Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов по Исатайскому району для всех кандидатов в Президенты, депутаты Сената и Мажилиса Парламента, маслихатов и членов иных органов местного самоуправления Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов по Исатайскому району для всех кандидатов в Президенты, депутаты Сената и Мажилиса Парламента, маслихатов и членов иных органов местного самоуправления Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарына және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне барлық кандидаттар үшін Исатай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 54
- Қабылданған күні
- 16.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2015 87850_5304.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15TD003133
- ЭКБ идентификаторы
- 87850
- Редакция идентификаторы
- 87850_5304
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:06
0 Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарына және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне барлық кандидаттар үшін Исатай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 6 тармағы негізінде, Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарына және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне барлық кандидаттар үшін Исатай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Өтеғалиевке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ :
Исатай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Б.Қарабаев
2015 жылғы 16 наурыз
4 Аудан әкімдігінің 2015 жылғы
16 наурыздағы №54 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Президентiне, Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсi, мәслихаттары депутаттарына және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне барлық кандидаттар үшін Исатай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарының
ТІЗБЕСІ
№
Ауылдық округтердің атаулары
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1
Аққыстау ауылдық округі
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесіндегі ақпараттық тақта
17 бекет, орталық алаңдағы ақпараттық тақта
Аққыстау ауылы, Жас алаш және Ынтымақ көшелерінің қиылысындағы ақпараттық тақта
2
Жанбай ауылдық округі
Жанбай ауылы, Зинеден Құрасұлы көшесіндегі ақпараттық тақта
3
Забурын ауылдық округі
Зинеден ауылы, Жастар көшесіндегі ақпараттық тақта
4
Исатай ауылдық округі
Исатай ауылы, Исатай Тайманов көшесіндегі ақпараттық тақта
5
Қамысқала ауылдық округі
Х.Ерғалиев ауылы, Бақсай және И.Шөкетаев көшелерінің қиылысындағы ақпараттық тақта
Х.Ерғалиев ауылы, Қамысқала көшесіндегі ақпараттық тақта
6
Нарын ауылдық округі
Нарын ауылы, Болат жол көшесіндегі ақпараттық тақта
7
Тұщықұдық ауылдық округі
Тұщықұдық ауылы, Ғ.Рамазанов көшесіндегі ақпараттық тақта
Тұщықұдық ауылы, Ш.Шәріпов көшесіндегі ақпараттық тақта
Қызыл үй елді мекені, орталық алаңдағы ақпараттық тақта