Об утверждении общего численного состава частных судебных исполнителей по республике
Күшін жойған
Бұйрық
·№ 156
·
18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении общего численного состава частных судебных исполнителей по республике
- Атауы (қаз.)
- Республика бойынша жеке сот орындаушыларының жалпы сандық құрамын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 156
- Қабылданған күні
- 17.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2016 AI87857_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010508
- ЭКБ идентификаторы
- 87857
- Редакция идентификаторы
- AI87857_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:05
0 Республика бойынша жеке сот орындаушыларының жалпы сандық құрамын бекіту туралы
2010 жылғы 2 сәуірдегі «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Республика бойынша жеке сот орындаушыларының жалпы сандық құрамы 1500 бірлікке бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев