Құжат мәтініне өту

Об утверждении форм, Правил представления и составления деклараций по обороту нефтепродуктов

Бұйрық · № 119 · қабылданған 24.02.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88002/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении форм, Правил представления и составления деклараций по обороту нефтепродуктов Қолданыста Бұйрық ·№ 119 ·24.02.2015
02.10.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении форм, Правил представления и составления деклараций по обороту нефтепродуктов

Қолданыста Бұйрық ·№ 119 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении форм, Правил представления и составления деклараций по обороту нефтепродуктов
Атауы (қаз.)
Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
119
Қабылданған күні
24.02.2015
Көрсетілген редакция
02.10.2019 88002_422969.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010582
ЭКБ идентификаторы
88002
Редакция идентификаторы
88002_422969
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:29

0 Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялардың нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын бекіту туралы

Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 9) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрықтын 1-қосымшасына сәйкес Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидалары;

2 2) осы бұйрықтын 2-қосымшасына сәйкес «Мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны;

3 3) осы бұйрықтын 3-қосымшасына сәйкес «Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны;

4 4) осы бұйрықтын 4-қосымшасына сәйкес «Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының құрылымдық бөлімшесінің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны;

5 5) осы бұйрықтын 5-қосымшасына сәйкес «Автожанармай құю станциясынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияның нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық - ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

1 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы № 119
бұйрығына 1-қосымша
Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ереже

1

1. Осы мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидалары (бұдан әрі – декларациялар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 8-бабы 9) тармақшасына сәйкес әзірленген және бензиннің, авиациялық және дизель отынының, мазуттың (бұдан әрі – мұнай өнімдері) айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау тәртібін айқындайды.

2

2. Авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндіру, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату бойынша қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндірушілердің, көтерме саудада берушілердің және (немесе) бөлшек саудада сатушылардың тізіліміне енгізіледі.

2 2-тарау. Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну

3

3. Мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) (бұдан әрі – өндірушілер) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері және (немесе) мұнай өнімдерін өндіру бойынша мемлекеттік кірістер органына осы бұйрықпен бекітілген «Мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі» жөніндегі декларациясының нысаны бойынша декларация ұсынады.
Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын өндірушілер, салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері және (немесе) мұнай өнімдерін сату бойынша мемлекеттік кірістер органына осы бұйрықпен бекітілген «Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» жөніндегі декларациясының нысаны бойынша декларация ұсынады.

4

4. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктері) қоспағанда, мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері және (немесе) мұнай өнімдерін сату бойынша мемлекеттік кірістер органына осы бұйрықпен бекітілген «Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» жөніндегі декларацияның нысаны бойынша декларация ұсынады.
Мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері және (немесе) мұнай өнімдерін сату бойынша мемлекеттік кірістер органына осы бұйрықпен бекітілген «Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының құрылымдық бөлімшесінің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» жөніндегі декларацияның нысаны бойынша декларация ұсынады.
Бір мемлекеттік кірістер органында тіркелген бірнеше мұнай өнімдері базалары (резервуарлары) бар мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) барлық мұнай өнімдері базалары (резервуарлары) үшін бір декларация ұсынады.

5

5. Мұнай өнімдерін автожанармай құю станциясынан (бұдан әрі – АҚС) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері және (немесе) мұнай өнімдерін сату бойынша мемлекеттік кірістер органына осы бұйрықпен бекітілген «Автожанармай құю станциясынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» жөніндегі декларацияның нысаны бойынша декларация ұсынады.
Бір мемлекеттік кірістер органында тіркелген бірнеше АҚС бар мұнай өнімдерін АҚС-нан бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) барлық АҚС үшін декларация ұсынады.

6

6. Авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндіру, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату бойынша қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) аталған қызметті жүзеге асыру жері бойынша мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес нысанда авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндірушілердің, көтерме саудада берушілердің және (немесе) бөлшек саудада сатушылардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті ұсынады.
Авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндіру, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату бойынша қызметті жүзеге асырған дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) және аталған қызметті тоқтатқандар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндірушілердің, көтерме саудада берушілердің және (немесе) бөлшек саудада сатушылардың тізілімінен шығару туралы өтініш негізінде тізілімнен шығарылуға жатады.
Есертпе. Өтініштер электронды түрде немесе қағаз тасығышта ұсынылады.

