Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Райымбекскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Райымбекскому району
- Атауы (қаз.)
- Райымбек ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32
- Қабылданған күні
- 24.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2016 87958_114049.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DO003105
- ЭКБ идентификаторы
- 87958
- Редакция идентификаторы
- 87958_114049
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:31
0 Райымбек ауданы бойынша
мүгедектер үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Райымбек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Райымбек ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2
2. Райымбек ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 ақпандағы «Райымбек ауданы бойынша интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар және мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 26 ақпанда № 2599 тіркелген, 2014 жылы 15 наурызда аудандық «Хан тәңірі» газетінің № 11 (7813) жарияланған) № 56 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (әлеуметтік саланың мәселелеріне жетекшілік ететін) жүктелсін.
4
4. Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Зықаев Халық Сансызбайұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.