Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Жарлық · № 605 · қабылданған 10.05.2001
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-8784/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан Қолданыста Жарлық ·№ 605 ·10.05.2001
29.12.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Қолданыста Жарлық ·№ 605 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
605
Қабылданған күні
10.05.2001
Көрсетілген редакция
29.12.2015 AI8784_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U010000605_
ЭКБ идентификаторы
8784
Редакция идентификаторы
AI8784_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:48

0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Мемлекеттiк қызметтi одан әрi жетiлдiру мақсатында қаулы етемін:

1 1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1) Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;

2 2) "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымына орналасуға арналған кадрлар резервi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 4 ақпандағы N 330 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 61-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымына орналасуға арналған кадрлар резервi туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кадр резервiне есепке алынған азаматтар бiр жыл iшiнде лауазымдар санаттарының бiр тобы шегiнде мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет лауазымдарының тиiстi немесе төменгi санатының лауазымына бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген әрi олардың келiсiмi болған жағдайда конкурстан өтпей тағайындалуы мүмкiн.";
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Уәкiлеттi органның резервшiнiң өтiнiшi бойынша, ол бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда, лауазымдар санаттарының бiр тобы шегiнде төменгi санаттағы лауазымдарға орналасу үшiн оны кадр резервiне ауыстыруға құқығы бар".
15-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер конкурстың нәтижесiнде бос қызмет орнына орналасуға үмiткер анықталмаса, конкурсқа қатысушылардың ешқайсысы кадр резервiне есепке алуға ұсыныла алмайды.";
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. Ереженiң 21-тармағында аталған азаматтар үшiн тиiстi санаттар лауазымдарының кадр резервiне есепке алыну құқығы мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқуды бiтiрген сәттен бастап туындайды және олар үшiн үш ай бойы сақталады.".
33-тармақта:
"хақы бар" деген сөздер алынып тасталсын;
"салу" деген сөз "салады" деген сөзбен ауыстырылсын;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Мемлекеттiк орган әкiмшiлiк қызметтiң бос лауазымына резервшiнi орналастыру туралы шешiм қабылдаған кезде осы мемлекеттiк органның конкурстық комиссиясының ұсынысы бойынша кадр резервiне бұрын алынған адамдардың кандидатурасын бiрiншi кезекте қарайды.
Кадр резервiнде лауазымдардың осы санатына немесе мемлекеттiк органның бос лауазым үшiн белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн резервшiлер болмаған немесе резервшiмен әңгiмелесу нәтижесi қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, мемлекеттiк органның конкурс өткiзуге құқығы бар.
Мемлекеттiк орган қабылданған шешiм туралы уәкiлеттi органды он күн мерзiмде хабардар етуге мiндеттi.";

3 3) Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

2 2. Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi бiр ай мерзiмде өздерiнiң бұрын қабылдаған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.

3 3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

4 4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы