Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Баянаульского района

Ереже · № 258/44 · қабылданған 06.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-87960/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Баянаульского района Күшін жойған Ереже ·№ 258/44 ·06.03.2015
21.11.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Баянаульского района

Күшін жойған Ереже ·№ 258/44 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Баянаульского района
Атауы (қаз.)
Баянауыл ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
258/44
Қабылданған күні
06.03.2015
Көрсетілген редакция
21.11.2017 87960_261787.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15PE004393
ЭКБ идентификаторы
87960
Редакция идентификаторы
87960_261787
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:13

0 Баянауыл ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау

жөнінде Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Баянауыл ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережесі бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Баянауыл ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже

Баянауыл аудандық мәслихатының
2015 жылғы 06 наурыздағы
№ 258/44 шешімімен бекітілген
Баянауыл ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже

1 1. Жалпы Ережелер

1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленген және ауданның Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

2

2. Баянауыл ауданының Құрмет грамотасымен экономиканың, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушіліктің, әскери және қоғамдық, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтарлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар марапатталады.

3

3. Баянауыл ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау үшін ұсынымдар еңбек, шығармашылық ұжымдармен, аудандық өкілді және атқарушы органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, демократияның, достық пен қоғамдық ынтымақтастықтың нығаюына, Баянауыл ауданының аумағында әлеуметтік және экономикалық саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуына қомақты үлесін қосқаны үшін енгізіледі.

4 4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында марапатталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітеді.

2 2. Баянауыл ауданы Құрмет грамотасының сипаттамасы

5 5. Баянауыл ауданы Құрмет грамотасының формасы:

- мемлекеттік тілінде: Баянауыл ауданының Құрмет грамотасы;
- орыс тілінде: Почетная грамота Баянаульского района.
Құрмет грамотасы қосымша жапсырмасы бар, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» және орыс тілінде «ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА» жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.
Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен кеңейтілген түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен мемлекеттік тілде «Баянауыл ауданы» және төменгі бөлігінде орыс тілінде «Баянаульский район» жазулары бейнеленген.
Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында мемлекеттік тілде «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» және оң жағында орыс тілінде «ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА» жазулары бар.
Қосымша жапсырманың сол жағынан мемлекеттік тілде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін арнайы орын белгіленген.
Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін арнайы орын белгіленген.

3 3. Баянауыл ауданының Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі

6 6. Баянауыл ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім Баянауыл аудандық мәслихаты хатшысының және Баянауыл ауданы әкімінің ұсынысы бойынша Баянауыл аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

Құрмет грамотасына аудандық мәслихатының хатшысы және Баянауыл ауданының әкімі қол қояды.

7 7. Баянауыл ауданының Құрмет грамотасы тапсыру салтанатты түрде Баянауыл ауданы мәслихатының хатшысымен және Баянауыл ауданының әкімімен өткізіледі.

8 8. Баянауыл ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Баянауыл ауданы мәслихатының жанында құрылған әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.

9 9. Марапаттау бойынша материалдар Баянауыл ауданының мәслихатында сақталады.

Қолданыстағы