7

7. Мұнай өнімдерін өндіру, мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) декларацияларды ақпараттық жүйлер арқылы электрондық түрде ұсынады.

8 8. Мұнай өнімдерін АҚС-нан бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері), декларацияларды өз таңдауы бойынша ұсынады:

1 1) келу тәртібімен – қағаз тасығышта;

2 2) пошта бойынша тапсырыстық хат хабарламасымен – қағаз тасығышта;

3 3) ақпараттық жүйлер арқылы электрондық түрде.

Мемлекеттік кірістер органдарына пошта бойынша тапсырыстық хат хабарламасымен декларацияларды ұсыну күні пошталық немесе басқа да мекемелердің байланысын қабылдау туралы белгі болып табылады.

9 9. Декларациялар табиғи көрсеткіштерде (тоннада) ұсынылады.

10 10. Осы Қағидаларға сәйкес ұсынылатын декларациялар дара кәсіпкерлер, заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігі) басшысы, бас бухгалтері қол қояды. Электрондық түрде ұсынылатын декларациялар электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

11 11. Осы бұйрықпен бекітілген «Автожанармай құю станциясынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» жөніндегі декларацияның нысаны бойынша декларацияны ұсыну кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

12 12. Декларациялар мемлекеттік кірістер органына ай сайын есептіден кейінгі айдың 20 күніне дейін ұсынылады.

Егер декларацияны ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс күніне келмесе, онда декларацияны ұсыну мерзімінің соңғы күні одан кейінгі жұмыс күні болып табылады.

13 13. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінен шығу кезінде, тізімнен алып тастау кезінде декларацияны ерте мерзімде ұсынады.

14 14. Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияны ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) негізінде декларацияны ұсыну мерзімін ұзартады.

Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, декларацияны ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін өтініш электронды түрде немесе қағаз тасығышта ұсынылады.
Мемлекеттік кірістер органы декларация тапсыру мерзімін өтінішті алған күнен 10 күнтізбелік күнге ұзартады.

15 15. Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бұрын ұсынылған декларацияларға толықтырулар енгізу және (немесе) қателерді түзету қажет болған жағдайда, бұрын ұсынылған декларацияларына түзету нысанын ұсынады.

Түзету нысанында жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігі) бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), есепті кезең және тек жолдың белгілі бір бағандарының мәнін ұлғайту немесе азайту қажеттілігіне қарай қосу немесе алу мәнімен бағандарына өзгеріс енгізу қажет жолдардың нөмірлері көрсетіледі.

3 3-тарау. «Мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияны жасау тәртібі

16 16. «ЖСН/БСН» жолында өндірушінің ЖСН/БСН көрсетіледі.

17 17. «Атауы» жолында өндірушінің атауы көрсетіледі.

18 18. «Есепті кезең» жолында декларация тапсырылатын есепті кезең көрсетіледі.

19 19. «Мемлекеттік кірістер органының коды» жолында салық салуға байланысты объектілер тіркелген мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.

20 20. 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі.

21 21. 2-бағанда мұнай өнімінің дербес сәйкестендірілген нөмір-коды (ДСН-коды) көрсетіледі.

22 22. 3-бағанда есепті кезеңнің басында өндірушідегі мұнай өнімдерінің жалпы қалдығы мөлшері көрсетіледі.

23 23. 4-бағанда өндірілген мұнай өнімдерінің, оның ішінде алыс-беріс шикізатының мөлшері көрсетіледі.

24 24. 5-бағанда мұнай (шикізат) жеткізушіге тиеп жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

25 25. 6-бағанда сатылған (тиеп-жөнелтілген) мұнай өнімдерінің жалпы мөлшері (6-баған = 7-баған + 8-баған + 9-баған + 10-баған + 11-баған + 12-баған) көрсетіледі.

26 26. 7-бағанда дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға ары қарай сату үшін сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

27 27. 8-бағанда өндірушінің құрылымдық бөлімшелеріне өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

28 28. 9-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша тиеп жөнелтілген (өз мұнай өнімдерінің базаларына (резервуарларына) және АҚС-ына) мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

29 29. 10-бағанда жеке және заңды тұлғаларға олардың өндірістік қажеттіліктері (соңғы тұтынушы) үшін өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

30 30. 11-бағанда өндірушінің өзінің өндірістік қажеттіліктері үшін пайдаланған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

31 31. 12-бағанда экспортқа сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

32 32. 13-бағанда өндіруші бүлдірген, жоғалтқан мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

33 33. 14-бағанда нормалар шегіндегі шығындардың мөлшері көрсетіледі.

34 34. 15-бағанда өндірушіге қайтарылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

35 35. 16-бағанда есепті кезеңнің соңына өндірушідегі мұнай өнімдерінің жалпы қалдығы (16-баған = 3-баған + 4-баған - 5-баған - 6-баған - 13-баған - 14-баған + 15-баған) көрсетіледі.

54 Параграф. «Мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай өнімдері

айналымының теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы
жөніндегі декларацияға «Шикізат бойынша мәліметтері»
қосымшасын жасау тәртібі

36 36. «ЖСН/БСН» жолында көрсетіледі ЖСН/БСН көрсетіледі.

37 37. «Атауы» жолында өндірушінің атауы көрсетіледі.

38 38. «Есепті кезең» жолында декларация тапсырылатын есепті кезең көрсетіледі.

39 39. «Мемлекеттік кірістер органының коды» жолында салық салуға байланысты объектілер тіркелген мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.

40 40. 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі.

41 41. 2-бағанда шикізатты жеткізушінің ЖСН/БСН көрсетіледі.

42 42. 3-бағанда шикізатты жеткізушінің атауы көрсетіледі.

43 43. 4-бағанда шикізатты жеткізушінің резиденттігі (резидент – 0, резидент емес – 1) көрсетіледі.

44 44. 5-бағанда мұнай өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын шикізат түрі көрсетіледі.

45 45. 6-бағанда есепті кезеңнің басындағы шикізаттың барлық қалдығы (6-баған = 7-баған + 8-баған) көрсетіледі.

46 46. 7-бағанда есепті кезеңнің басындағы өз шикізатының қалдығы көрсетіледі.

47 47. 8-бағанда есепті кезеңнің басындағы алыс-беріс шикізатының қалдығы көрсетіледі.

48 48. 9-бағанда шикізат түсімдерінің барлығы (9-баған = 10-баған + 11-баған) көрсетіледі.

49 49. 10-бағанда өз шикізатының түсімі көрсетіледі.

50 50. 11-бағанда алыс-беріс шикізатының түсімі көрсетіледі.

51 51. 12-бағанда қосылған тұнбалар көрсетіледі.

52 52. 13-бағанда барлығы қайта өңделген шикізаттың мөлшері (13-баған = 14-баған + 15-баған) көрсетіледі.

53 53. 14-бағанда қайта өңделген өз шикізатының мөлшері көрсетіледі.

54 54. 15-бағанда қайта өңделген алыс-беріс шикізатының мөлшері көрсетіледі.

55 55. 16-бағанда сатылған өз шикізатының мөлшері көрсетіледі (мұнай шикізаты және (немесе) газдық конденсатына қоспағанда).

56 56. 17-бағанда қайтарылған алыс-беріс шикізатының мөлшері көрсетіледі.

57 57. 18-бағанда бүлінген, жоғалған шикізаттың мөлшері көрсетіледі.

58 58. 19-бағанда нормалар шегіндегі шығындардың мөлшері көрсетіледі.

59 59. 20-бағанда есепті кезеңнің соңына шикізаттың қалдығы (20-баған = 21-баған + 22-баған) көрсетіледі.

60 60. 21-бағанда есепті кезеңнің соңындағы өз шикізатының қалдығы көрсетіледі.

61 61. 22-бағанда есепті кезеңнің соңындағы алыс-беріс шикізатының қалдығы көрсетіледі.

4 4-тарау. «Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияны жасау тәртібі

62 62. «ЖСН/БСН» жолында мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының ЖСН/БСН көрсетіледі.

63 63. «Атауы» жолында мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының атауы көрсетіледі.

64 64. «Есепті кезең» жолында декларация тапсырылатын есепті кезең көрсетіледі.

65 65. «Мемлекеттік кірістер органының коды» жолында салық салуға байланысты объектілер тіркелген мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.

66 66. 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі.

67 67. 2-бағанда мұнай өнімінің дербес сәйкестендірілген нөмір-коды (ДСН-коды) көрсетіледі.

68 68. 3-бағанда есепті кезеңнің басындағы мұнай өнімдерінің қалдығы көрсетіледі.

69 69. 4-бағанда сату үшін келіп түскен мұнай өнімдерінің жалпы мөлшері (4-баған = 5-баған + 6-баған + 7-баған + 8-баған + 9-баған) көрсетіледі.

70 70. 5-бағанда өндірушілерден келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

71 71. 6-бағанда дара кәсіпкерлерінен және заңды тұлғаларынан келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

72 72. 7-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша (өз мұнай өнімдерінің базаларынан (резервуарынан) және АҚС-нан) келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

Бұл бағанда бір мемлекеттік кірістер органында тіркелген өз мұнай өнімдері базаларынан (резервуарынан) және АҚС-нан келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері есептелмейді.

73 73. 8-бағанда құрылымдық бөлімшелерінен келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

74 74. 9-бағанда импорт бойынша келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

75 75. 10-бағанда алушылардан қайтарылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

76 76. 11-бағанда барлық өткізілген (тиеп жөнелтілген) мұнай өнімдерінің жалпы мөлшері (11-баған = 12-баған + 13-баған + 14-баған + 15-баған + 16-баған + 17-баған) көрсетіледі.

77 77. 12-бағанда дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға ары қарай сату үшін сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

78 78. 13-бағанда жеке және заңды тұлғаларға олардың өндірістік қажеттіліктері (соңғы тұтынушы) үшін өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

79 79. 14-бағанда өз қажеттіліктеріне пайдаланылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

80 80. 15-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша тиеп жөнелтілген (өз мұнай өнімдерінің базаларына (резервуарларына) және АҚС-ына) мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

Бұл бағанда бір мемлекеттік кірістер органында тіркелген өз мұнай өнімдері базаларына (резервуарларына) және АҚС-ына тиеп жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері есептелмейді.

81 81. 16-бағанда экспортқа сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

82 82. 17-бағанда өз құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

83 83. 18-бағанда жеткізушілерге қайтарылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

84 84. 19-бағанда бүлінген, жоғалған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

85 85. 20-бағанда нормалар шегіндегі мұнай өнімдерінің шығыны көрсетіледі.

86 86. 21-бағанда қайта өңдеуге (компаундирлеуге) тиеп жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

87 87. 22-бағанда есепті кезеңнің соңындағы мұнай өнімдерінің қалдығы (22-баған = 3-баған + 4-баған + 10-баған - 11-баған - 18-баған - 19-баған - 20-баған - 21-баған) көрсетіледі.

5 5-тарау. «Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының құрылымдық бөлімшесінің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияны жасау тәртібі

88 88. «БСН» жолында құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғаның БСН көрсетіледі.

89 89. «Атауы» жолында құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

90 90. «Есепті кезең» жолында декларация тапсырылатын есепті кезең көрсетіледі.

91 91. «Құрылымдық бөлімшенің БСН» жолында мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН көрсетіледі.

92 92. «Құрылымдық бөлімшенің атауы» жолында мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің атауы көрсетіледі.

93 93. «Мемлекеттік кірістер органының коды» жолында құрылымдық бөлімшенің салық салуға байланысты объектілері тіркелген мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.

94 94. 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі.

95 95. 2-бағанда мұнай өнімінің ДСН-коды көрсетіледі.

96 96. 3-бағанда есепті кезеңнің басындағы мұнай өнімдерінің қалдығы тоннада көрсетіледі.

97 97. 4-бағанда сату үшін келіп түскен мұнай өнімдерінің жалпы мөлшері (4-баған = 5-баған + 6-баған + 7-баған + 8-баған + 9-баған + 10-баған) көрсетіледі.

98 98. 5-бағанда өндірушілерден келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

99 99. 6-бағанда дара кәсіпкерлерінен және заңды тұлғаларынан келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

100 100. 7-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша (өз мұнай өнімдерінің базаларынан (резервуарынан) және АҚС-нан) келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

Бұл бағанда бір мемлекеттік кірістер органында тіркелген өз мұнай өнімдері базаларынан (резервуарынан) және АҚС-нан келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері есептелмейді.

101 101. 8-бағанда бас кәсіпорыннан келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

102 102. 9-бағанда бас кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінен келіп түскен өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

103 103. 10-бағанда импорт бойынша келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

104 104. 11-бағанда алушылардан қайтарылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

105 105. 12-бағанда барлық сатылған мұнай өнімдерінің жалпы мөлшері (12-баған = 13-баған + 14-баған + 15-баған + 16-баған + 17-баған + 18-баған + 19-баған) көрсетіледі.

106 106. 13-бағанда дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға ары қарай сату үшін сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

107 107. 14-бағанда жеке және заңды тұлғаларға олардың өндірістік қажеттіліктері (соңғы тұтынушы) үшін өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

108 108. 15-бағанда өз қажеттіліктеріне пайдаланылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

109 109. 16-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша тиеп жөнелтілген (өз мұнай өнімдерінің базаларына (резервуарларына) және АҚС-ына) мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

Бұл бағанда бір мемлекеттік кірістер органында тіркелген өз мұнай өнімдері базаларына (резервуарларына) және АҚС-ына тиеп жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері есептелмейді.

110 110. 17-бағанда экспортқа сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

111 111. 18-бағанда бас кәсіпорынға тиеп-жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

112 112. 19-бағанда бас кәсіпорын құрылымдық бөлімшелеріне өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

113 113. 20-бағанда жеткізушілерге қайтарылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

114 114. 21-бағанда бүлінген, жоғалған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

115 115. 22-бағанда нормалар шегіндегі мұнай өнімдерінің шығыны көрсетіледі.

116 116. 23-бағанда қайта өңдеуге (компаундирлеуге) тиеп жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

117 117. 24-бағанда есепті кезеңнің соңына мұнай өнімдерінің қалдығы (24-баған = 3-баған + 4-баған + 11-баған - 12-баған - 20-баған - 21-баған - 22-баған - 23-баған) көрсетіледі.

6 6-тарау. «Автожанармай құю станциясынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушының мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияны жасау тәртібі

118 118. «ЖСН/БСН» жолында АҚС-нан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушының ЖСН/БСН көрсетіледі.

119 119. «Атауы» жолында АҚС-нан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушының атауы көрсетіледі.

120 120. «Есепті кезең» жолында декларация тапсырылатын есепті кезең көрсетіледі.

121 121. «Құрылымдық бөлімшенің БСН» жолында АҚС-нан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН көрсетіледі.

122 122. «Құрылымдық бөлімшенің атауы» жолында АҚС-нан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің атауы көрсетіледі.

123 123. «Мемлекеттік кірістер органының коды» жолында салық салуға байланысты объектілер тіркелген мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.

124 124. 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі.

125 125. 2-бағанда мұнай өнімінің ДСН-коды көрсетіледі.

126 126. 3-бағанда есепті кезеңнің басындағы мұнай өнімдерінің қалдығы көрсетіледі.

127 127. 4-бағанда сату үшін келіп түскен мұнай өнімдерінің жалпы мөлшері көрсетіледі.

