания государственных услуг, государственной службы, служебной этики и противодействия коррупции
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызмет, қызмет этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша тексеру парағының нысанын және мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
88
Қабылданған күні
31.12.2014
Көрсетілген редакция
01.07.2015 AI87742_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400010206
ЭКБ идентификаторы
87742
Редакция идентификаторы
AI87742_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:08

0 Мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызмет, қызмет этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша тексеру парағының нысанын және мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 15-баптарына, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағы 9) және 9-1) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 27), 33) және 37) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген:

1 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызмет, қызмет этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тексеру парағының нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

2 2) Мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызмет, қызмет этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызмет, қызмет этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тексеру парағының нысаны

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
Төрағасының
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 88 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызмет, қызмет этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тексеру парағының нысаны
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік органның атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________________
Орналасқан жердің мекен-жайы (бақылау субъектісінің заңды мекен-жайы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеру мерзімі: «__» _____ 20__ ж. және «__» ______ 20__ ж. аралығы

Та­лап­тар ті­зі­мі
Иә
Жоқ
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры
1
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің бе­кі­ті­л­ген стан­дар­ты­ның бо­луы
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің бе­кі­ті­л­ген ре­гла­мен­ті­нің бо­луы
3
Мүм­кін­ді­гі шек­те­улі адам­дар­дың мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді алуы ке­зін­де олар­ға қа­жет­ті жағ­дай­лар­дың бо­луы
4
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы қол­же­тім­ді ны­сан­да то­лық және анық ақ­па­рат­ты ұсы­нуы
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­кер­лер­дің бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­руы
6
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дың ша­ғым­да­ры­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заң­на­ма­сы­мен бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­де қа­ра­луы және олар­дың қа­рау нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ха­бар­дар еті­луі
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дың сұ­рау са­луы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің орын­да­лу са­ты­сы ту­ра­лы ха­бар­дар ету
8
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дың бұ­зы­л­ған құқық­та­рын, бо­стан­дық­та­ры мен заң­ды мүд­де­ле­рін қал­пы­на кел­ті­ру­ге ба­ғыт­тал­ған ша­ра­лар­ды қа­был­дау
9
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту са­ты­сы ту­ра­лы де­ректер­ді мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мо­ни­то­рин­гі­нің ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне ен­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету
10
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер стан­дарт­та­ры мен ре­гла­мент­те­рі­нің қол­же­тім­ді­лі­гін қам­та­ма­сыз етуі
11
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­па­сын іш­кі ба­қы­лау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша ақ­па­рат­тың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі және сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл агент­ті­гіне (бұ­дан әрі - Агент­тік) және оның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­ріне ұсы­ны­луын қам­та­ма­сыз етуі
12
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты ұсы­ну
13
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ға сәй­кес мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­па­сы­на іш­кі ба­қы­ла­уды жүр­гі­зу
14
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның жо­ба­сын жа­рия тал­қы­ла­удың тәр­ті­бі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес бо­лу
15
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің стан­дар­тын әзір­леу және бе­кі­ту мер­зім­де­рін сақ­тау
16
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ре­гла­мен­тін әзір­леу және бе­кі­ту мер­зім­де­рін сақ­тау
17
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты бе­кі­ті­л­ген неме­се өзгер­ті­л­ген­нен кей­ін оның көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты жа­ңар­ту
18
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лын­да, ин­тер­нет-ре­сур­стар­да және бас­қа да бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі қыз­мет ту­ра­лы есеп­ті ор­на­ла­сты­ру
19
