Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к туристской операторской деятельности и перечня документов, подтверждающих соответствие им

Бұйрық · № 79 · қабылданған 30.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87867/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к туристской операторской деятельности и перечня документов, подтверждающих соответствие им Қолданыста Бұйрық ·№ 79 ·30.01.2015
18.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к туристской операторской деятельности и перечня документов, подтверждающих соответствие им

Қолданыста Бұйрық ·№ 79 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к туристской операторской деятельности и перечня документов, подтверждающих соответствие им
Атауы (қаз.)
Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
79
Қабылданған күні
30.01.2015
Көрсетілген редакция
18.01.2024 87867_683991.kaz
Соңғы өзгеріс
18.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010484
ЭКБ идентификаторы
87867
Редакция идентификаторы
87867_683991
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:49

0 Туристік операторлық қызметке

қойылатын біліктілік талаптары
мен олардың сәйкестігін растайтын
құжаттар тізбесін бекіту туралы
«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е. Досаев
2015 жылғы 9 ақпан

0 Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 79 бұйрығымен
бекітілген
Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі
Р/с №
Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры мы­на­лар­дың бо­луын қам­ти­ды:
Құ­жат­тар
Ес­керт­пе
1
2
3
4
1
Қа­лып­та­сты­ры­л­ған ту­ри­стік өнім
Қа­лып­та­сты­ры­л­ған ту­ри­стік өнім­ге кі­ре­тін же­ке­ле­ген ту­ри­стік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ге ар­нал­ған үшін­ші тұ­лға­лар­мен жа­са­сы­л­ған шар­ттар ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер­дің ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
2
Ең­бек өті­лі бір жыл­дан кем емес, ту­ри­стік бі­лі­мі бар, ке­мін­де бір қыз­мет­кер­дің бо­луы
Ди­плом, жа­са­сы­л­ған ең­бек шар­ты және ең­бек кі­тап­ша­сы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер­дің ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
3
Же­ке мен­шік құқы­ғын­да­ғы неме­се өзге­де заң­ды негіз­де­гі кең­се­ге ар­нал­ған үй-жай
Же­ке мен­шік құқы­ғын неме­се өзге де заң­ды негіз­дер­ді рас­тай­тын құ­жат­тар ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер­дің ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
4
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ту­ри­стік қыз­мет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 27-3-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­пен жа­сал­ған банк­тік ке­піл­дік шар­ты
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­пен жа­сал­ған банк­тік ке­піл­дік шар­ты ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын мә­лі­мет­тер­дің ны­са­ны (қо­сым­ша­ға сәй­кес)
шы­ғу ту­риз­мі са­ла­сы­ның ту­ро­пе­ра­тор­ла­ры үшін

1 Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

Туристік операторлық қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
мен олардың сәйкестігін растайтын
құжаттардың тізбесіне
қосымша
Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына ұсынады
Әкімшілік деректердің нысаны www.tsm.gov.kz және www.elisence.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: «Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер»
Индекс: 1-КТ
Кезеңділігі: біржолғы
Есепті кезең: ағымдағы кезең
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: туристік операторлардың қызметін бастайтын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: туристік операторлар қызметінің басталғаны туралы құжаттарды беру кезінде
Р/с №
Қа­лып­та­сты­ры­л­ған ту­ри­стік өнім
Ең­бек өті­лі бір жыл­дан кем емес, ту­ри­стік бі­лі­мі бар ке­мін­де бір қыз­мет­кер­дің бо­луы
Мен­шік құқы­ғын­да­ғы неме­се өзге заң­ды негіз­дер­де­гі кең­се­ге ар­нал­ған үй-жай
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ту­ри­стік қыз­мет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 27-3-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­пен жа­сал­ған банк­тік ке­піл­дік шар­ты
1
2
3
4
5
қа­лып­та­сты­ры­л­ған ту­ри­стік өнім­ге кі­ре­тін же­ке­ле­ген ту­ри­стік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ге ар­нал­ған үшін­ші тұ­лға­лар­мен жа­са­сы­л­ған шар­ттар­дың нө­мір­ле­рі
шар­ттар жа­са­сы­л­ған кү­ні
ма­манды­ғы мен бі­лік­ті­лі­гі
ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі­нің бей­і­мі бой­ын­ша жо­ға­ры неме­се ор­та кә­сіп­тік бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом­ның нө­мі­рі
ди­плом­ның бе­рі­л­ген кү­ні
оқу ор­ны­ның ата­уы
ту­ри­стік бі­лі­мі бар қыз­мет­кер­дің ең­бек өті­лі
кең­се­ге ар­нал­ған үй-жай­ға құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тың ата­уы, нө­мі­рі және кү­ні
шы­ғу ту­риз­мі са­ла­сы­ның ту­ро­пе­ра­тор­ла­ры үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­пен жа­сал­ған банк­тік ке­піл­дік шар­ты ту­ра­лы ақ­па­рат
Телефоны ________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы ______________________________________
Орындаушы _______________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ___________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

1.1 «Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысанға
қосымша
«Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
1. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
2. 2-бағанда қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсетуге арналған үшінші тұлғалармен жасасылған шарттардың нөмірлері, шарттар жасасылған күні көрсетіледі.
3. 3-бағанда мамандығы мен біліктілігі, лицензияланатын қызмет түрінің бейімі бойынша жоғары немесе орта кәсіптік білімі туралы дипломның нөмірі, дипломның берілген күні, оқу орнының атауы, туристік білімі бар қызметкердің еңбек өтілі көрсетіледі.
4. 4-бағанда кеңсеге арналған үй-жайға құқық белгілейтін құжаттың атауы, нөмірі және күні көрсетіледі.
5. 5-бағанда шығу туризмі саласының туроператорлары үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкпен жасалған банктік кепілдік шарты туралы ақпараты көрсетіледі.

Қолданыстағы