Об установлении повышенных не менее чем на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении повышенных не менее чем на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 215
- Қабылданған күні
- 23.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2016 87819_149543.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15NG005434
- ЭКБ идентификаторы
- 87819
- Редакция идентификаторы
- 87819_149543
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:33
0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария
саласындағы мамандарға кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық
айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленсін.
2
2. Мәслихаттың 2014 жылғы 19 наурыздағы №137 « Азаматтық қызмет-ші болып табылатын және ауданның ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4596 тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде «Әулиекөл» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________________
Печникова Т. И.
2015 жылғы «23» ақпан