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер­дің, мүд­де­лі же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың қа­ты­суы­мен мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы қыз­мет ту­ра­лы есеп­тер­ге жа­рия тал­қы­ла­у­лар өт­кі­зу
20
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­па­сы­ның қо­ғам­дық мо­ни­то­рин­гі қо­ры­тындыс­ын ес­ке­ре оты­рып, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­па­сын арт­ты­ру жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дау
21
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен те­гін ұсы­ны­лу­ға ке­піл­дік бе­рі­л­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді те­гін негіз­де көр­се­ту
22
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет алушы­лар­ды мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ха­бар­дар ет­пеу
Мем­ле­кет­тік қыз­мет са­ла­сын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры
23
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­да са­я­си пар­тия ұй­ым­да­рын құ­ру бой­ын­ша шек­те­улер­ді сақ­тау
24
Пер­со­нал­ды бас­қа­ру қыз­ме­ті­мен (кадр­лық қыз­ме­ті) мем­ле­кет­тік қыз­мет ту­ра­лы заң­на­ма­сы та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
25
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер­мен мем­ле­кет­тік және ең­бек тәр­ті­бі­нің сақ­та­луы
26
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке кір­ген тұ­лға­лар­дың «Мем­ле­кет­тік қыз­мет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­мен көр­се­ті­л­ген та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі
27
Мем­ле­кет­тiк ор­ган­дар­да жұ­мыс уа­қы­ты­ның ұз­ақ­тығы та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
28
Iс­са­пар­лар кезiн­де­гi ке­пiл­дiк­тер мен өте­ма­қы­лар­дың сақ­та­луы
29
Мүд­де­лер қақ­тығ­ы­сын­да «Мем­ле­кет­тік қыз­мет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
30
Мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­нің мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ке кі­ру, бас­қа ла­у­а­зым­ға ауы­су және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті тоқ­та­ту тәр­ті­бі та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
31
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ге ең­бек де­ма­лы­сын бе­ру ке­зін­де­гі та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
32
Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­шiлер­ге қа­ты­сты әле­умет­тiк қор­ғау ша­ра­ла­рын қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
33
Мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­сі­нің ан­тын қа­был­дау тәр­ті­бі, сон­дай-ақ ант мәті­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­сі ан­ты­ның мәті­нін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­ле­рі­нің ант бе­ру қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 1999 жы­л­ғы 29 жел­тоқ­сан­да­ғы № 319 Жар­лы­ғы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі­нің сақ­та­луы
34
Мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­ге тәр­тіп­тік жа­за қол­да­ну­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 1999 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 321 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­ле­ріне тәр­тіп­тік жа­за қол­да­ну ту­ра­лы Ере­же­сі тәр­ті­бі­нің сақ­та­луы
35
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2000 жы­л­ғы 21 қаң­тар­да­ғы № 327 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­лер­дің қыз­ме­тіне жыл сай­ын­ғы ба­ға­лау жүр­гі­зу және олар­ды ат­те­стат­та­удан өт­кі­зу қа­ғи­да­ла­ры­мен қа­рас­ты­ры­л­ған мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­ле­рі­нің қыз­ме­тіне жыл сай­ын­ғы ба­ға­лау жүр­гі­зу және олар­ды ат­те­стат­та­удан өт­кі­зу тәр­ті­бі­нің сақ­та­луы
36
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2000 жы­л­ғы 10 на­уры­зда­ғы № 357 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Мем­ле­кет­тік қыз­мет өт­ке­ру тәр­ті­бі ту­ра­лы Ере­же­сі та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
37
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2004 жы­л­ғы 11 қа­зан­да­ғы № 1457 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­рін да­яр­лау, қай­та да­яр­лау және олар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру ере­же­сі­мен қа­рас­ты­ры­л­ған, мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­кер­лер­дің бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­дың ке­зең­ді­лі­гі та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
38
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі агент­ті­гі Тө­ра­ға­сы­ның 2013 жы­л­ғы 19 на­уры­зда­ғы № 06-7/32 Бұй­ры­ғы­мен бек­ті­л­ген, бос әкім­ші­лік мем­ле­кет­тік ла­у­а­зым­ға ор­на­ла­су­ға кон­курс өт­кі­зу және кон­курс ко­мис­си­я­сын қа­лып­та­сты­ру қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­рын сақ­та­луы (нор­ма­тив­тік құқ­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу Ре­ест­рін­де 2013 жы­лы 20 на­уры­зда № 8380 тір­кел­ген)
39
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның кон­кур­стық ко­мис­си­я­сы­ның мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­тің кадр ре­зер­віне алу ту­ра­лы ұсы­ны­мы­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2003 жы­л­ғы 4 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1243 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің кадр ре­зер­ві ту­ра­лы ере­же­сін­де көр­се­ті­л­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
