Об утверждении Правил проведения аудита в области пожарной безопасности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения аудита в области пожарной безопасности
- Атауы (қаз.)
- Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 111
- Қабылданған күні
- 13.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2017 87811_183373.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010492
- ЭКБ идентификаторы
- 87811
- Редакция идентификаторы
- 87811_183373
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:41
0 Өрт қауіпсіздігі саласында
аудит жүргізу қағидаларын
бекіту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің 2015 жылғы
«13» ақпандағы № 111 бұйрығымен
бекітілген
Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидалары
1 1. Осы Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы»
2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-31) тармақшасына сәйкес әзірленген және сараптама ұйымдарының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу тәртібін айқындайды.
2 2. Өрт қауіпсіздігі саласында аудит (бұдан әрі - аудит) объектінің басшысы мен сараптама ұйымының арасында жасалған шарт негізінде жүргізіледі.
3 3. Аудит жүргізу мерзімі шартта айқындалады, бірақ оған тараптар қол қойған күннен бастап үш айдан аспауы тиіс.
4 4. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит:
1 1) объектінің өрт қауіптілігін, сондай-ақ персоналдың даярлық деңгейін сипаттайтын құжаттарды талдау, оның ішінде:
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарының орындалуын және жобалау құжаттамасының сәйкестігін талдау;
объектінің, оның ішінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің басшылары мен персоналының даярлығы;
2 2) объектінің өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы объективті ақпарат алу, өрттің туындау және даму мүмкіндігін, өрттің қауіпті факторының адамдарға тигізетін әсерін анықтау, сондай-ақ объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін анықтау үшін объектіні зерттеу, оның ішінде:
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінің құжаттамалық және нақты сәйкес келуі;
кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды өрттен қорғауға арналған өрт техникасының бар-жоғы және жай-күйі;