Об утверждении цен на услуги, реализуемые субъектом государственной монополии в сферах электронного документа и электронной цифровой подписи, информатизации, в области связи и телерадиовещания
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении цен на услуги, реализуемые субъектом государственной монополии в сферах электронного документа и электронной цифровой подписи, информатизации, в области связи и телерадиовещания
- Атауы (қаз.)
- Электрондық құжат, электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 88
- Қабылданған күні
- 30.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.11.2019 87848_435078.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010493
- ЭКБ идентификаторы
- 87848
- Редакция идентификаторы
- 87848_435078
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:51
0 Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы
Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-1-бабының 2-тармағына, «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 2-тармағына және «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2-тармағына сәйкес
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағалары;
2
3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес байланыс және телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1 1) осы бұйрық заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________________ Е. Досаев
2015 жылғы 30 қаңтар
1 Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағалары
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 88 бұйрығына
1-қосымша
Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағалары
Р/с №
Көрсетілетін қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
ҚҚС ескерілмеген бағасы,
теңге
ҚҚС ескерілген бағасы,
теңге
1
2
3
4
5
1.
Шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы көрсететін қызметтер
1 қызмет*
21 758 103,57
24 369 076
2.
Куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы көрсететін қызметтер
1 қызмет*
21 251 140,18
23 801 277
3.
«Электрондық үкіметке», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қатысушыларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы көрсететін қызметтер
1 қызмет*
205 559 677,68
230 226 839
4.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне қатысушыларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарын куәландырушы орталығы көрсететін қызметтер
1 қызмет*
62 944 023,21
70 497 306
Ескерту:
*Қызметтер электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы уәкілетті органның ведомствосына көрсетіледі.
2 Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 88 бұйрығына
2-қосымша
Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағалары
3 Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 88 бұйрығына
3-қосымша
Байланыс және телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағалары
Р/с №
Көрсетілетін қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
ҚҚС ескерілмеген бағасы, теңге
ҚҚС ескерілген бағасы, теңге
1.
Радиосигналдар параметрлерін өлшеуді, радиоэлектрондық аппаратураның жанама электромагниттік сәулеленуін байқауды қоса алғанда, радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету, уәкілетті орган байланыс операторлары көрсететін қызметтердің сапасына бақылау жүргізген кезде жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету, радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету, телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның теле-, радиоарналарды халықтың қабылдауының сапасын бақылауды жүргiзуі кезiнде жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету
1 қызмет*
385 411 881, 25
431 661 307
2.
Халықаралық электр байланысы одағында Қазақстан Республикасының орбиталық-жиіліктік ресурсын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеу
1 спутниктік желі
5 256 689,29
5 887 492
3.
4.
Радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу:
ұялы байланыстың стационарлық (базалық) станциялары (1 типтік станция);
сымсыз радиоқолжетімділік жүйелерінің стационарлық (базалық) станциялары (WLL (1 радиожиілікті беру)
1 қызмет
20 868, 75
23 373
ультрақысқа толқынды радиобайланысқа арналған стационарлық қабылдау - тарату радиоэлектрондық құралдары;
транкингтік радиобайланыс жүйесіне арналған қабылдау - тарату радиоэлектрондық құралдары;
радиотелеметрияға арналған стационарлық (базалық) қабылдау - тарату станциялары; ұзын толқынды, орташа толқынды, қысқа толқынды диапазонға арналған стационарлық радиоэлектрондық құралдары (бір станцияға бір радиожиілік
(радиоарна) үшін)
1 қызмет
18 008, 93
20 170
радиорелелік станциялар (1 станция 1 жиілікті беру)
1 қызмет
16 156, 25
18 095
жерсеріктік байланыстың стационарлық (жердегі) станциялары (1 станция)
1 қызмет
22 071,43
24 720
мыналардың: телевизиялық хабар таратуға арналған радиотаратушы құрылғылардың; эфир-кәбілдік телевизия станцияларының;
дыбыстық (радио) хабар
таратуға арналған радиотаратушы құрылғылардың (1 радиожиілік/ телевизиялық арна 1 мультиплекс) электр магниттік үйлесімділігін есептеуді және жиіліктік-аумақтық жоспарлауды жүргізу
1 қызмет
20 725,89
23 213
Электромаганиттік үйлесімділік сараптама қорытындысының телнұсқасын беру
1 қызмет
976, 79
1 094
5.
Ұялы байланыс операторларына абоненттік нөмірлердің орталықтандырыған деректер базасының ресурстарына қол жеткізуге рұқсат беру
1 айда 1 қызмет
6 388 236
7 154 825
6.
Қалааралық және халықаралық байланыс операторларына абоненттік нөмірлердің орталықтандырыған деректер базасының ресурстарына қол жеткізуге рұқсат беру
1 айда 1 қызмет
360 626
403 902
Ескерту:
*Қызметтер байланыс және телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдап отыру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына көрсетіледі.