40
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі агент­ті­гі Тө­ра­ға­сы­ның 2003 жы­л­ғы № 02-0102/59 Бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­ле­тін, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­нің қыз­мет­тік ті­зі­мін тол­ты­ру ны­са­ны бой­ын­ша ұсы­ны­ста­ры­ның сақ­та­луы (нор­ма­тив­тік құқ­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу Ре­ест­рін­де № 2290 тір­кел­ген)
41
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі агент­ті­гі Тө­ра­ға­сы­ның 2008 жы­л­ғы 9-қаң­тар­да­ғы № 02-01-02/05 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, «Б» кор­пу­сы мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зым­да­ры­ның са­нат­та­ры­на үл­гі­лік бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­мен қа­рас­ты­ры­л­ған «Б» кор­пу­сы мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зым­да­ры са­нат­та­ры­ның А, В, С, Б, Е са­нат­та­ры топ­та­ры­ның бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на, «Б» кор­пу­сы мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зым­да­ры­на та­ғай­ын­дал­ған тұ­лға­лар­дың сәй­кест­і­гі (нор­ма­тив­тік-құқ­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу Ре­ест­рін­де № 5084 тір­кел­ген)
42
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі агент­ті­гі Тө­ра­ға­сы­ның 2011 жы­л­ғы 12-та­мы­зда­ғы № 02-01-02/164 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік қыз­мет­ші­нің ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улы­ғын әзір­леу мен бе­кі­ту жө­нін­де­гі ере­же­сі­мен көз­дел­ген та­лап­тар­ға Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер­дің ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­та­ры­ның сәй­кест­і­гі (нор­ма­тив­тік құқ­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу Ре­ест­рін­де № 7157 тір­кел­ген)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­рі­нің ар-на­мыс ко­дек­сі­нің та­лап­та­ры
43
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер­мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы «Мем­ле­кет­тік қыз­мет ту­ра­лы» За­ңы­ның 20-1 ба­бы және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2005 жы­л­ғы 5 ма­мыр­да­ғы № 1567 Жар­лы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­рі­нің ар-на­мыс ко­дек­сі (мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер­дің қыз­мет эти­ка­сы Ере­же­ле­рі) (бұ­дан әрі - Ар-на­мыс ко­дек­сі) та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
44
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­нің, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке кір­ген­нен кей­ін үш күн мер­зім­де Ар-на­мыс ко­дек­сі­мен жа­з­ба­ша түр­де та­ны­сты­ры­луы
45
Ар-на­мыс ко­дек­сі­нің мәті­ні­нің мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ғи­ма­рат­та­рын­да бар­ша­ға кө­рі­не­т­ін­дей жер­лер­де ор­на­ла­сты­ры­луы
46
Қыз­мет­тік мін­дет­те­рін ат­қа­ру ке­зе­ңін­де ки­ім­нің іс­кер­лік қал­пын ұста­ну­дың сақ­та­луы
Сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл са­ла­сын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры
47
Сы­бай­лас жем­қор­лық құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­у­ға ық­пал ете­тін се­беп­тер мен жағ­дай­лар­дың бо­луы
48
Же­ке істе мем­ле­кет­тiк қыз­мет­ші­нің мін­дет­ті өте­тін ар­найы тек­се­ру­дің оң нәти­же­ле­рін ал­ға­ны ту­ра­лы ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­га­ны ха­ты­ның бо­луы жө­нін­де­гі сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы
49
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­мен көз­дел­ген, қар­жы­лық ба­қы­лау ша­ра­ла­ры­ның сақ­та­луы
50
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер­мен өздерiнiң жа­қын туы­ста­ры неме­се ерi (зай­ы­бы) ат­қа­ра­тын қыз­мет­тер­ге тi­ке­лей ба­ғы­ны­сты ла­у­а­зым­дар­ды, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, ат­қа­руы­на бол­май­тын ту­ра­лы шек­те­улер­дің сақ­та­луы
51
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер­мен, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­мен көз­дел­ген, мем­ле­кет­тік функ­ци­я­лар­ды орын­да­у­мен сый­ы­спай­тын бас­қа қыз­мет­пен ай­на­лы­су бой­ын­ша шек­те­улер­дің сақ­та­у­лы
52
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­мен көз­дел­ген, сы­бай­лас жем­қор­лық­қа жағ­дай ту­ғы­за­тын құқық бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы
53
Игiлiк­тер мен ар­тық­шы­лық­тар­ды заң­сыз алу­ға бай­ла­ны­сты сы­бай­лас жем­қор­лық құқық бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы
Тексерістің аяқталу күні ____________________________________________
Тексерісті жүргізуге уәкілетті лауазымды тұлғалар:
______________________________________________ ___________
Тегі, аты, әкесі (егер болса) лауазымы (қолы)
______________________________________________ ___________
Тегі, аты, әкесі (егер болса) лауазымы (қолы)
Тексерілетін субъектінің басшысы таныстым:
______________________________________________ ___________
Тегі, аты, әкесі (егер болса) лауазымы (қолы)

