Об утверждении форм заключений о качестве строительно-монтажных работ и соответствии выполненных работ проекту, декларации о соответствии, акта приемки объекта в эксплуатацию
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении форм заключений о качестве строительно-монтажных работ и соответствии выполненных работ проекту, декларации о соответствии, акта приемки объекта в эксплуатацию
- Атауы (қаз.)
- Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысандарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 121
- Қабылданған күні
- 24.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 24.04.2017 88001_190551.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010529
- ЭКБ идентификаторы
- 88001
- Редакция идентификаторы
- 88001_190551
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:32
0 Құрылыс-монтаждау жұмыстарының
сапасы және орындалған
жұмыстардың жобаға сәйкестігі
туралы қорытындылардың, сәйкестік
туралы декларацияның, объектіні
пайдалануға қабылдау актісінің
нысандарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 22-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындының нысаны;
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындының нысаны;
3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сәйкестік туралы декларацияның нысаны;
4 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысандары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 121 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды
2015 жылғы «____» ___________
Техникалық қадағалау___________________________________________________
______________________________________________________________________
ұйым атауы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), заңды мекенжайы
_________________________________________________________________________________________
атынан сарапшылардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аттестат № және алған күні
___________________________________________________ негізінде әрекет етеді
шарт № және күні
______________________________________________________объектісі бойынша,
объектінің атауы және орналасқан жері
тапсырыс берушісі ______________________________________ болып табылатын
ұйым атауы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
мыналарды растайды:
1. Объект құрылысын
а) мердігер (бас мердігер)___________________________________________
________________________________________________________________
ұйымның атауы, лицензия № және алған күні
___________________________________________________________атынан;
басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
б) қосалқы мердігер ұйымдар:_______________________________________
_________________________________________________________________;
ұйымның атауы, лицензия № және алған күні
_____________________________________________атынан жүзеге асырды;
басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
2. Құрылыс-монтаж жұмыстары мынадай мерзімде жүзеге асырылды:
жұмыстың басталуы________________ ;
айы, жылы
жұмыстың аяқталуы________________;
айы, жылы
құрылыстың ұзақтығы, ай:
құрылысты ұйымдастыру нормасы бойынша немесе жобасы
бойынша ________;
нақты ______________________________________________________________ай;
3. Бекітілген жоба (жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сметалық құны:
барлығы _______ мың теңге, оның ішінде: құрылыс-монтаж жұмыстары: ________ мың теңге,
жабдықтар, мүкаммалдар мен құрал-саймандар ________ мың теңге;
4. Пайдалануға қабылданатын негiзгi қорлардың сметалық құны: ______ мың теңге,
оның ішiнде: құрылыс-монтаж жұмыстары ______ мың теңге, жабдықтар, мүкаммалдар
мен құрал-саймандар ____ мың теңге;
5. Объекті жобаға (жобалау-сметалық құжаттамасына) ______________________
______________________________________________________________________
жобалаушы ұйымның атауы, жобаның нөмiрi
______________________________________________________________
бекітілген жобаны бекiткен (қайта бекiткен) ұйымның атауы және бекітілген күні және сәулет,
қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес
салынған;
6. Қолданылған құрылыс материалдары, конструкциялары, жабдық және бұйымдар жобаның және
мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес келеді;
7. Атқарушылық техникалық құжаттама толық көлемде бар;
8. Құрылыс процесінде техникалық қадағалау берген ескертпелер жойылған;
9. Құрылысы аяқталған объекті беріктікті, орнықтылықты, сенімділікті қамтамасыз етеді
және жалпы қызмет көрсету (пайдалану, іске асыру, қолдану) мерзімі барысында
меншік иелерінің (пайдаланушының) және қоғамның мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге бағытталған мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес келеді.
Техникалық қадағалау:
ұйым_________________________________________________________________
ұйым атауы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, күні
М.О.
техникалық қадағалау сарапшысы(лары)____________________________________
______________________________________________________________________
сарапшының (сарапшылардың) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аттестат №,
қолы, күні ______________________________________________________________________
М.О.
2 Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 121 бұйрығына
2–қосымша
Нысан
Орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды
2015 жылғы «____» ___________
Авторлық қадағалау____________________________________________________
ұйым атауы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
___________________________________________________________атынан
сарапшылардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аттестат № және алған күні
___________________________________________________ негізінде әрекет етеді.
шарт № және күні
_____________________________________________________объектісі бойынша,
объектінің атауы және орналасқан жері
______________________________________________________________________
тапсырыс берушісі ______________________________________ болып табылады.
ұйым атауы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
1. Объект құрылысы
а) мердігермен (бас мердігермен)_____________________________________
_________________________________________________________________
ұйымның атауы, лицензия № және алған күні
__________________________________________________________ атынан;
басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
б) қосымша мердігерлік ұйымдармен:________________________________
_________________________________________________________________;
ұйымның атауы, лицензия № және алған күні
________________________________________________атынан жүзеге асты;
басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
2. Құрылыс-монтаж жұмыстары мына мерзімде жүзеге асырылған:
жұмыстың басталуы________________ ;
айы, жылы
жұмыстың аяқталуы________________;
айы, жылы
құрылыстың ұзақтығы, ай:
норма бойынша немесе құрылысты жобалау ұйымы бойынша ______________ ай;
нақты ______________________________________________________________ ай;
3. Қолданылған құрылыс материалдары, конструкциялары, жабдық және бұйымдар
жобадағы және мемелекеттік нормативтер талаптарына сәйкес;
4. Техникалық қадағалаушының ескертпелері құрылыс процесінде жойылған;
5. Құрылыс процесінде жобаға (жобалау-сметалық құжаттамасына) енгізілген өзгерістер
сәулет, қала құрылысы саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес орындалған;
6. Объекті____________________________________________________ бекітілген,
құжаттаманы бекiтушi (қайта бекiтушi) органның атауы және бекітілген күні
___________________________________________________________________
жобалаушы ұйымның атауы, жобаның нөмiрi
_________________ жобаға (жобалау-сметалық құжаттамасына) сәйкес салынған.
Авторлық қадағалау:
ұйым_________________________________________________________________
ұйым атауы, басшанаң тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, күні
М.О.
техникалық қадағалау сарапшысы_________________________________________
______________________________________________________________________
сарапшының (сарапшылардың) аттестат №, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
қолы, күні ______________________________________________________________________
М.О.
3 Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 121 бұйрығына
3-қосымша
Нысан
Сәйкестік туралы декларация
2015 жылғы «____» ___________
Мердігер (бас мердігер) _______________________________________________
____________________________________________________________________
ұйымның атауы, заңды мекенжайы
___________________________________________________________ атынан
ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
______________________________________________________объектісі бойынша
объектінің атауы, орналасқан жері
__________________________________________________________________
тапсырыс беруші ______________________________________ болып табылатын
ұйымның атауы, басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
мынаны куәландырады:
1. Объектіде құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жобаға (жобалау-сметалық құжаттамаға),
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес
орындалған;
2. Қосымша мердігер ұйым:_________________________________________
___________________________________________________________________;
ұйымның атауы
3. Жоба (жобалау-сметалық құжаттамасы) _________________________________
______________________________________________________________________
жобалау ұйымының атауы, жобаның нөмiрi
__________________________________________________________бекітілген;
жобаны бекiткен (қайта бекiткен) ұйымның атауы және бекітілген күні
4. Объектiнiң (кешеннің) мынадай негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерi бар
(қуаттылық, өнiмдiлiк, өндiрiстiк алаң, ұзындық, сыйымдылық, көлем, өткiзу қабілеттілігі,
тасымалдау қабілеттілігі, жұмыс орындарының саны және сол сияқты,) барлық
объектiлер (тұрғын үйлерден басқа) бойынша (нысаналы өнiмдерге немесе көрсетілетін
қызметтердің негiзгi түрлерiне сәйкес өлшем бiрлiктерiмен толтырылады):
Қуаттылық, өнімділік және тағы басқа
Өлшем бірлігі
Жоба бойынша
Нақты
жалпы (бұрын қабылданғандарды ескере отырып)
оның ішінде іске қосу кешені немесе кезегі
жалпы (бұрын қабылданғандарды ескере отырып)
оның ішінде іске қосу кешені немесе кезегі
Тұрғын үйдiң мынадай көрсеткiштерi бар:
Көрсеткіштер
Өлшем
бірлігі
Жоба
бойынша
Нақты
Жалпы алаңы
шаршы метр (бұдан әрі - м2)
Қабаттар саны
қабат
Жалпы құрылыс көлемi
текше метр (бұдан әрі - м3)
Оның iшiнде жер асты бөлiгi
м3
Жапсарлас салынған, жапсарлас-жанаса салынған және жанаса салынған үй-жайлар алаңы
м2
Көрсеткiштер
Жоба бойынша
Нақты
пәтер
саны
Пәтер алаңы, м2
пәтер саны
Пәтер алаңы, м2
жалпы
тұрғын
жалпы
тұрғын
Барлық пәтер,
оның ішінде:
бір бөлмелі
екі бөлмелі
үш бөлмелі
төрт бөлмелі және одан көп
5. Объект бойынша технологиялық және сәулет-құрылыс шешімдері мына деректермен
сипатталады:________________________________________________
______________________________________________________________________;
негізгі материалдар мен конструкциялар, инженерлік және технологиялық жабдықтар
бойынша оны орналастыру ерекшеліктері бойынша қысқаша техникалық сипаттамалар
6. Объектiде жобада көзделген, жеке сынақтан және кешендi байқаудан кейiн оны
қабылдау туралы актiлер сәйкес мөлшерде жабдық орнатылған;
7. Жобада көзделген еңбекті қорғау, жарылыс қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау және сейсмикаға қарсы іс-шаралар орындалған;
8. Құрылыс-монтаж жұмыстары мынадай мерзімде жүзеге асырылған:
жұмыстардың басталуы________________ ;
айы, жылы
жұмыстардың аяқталуы________________;
айы, жылы
құрылыстың ұзақтығы, ай:
құрылысты ұйымдастыру нормасы бойынша немесе жобасы
бойынша _______ай;
нақты ______________________________________________________________ ай;
9. Қолданылған құрылыс материалдары, конструкциялары, жабдық және бұйымдар
жобаның және мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес;
10. Сыртқы инженерлік коммуникациялар (суық су және ыстық сумен жабдықтау, кәріз,
жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау және байланыс) объектінің
қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз етеді, оны инженерлік және коммуналдық қамтамасыз
ету бойынша қызметтерді жеткізушілер растайды.
Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызметті жеткізушілер:
__________________________________________________________________
ұйымның атауы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, күні
М.О.
Мердігер (бас мердігер) _______________________________________________
______________________________________объектісін қабылдауға дайын деп санайды,
объектінің (кешеннің) атауы
орындалған құрылыс–монтаж және арнайы жұмыстардың сапасына кепілдік береді және
объектінің құрылысы кезінде оның кінәсінен болған ақауларды Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес кепілділік мерзімінде жоюға өзіне міндеттеме алады.
Мердігер (бас мердігер)
________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, күні
М.О.
4 Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушынының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 121 бұйрығына
4-қосымша
Нысан
Объектіні пайдалануға қабылдау актісі
2015 жылғы «____» ___________
Тапсырыс беруші______________________________________________________________
________________________________________________________________________________
жеке тұлға үшін- тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), заңды
тұлға үшін - ұйымның атауы, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі
Сәйкестік туралы декларация____________________________________________
_________________________________________________________________________________,
декларация күні, мердігер (бас мердігер) ұйымның атауы, басшының тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда), заңды мекенжайы
Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы туралы қорытынды_________________
__________________________________________________________________________________,
қорытынды күні, ұйымның атауы, техникалық қадағалау сарапшыларының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда), аттестаттар №, алған күні
Орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды_______________
_________________________________________________________________________
негізіндеқорытынды күні, ұйымның атауы, авторлық қадағалау сарапшыларының
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аттестаттар №, алған күні
мердігердің (бас мердігердің) пайдалануға қабылдауға ұсынған:
_______________________________________________________________________
___________________________________________________________мекенжайы бойынша
(облыс, аудан, елдi мекен, шағын аудан, орам, көше, үйдiң (корпустың) нөмiрi)
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
(объектiнiң атауы және құрылыстың түрi (жаңадан салу, кеңейту, реконструкциялау,
техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу)
объектінінің атқарушылық техникалық құжаттамасының жиынтығын тексеріп, дайындығына
тексеру жүргізе отырып және мыналарды:
1. Объектінің құрылысы:
а) 20___жылғы «___»____________№_____________________________________
(шешім шығарған органның атауы)
жерге тиісті құқық беру туралы шешімі (қаулы) немесе қолданыстағы ғимараттардың
үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы
______________________________________________________________________
20___жылғы «___» ___________ № ________________________________ шешімі.
шешім шығарған органның атауы
б) қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыра бастағаны немесе тоқтатылғаны
туралы хабарламаны қабылдау туралы талоны __________________
______________________________________________________________________
хабарлама қабылдаған ұйымның атауы, талон берген күні
в)__________________________________________________________ бекітілген
жобаны бекiткен (қайта бекiткен) ұйымның атауы және бекітілген күні
______________________________________________________________________
жобалаушы ұйымның атауы, жобаның нөмiрi
_________________ жоба (жобалау-сметалық құжаттамасы) негізінде жүргізілген;
2. Құрылыс-монтаж жұмыстары мынадай мерзімде жүзеге асырылған:
жұмыстардың басталуы________________ ;
айы, жылы
жұмыстардың аяқталуы________________;
айы, жылы
құрылыстың ұзақтығы, ай:
құрылысты ұйымдастыру нормасы бойынша немесе жобасы
бойынша _______ай;
нақты ______________________________________________________________ай;
3. Объектiнiң (кешеннің) мынадай негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерi бар
(қуаттылық, өнiмдiлiк, өндiрiстiк алаң, ұзындық, сыйымдылық, көлем, өткiзу қабілеттілігі,
тасымалдау қабілеттілігі, жұмыс орындарының саны және сол сияқты,) барлық объектiлер
(тұрғын үйлерден басқа) бойынша (нысаналы өнiмдерге немесе көрсетілетін қызметтердің
негiзгi түрлерiне сәйкес өлшем бiрлiктерiмен толтырылады):
Қуаттылық, өнімділік және т.б.
Өлшем бірлігі
Жоба бойынша
Нақты
жалпы (бұрын қабылданғандарды ескере отырып)
оның ішінде іске қосу кешені немесе кезегі
жалпы (бұрын қабылданғандарды ескере отырып)
оның ішінде іске қосу кешені немесе кезегі
Бастапқы кезеңде жобалық қуатты игеру нормаларына сәйкес жобада көзделген көлемде өнiм
шығару (қызметтер көрсету) __________________________________
______________________________________________________________________
(көлемiн көрсете отырып, өнiмдердi шығарудың нақты басталуы)
Тұрғын үйдiң мынадай көрсеткiштерi бар:
Көрсеткіштер
Өлшем
бірлігі
Жоба
бойынша
Нақты
Жалпы алаңы
м2
Қабаттар саны
қабат
Құрылыстың жалпы көлемi
м3
Оның iшiнде жерасты бөлiгi
м3
Жапсарлас салынған, жапсарлас-жанаса салынған және жанаса салынған үй-жайлар алаңы
м2
Көрсеткiштер
Жоба бойынша
Нақты
пәтер
саны
Пәтер алаңы, м2
пәтер саны
Пәтер алаңы, м2
жалпы
тұрғын
жалпы
тұрғын
Барлық пәтер,
оның ішінде:
бір бөлмелі
екі бөлмелі
үш бөлмелі
төрт бөлмелі және одан көп
4. Объект бойынша технологиялық және сәулет-құрылыс шешімдері
мынадай деректермен сипатталады:________________________________________________
______________________________________________________________________;
негізгі материалдар мен конструкциялар, инженерлік және технологиялық жабдықтар
бойынша оны орналастыру ерекшеліктері бойынша қысқаша техникалық сипаттамалар
5. Объектiде жобада көзделген, жеке сынақтан және кешендi байқаудан кейiн оны
қабылдау туралы актiлерге сәйкес мөлшерде жабдық орнатылған;
6. Сыртқы инженерлік коммуникациялар (суық су және ыстық сумен жабдықтау, кәріз,
жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау және байланыс) объектінің
(ғимараттардың, құрылыстардың, үй-жайлардың) қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз етеді
және оларды қалалық пайдалану ұйымдары қабылдаған;
7. Бекітілген жоба (жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сметалық құны:
барлығы _______ мың теңге, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстары ________ мың теңге,
жабдықтар, мүкаммалдар мен құрал-саймандар ________ мың теңге;
8. Пайдалануға қабылданатын негiзгi қорлардың сметалық құны ______ мың теңге,
оның ішiнде:
құрылыс-монтаж жұмыстары ______ мың теңге;
жабдықтар, мүкаммалдар мен құрал-саймандар ____ мың теңге;
9. Объект бекітілген жобаға (жобалау-сметалық құжаттамаға) және сәулет, қала
құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына
сәйкес салынғанын растайды.
______________________________________________________________________
объектінің (кешеннің) атауы
________________________________________ пайдалануға қабылдауды ШЕШТІ.
Тапсырыс беруші _______________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы
М.О.
Техникалық қадағалау __________________________________________________
сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы
М.О.
Авторлық қадағалау_____________________________________________________
сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы
М.О.
Мердігер (бас мердігер)__________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы
М.О.