Об утверждении Перечня обязательных услуг порта
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня обязательных услуг порта
- Атауы (қаз.)
- Порттың міндетті көрсететін қызметерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 75
- Қабылданған күні
- 30.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2015 87779_66279.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010868
- ЭКБ идентификаторы
- 87779
- Редакция идентификаторы
- 87779_66279
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:49
0 Порттың мiндеттi көрсететiн
қызметтерiнiң тiзбесiн
бекіту туралы
«Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Порттың мiндеттi көрсететiн қызметтерiнiң тiзбесi бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 18 наурыз
0 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 75 бұйрығымен
бекітілген
Порттың мiндеттi көрсететін қызметтерінің тiзбесi
Кеменiң кейiннен порттан шыға отырып, жүк операцияларын жүргiзуге және (немесе) өзге де мақсаттарда портқа кiруi үшiн көрсетілетін қызметтер (кеменiң кiруi):
1 1) корабельдiк - кеменiң портқа кiруiн және одан шығуын ұсыну;
2 2) айлақтық - кемелерге айлақтарда жүк және көмекшi операциялар үшiн тұрақтар ұсыну;
3 3) зәкiрлiк - iшкi рейдте немесе рейдтiк айлақта кеме тұрағын ұсыну;
4 4) арқандап байлау - кеменiң арқандап байлау ұштарын тарату, айлақтан жылжу, кемелердi көшiру және қайта арқандап байлау, тiркеп сүйрегiштер жұмысы;
5 5) табиғат қорғау iс-шаралары саласында - портта тұрған уақытта болған ластанудың (балластық сулардан басқа) барлық түрлерiн кемеден қандай да бiр шектеусiз қабылдау;
6 6) карантиндiк - порттың мыналарды:
карантиндiк жұқпалы аурумен ауыратындарды және жұқпалы ауру таратушы болуы мүмкiн адамдарды уақытша оқшаулау үшiн үй-жай ұсынуды;
порт аумағы мен объектiлерiн тиiстi санитарлық жай-күйде ұстауды;
көлiк кемелерiнде, порт объектiлерiнде кемiргiштер мен жәндiктердi алдын ала жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтерi.