Об утверждении разрешительных требований, предъявляемых к экспертным организациям
Қолданыста
Бұйрық
·№ 110
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении разрешительных требований, предъявляемых к экспертным организациям
- Атауы (қаз.)
- Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 110
- Қабылданған күні
- 13.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 06.08.2025 87901_778734.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010496
- ЭКБ идентификаторы
- 87901
- Редакция идентификаторы
- 87901_778734
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:41
0 Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Сараптама ұйымдарына қойылатын қоса берiлiп отырған рұқсат беру талаптары бекiтiлсiн.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 13 ақпандағы
№ 110 бұйрығымен
бекітілген
Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары
1 1. Осы сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары (бұдан әрі - рұқсат беру талаптары) сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша жұмыстарды орындауға сәйкестігін анықтау мақсатында әзірленген.
2 2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін сараптама ұйымына мынадай рұқсат беру талаптары қойылады:
1 1) штатта мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келетін кемінде үш маманның болуы:
өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы;
басқа да жоғары білімінің және мемлекеттік және (немесе) кәсіби өртке қарсы қызметтерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды тікелей орындаумен кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы;