Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления кандидатам помещений для встреч с избирателями в Илийском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления кандидатам помещений для встреч с избирателями в Илийском районе
- Атауы (қаз.)
- Іле ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3-145
- Қабылданған күні
- 13.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.02.2025 I87968_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DJ003118
- ЭКБ идентификаторы
- 87968
- Редакция идентификаторы
- I87968_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:08
0 Іле ауданында үгіттік
баспа материалдарын орналастыру
үшін орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Іле аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3
3. «Іле ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жарқынбеков Сұлтан Данашұлына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мұсаев Мәден Тоқтарбайұлына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Іле ауданы әкімдігінің 2015 жылғы
13 наурыздағы «Іле ауданында үгіттік
баспа материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы»
№ 3-145 қаулысына 1-қосымша
Іле ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1.Өтеген батыр ауылдық округі бойынша:
1) Өтеген батыр ауылы, «Арман» ықшам ауданы, Шұғыла көшесі, № 22а, «Арман» дүкенінің жанындағы стенд;
2) Өтеген батыр ауылы, Гүлдер ықшам ауданы, Ш. Құлымбаев көшесі, № 25/1, «Әдемі» дүкенінің жанындағы стенд;
3) Қарасу ауылы, Қонаев көшесі, № 7, «Елена» дүкенінің жанындағы стенд.
2. Байсерке ауылдық округі бойынша:
1) Байсерке ауылы, Д. Қонаев көшесі, № 92, «Байсерке Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі, №14 б, № 28 гимназия ғимаратының жанындағы стенд;
3) Көктерек ауылы, Шалкиіз Жырау көшесі, 11 А, № 21 орта мектеп ғимаратының жанындағы стенд;
4) Әли ауылы, Е. Беделбаев көшесіндегі аялдама жанындағы стенд.
5) Байсерке ауылы, Арқабай көшесі, 68 А, «Қазпошта» акционерлік коғамының филиалы ғимаратының жанындағы.
3. Қараой ауылдық округі бойынша:
1) Қараой ауылы, Ә. Отарбаев және Тың дала көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Н.Тілендиев ауылы, Арман және Ә. Исаев көшелерінің қиылысындағы стенд;
3) Қосөзен ауылы, Жильников көшесі, № 89, «Кошалко» дүкенінің жанындағы стенд.
4. Байкент ауылдық окургі бойынша:
1) Байкент ауылы, Ю. Гагарин және Бейбітшілік көшелерінің қиылысында орналасқан стенд.
5. Ақсай ауылдық округі бойынша:
1) Ақсай ауылы, Достық көшесі, № 10, мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Екпінді ауылы, Шевченко көшесі, № 29, №2 орта мектептің алды;
3) Жауғашты ауылы, Абай көшесі, № 15, «Алишер» дүкенінің жанындағы стенд.
6. А.Тоқпанов ауылдық округі бойынша:
1) А.Тоқпанов ауылы, Б. Сейдалиев және А. Қисанов көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Жайнақ ауылы, Қ. Күшелеков көшесі, № 57, «Мұхамеджанов» дүкенінің жанындағы стенд.
7. Ашыбұлақ ауылдық округ бойынша:
1) Мұхаметжан Түймебаев ауылы, Тәуелсіздік көшесі, № 150, «Диана» дүкенінің жанындағы стенд;
2) Көкқайнар ауылы, Астана көшесі, № 14, «Уашпаев» және «Береке» дүкендерінің жанындағы стенд;
3) Төле би ауылы, М. Мәметова көшесі, № 36, ауылдық фельдшерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;
4) Жәпек батыр ауылы, Қ. Алтаев көшесі, № 42, ауылдық ветиринариялық пункті ғимаратының жанындағы стенд.
8. Күрті ауылдық округі бойынша:
1) Ақши ауылының Д.Қонаев пен Ж.Бәрібаев көшесінің қиылысында орналасқан стенд.
9. Боралдай кенті бойынша:
1) Боралдай кенті, «Водник-1» ықшам ауданы, Алатау және Абылай хан көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Боралдай кенті, Космонавтов көшесі, № 96, «Әсем» дүкенінің жанындағы стенд;
3) Боралдай кенті, Аэродромная көшесі, № 96, «Удобный» дүкенінің жанындағы стенд.
7 Іле ауданы әкімдігінің 2015 жылғы
13 наурыздағы «Іле ауданында үгіттік
баспа материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу және кандидаттарға
сайлаушылармен кездесуі үшін үй-
жайлар беру туралы» № 3-145
қаулысына 2-қосымша
Іле ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
1. Өтеген батыр ауылдық округі бойынша:
1) Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі № 16, № 7 орта мектептің акті залы.
2) Өтеген батыр ауылы, Әжімұратов көшесі № 12, № 13 орта мектептің акті залы.
3) Қарасу ауылы, Рысқұлбеков көшесі № 38, № 24 лицейдің акті залы.
2. Байсерке ауылдық округі бойынша:
1) Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 14 б, № 28 гимназияның акті залы.
2) Али ауылы, Бұқар жырау көшесі № 2, № 22 орта мектептің акті залы.
3. Қараой ауылдық округі бойынша:
1) Қараой ауылы, Бейбітшілік көшесі № 9, ауылдық мәдениет үйі.
2) Қосөзен ауылы, Абай көшесі № 1, № 14 орта мектептің акті залы.
3) Нұрғиса Тілендиев ауылы, Алматы көшесі № 32, № 26 орта мектептің акті залы.
4. Байкент ауылдық округі бойынша:
1) Байкент ауылы, «3-ықшам аудан», № 13, аудандық мәдениет үйі.
5. Ақсай ауылдық округі бойынша:
1) Ақсай ауылы, Достық көшесі № 10, ауылдық мәдениет үйі.
2) Екпінді ауылы, Қобыланды батыр көшесі № 45, Т. Айбергенов атындағы № 48 орта мектептің акті залы.
3) Жауғашты ауылы, Абай көшесі № 3, № 27 орта мектептің акті залы.
6. А.Тоқпанов ауылдық округі бойынша:
1) А.Тоқпанов ауылы, Б.Сейдалиев көшесі № 117, № 42 орта мектептің акті залы.
2) Жайнақ ауылы, Школьная көшесі № 4, № 31 орта мектептің акті залы.
7. Ашыбұлақ ауылдық округі бойынша:
1) Мұхаметжан Түймебаев ауылы, Молдағұлов көшесі № 14, № 19 орта мектептің акті залы.
2) Жапек батыр ауылы, Қ.Алтаев көшесі № 138 А, №36 орта мектептің акті залы.
3) Көкқайнар ауылы, Байтерек көшесі № 97А, № 44 орта мектептің акті залы.
4) Төле би ауылы, А.Қарсақбаев көшесі № 16А, № 37 орта мектептің акті залы.
8. Күрті ауылдық округі бойынша:
1). Ақши ауылы, Д. Қонаев көшесі № 31, ауылдық мәдениет үйі.
9. Боралдай кенті бойынша:
1) Боралдай кенті, Бостанов көшесі № 1, № 17 орта мектептің акті залы
2) Боралдай кенті, Аэродромная көшесі № 4 Г, № 23 орта мектептің акті залы.
3) Боралдай кенті, Байзаков көшесі № 59, № 40 орта мектептің акті залы.