Об установлении квоты рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций по Райымбекскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций по Райымбекскому району
- Атауы (қаз.)
- Райымбек ауданы бойынша интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33
- Қабылданған күні
- 24.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2016 87956_114058.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DO003104
- ЭКБ идентификаторы
- 87956
- Редакция идентификаторы
- 87956_114058
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:31
0 Райымбек ауданы бойынша
интернаттық ұйымдарды
бітіруші кәмелетке
толмағандар үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Райымбек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Райымбек ауданы бойынша интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Райымбек ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 ақпандағы «Райымбек ауданы бойынша интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 26 ақпанда № 2599 тіркелген, 2014 жылы 15 наурызда аудандық «Хан тәңірі» газетінің № 11 (7813) жарияланған) № 56 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (әлеуметтік саланың мәселелеріне жетекшілік ететін) жүктелсін.
4. Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Зықаев Халық Сансызбайұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.