2 Мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызмет, қызмет этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
Төрағасының
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 88 бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызмет, қызмет этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызмет, қызмет этикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына, Ар-намыс кодексіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ережеге сәйкес, тексерілетін субъектілерді белгілі бір тәуекел тобына жатқызу үшін әзірленген.

2 2. Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) бақылау субъектілері – қызметтеріне бақылау және қадағалау жүргізілетін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, мемлекеттік қызметшілер және өзге де мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген тұлғалар және соларға теңестiрiлген тұлғалар;

2 2) тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері – салалық даму ерекшеліктері мен олардың дамуына әсер ететін факторларды ескере отырып, тексерілетін субъектілердің тікелей қызметімен байланысты, әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

3

3) тәуекел – мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсету және мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін қолдану нәтижесінде мемлекеттік қызмет алушыларға зиян келтіру, сондай-ақ меритократиялық, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттік принциптеріне негізделген, мемлекеттік қызмет жүйесінің кәсібилендірілуінің төмендеуіне, мемлекеттік қызметшілердің, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы.

2 2. Объективті критерийлерді ескере отырып, тексерілетін субъектілерді жоғары, орташа және елеусіз тәуекел топтарына бөлу

3 3. Алғашқыда барлық бақылау субъектілері елеусіз тәуекел дәрежесіне жатқызылады.

4 4. Әр тәуекел критерийі бойынша шекті мөлшерде тиісті бал беріледі.

Тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері болып мыналар табылады:

1 1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде бұзушылықтар анықталған өтініштер саны:

1 ден 3 дейінгі өтініштер – 4 балл;
4 тен 7 дейінгі өтініштер – 7 балл;
7 ден жоғары өтініштер – 10 балл.

2 2) мемлекеттік органдардың жыл сайынғы «мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша қызметінің тиімділігін бағалау қорытындысы:

Бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның қызметі тиімдігінің жоғары деңгейі – 2 балл;
Бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның қызметі тиімдігінің орташа деңгейі – 4 балл;
Бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның қызметі тиімдігінің төмен деңгейі – 7 балл;
Бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімсіздігі – 10 балл;

3 3) мемлекеттік органдардың жыл сайынғы «персоналды басқару» бағыты бойынша қызметінің тиімділігін бағалау қорытындысы:

Бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның қызметі тиімдігінің жоғары деңгейі – 2 балл;
Бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның қызметі тиімдігінің орташа деңгейі – 4 балл;
Бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның қызметі тиімдігінің төмен деңгейі – 7 балл;
Бағалау қорытындысы бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімсіздігі – 10 балл;

4 4) жоспарлы, жоспардан тыс тексерулермен және басқа мемлекеттік органдардың тексеру қорытындысымен анықталған бұзушылықтар саны:

1-ден 10 дейінгі бұзушылық – 4 балл;
11-ден 20 дейінгі бұзушылық – 7 балл;
21-ден жоғары бұзушылық – 10 балл.

