Об установлении единовременной денежной компенсации на покрытие расходов за коммунальные услуги и на приобретение топлива для отопления жилых помещений педагогическим работникам образования, работающим в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единовременной денежной компенсации на покрытие расходов за коммунальные услуги и на приобретение топлива для отопления жилых помещений педагогическим работникам образования, работающим в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 42-218
- Қабылданған күні
- 26.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2015 87965_5794.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DO003116
- ЭКБ идентификаторы
- 87965
- Редакция идентификаторы
- 87965_5794
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:24
0 Ауылдық жерде жұмыс істейтін
білім берудің педагог қызметкерлеріне
коммуналдық қызмет көрсетулерге
шығыстарды жабуға және тұрғын
үй-жайларды жылыту үшін отын
сатып алуға біржолғы ақшалай
өтемақы белгілеу туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Райымбек ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерде біржолғы ақшалай өтемақы белгіленсін.
2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, тіл, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3
3. Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Зыкаев Халық Сансызбаевичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.