5 5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарты мен регламентінің болмауы – 10 балл;

6 6) мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуы:

есеп кезеңінде көрсетілген жалпы қызмет санының 0,1-ден 2 %-ға дейін – 2 балл;
есеп кезеңінде көрсетілген жалпы қызмет санының 2-ден 5 %-ға дейін – 5 балл;
есеп кезеңінде көрсетілген жалпы қызмет санының 5 %-дан жоғары – 10 балл;

7 7) қызметтік міндеттеріне, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі кіретін қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етудің болмауы – 10 балл;

8 8) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына ішкі бақылау нәтижелерін мониторингілеу шеңберінде шындыққа сай келемйтін есептік ақпарат ұсыну – 10 балл;

9 9) көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі туралы хабардар етпеу – 10 балл.

10 10) мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет, қызметтік этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қылмай салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтау бойынша дер кезінде шара қабылдамауы (анықталған бұзушылықтардың санына қарамастан) – 10 балл.

5 5. Барлық критерийлер бойынша жалпы жиынтық қорытындыны анықтау үшін тәуекел критерийлері бойынша балдар қосылады.

6 6. Барлық критерийлер бойынша жиынтық қорытындының нәтижелері бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесінің топтары бойынша қайта бөлу үшін қолданылады.

7 7. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесінің топтары бойынша қайта бөлу мынадай түрде жүргізіледі:

1 1) тәуекел дәрежесінің төменгі тобына тексеру жиілігі бес жылда 1 рет 0-ден 55-ке дейін бал жинаған бақылау субъектілері жатады;

2 2) тәуекел дәрежесінің орташа тобына тексеру жиілігі үш жылда 1 рет 56-дан 65-ке дейін бал жинаған бақылау субъектілері жатады;

3 3) тәуекел дәрежесінің жоғары тобына тексеру жиілігі бір жылда 1 рет 65-тен жоғары бал жинаған бақылау субъектілері жатады.

3 3. Қорытынды ережелер

8 8. Тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа деңгейдегі тексерілуші субъектілерді тексеру кезеңділігі, алдыңғы тексеру тексерулердің нәтижесінде анықталған бұзушылықтарға байланысты анықталады.

Тексерулердің нәтижесінде бұзушылықтар анықталған және анағұрлым жоғары балл алған жағдайда, орташа немесе төмен тәуекел дәрежесіндегі тексерілуші субъектілер, тексеру аяқталғаннан соң, бір айдың ішінде тиісінше жоғары немесе орташа тәуекел дәрежесіне ауыстырылатын болады.

9 9. Тәуекел дәрежесінің бір деңгейлі шеңберінде тексерілуші субъектілерге тексерулер жүргізу үшін іріктеу принциптері:

1 1) берілген (алған) баллдардың едәуір сомасы бойынша;

2 2) берілген баллдар тең болған жағдайда, едәуір тексерілмеген кезеңі бар субъектілер тексеру жоспарына енгізіледі.

Тәуекел дәрежесінің бір деңгей шеңберінде тексеру жүргізу үшін субъектілерді іріктеу Агенттіктің лауазымды тұлғаларымен тексерілетін субъектілердің қызметіне тексерулердің нәтижелеріне сәйкес жарты жылда бір рет жүргізіледі.

3 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының күші жойылды деп танылатын бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
Төрағасының
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 88 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының күші жойылды деп танылатын бұйрықтарының тізбесі

1

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 02-01-02/167 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8187 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 қаңтарда № 34-38 (27977) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);

2

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» 2013 жылғы 4 мамырдағы № 06-7/64 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8485 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 маусымда № 146 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);

3

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының сақталуы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 02-01-02/167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 18 қарашадағы № 06-7/165 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9010 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 ақпанда № 27 (28251) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).

Қолданыстағы