Бұл бағанда бір мемлекеттік кірістер органында тіркелген өз мұнай өнімдері базаларынан (резервуарынан) және АҚС-нан келіп түскен мұнай өнімдерінің мөлшері есептелмейді.

128 128. 5-бағанда сатылған мұнай өнімдерінің жалпы мөлшері көрсетіледі.

129 129. 6-бағанда өз қажеттіліктеріне пайдаланылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

130 130. 7-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша тиеп жөнелтілген (өз мұнай өнімдерінің базаларына (резервуарларына) және АҚС-ына) мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

Бұл бағанда бір мемлекеттік кірістер органында тіркелген өз мұнай өнімдері базаларына (резервуарларына) және АҚС-ына тиеп жөнелтілген мұнай өнімдерінің мөлшері есептелмейді.

131 131. 8-бағанда бүлінген, жоғалған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.

132 132. 9-бағанда нормалар шегіндегі мұнай өнімдерінің шығыны көрсетіледі.

133 133. 10-бағанда есепті кезеңнің аяғына мұнай өнімдерінің қалдығы (10-баған = 3-баған + 4-баған - 5-баған - 6-баған - 7-баған - 8-баған - 9-баған) көрсетіледі.

1 Авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндірушілердің, көтерме саудада берушілердің және (немесе) бөлшек саудада сатушылардың тізіліміне енгізу туралы өтініш

Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидаларына
1-қосымша
нысан
Авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндірушілердің, көтерме саудада берушілердің және (немесе) бөлшек саудада сатушылардың тізіліміне енгізу туралы
өтініш
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі ___________
_________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы ______________
_________________________________________________________________
Тізімге:
□ авиациялық отынды, мазутты ғана өндіруші
□ авиациялық отынды, мазутты ғана көтерме саудада беруші және
(немесе) бөлшек саудада сатушы ретінде енгізуді сұраймын
Мұнай өнімдері базасының (резервуардың) орналасқан жері:
Облысы _____________________________________________________
Қала (аудан) _________________________________________________
Ауыл (село) __________________________________________________
Көшесі ______________________________________________________
Ғимарат нөмері ______________________________________________
Өтініш беру күні ________________________________
_________________________________________________ / __________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (қолы)
Өтініш қабылдау күні ____________________________
_________________________________________________ / __________
(өтінішті қабылдаған уәкілетті тұлғаның (қолы)
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
Мемлекеттік кірістер органының коды ____________ Мөртаңба орны
Пошталық штемпель күні_______________________________________
(пошта бойынша өтініш ұсынылған жағдайда толтырылады)

2 Авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндірушілердің, көтерме саудада берушілердің және (немесе) бөлшек саудада сатушылардың тізілімінен шығару туралы өтініш

Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидаларына
2-қосымша
нысан
Авиациялық отынды және (немесе) мазутты ғана өндірушілердің, көтерме саудада берушілердің және (немесе) бөлшек саудада сатушылардың тізілімінен шығару туралы
өтініш
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі ___________
_________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы ______________
_________________________________________________________________
Тізімнен:
□ авиациялық отынды, мазутты ғана өндіруші
□ авиациялық отынды, мазутты ғана көтерме саудада беруші және
(немесе) бөлшек саудада сатушы ретінде шығаруды сұраймын
Мұнай өнімдері базасының (резервуардың) орналасқан жері:
Облысы _____________________________________________________
Қала (аудан) _________________________________________________
Ауыл (село) __________________________________________________
Көшесі ______________________________________________________
Ғимарат нөмері ______________________________________________
Өтініш беру күні ______________________________
_________________________________________________ / __________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (қолы)
Өтініш қабылдау күні __________________________
_________________________________________________ / __________
(өтінішті қабылдаған уәкілетті тұлғаның (қолы)
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Мемлекеттік кірістер органының коды ____________ Мөртаңба орны
Пошталық штемпель күні ______________________________________
(пошта бойынша өтініш ұсынылған жағдайда толтырылады)

3 Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияны ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтініш

Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидаларына
3-қосымша
нысан
Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияны ұсыну мерзімін ұзарту туралы
өтініш
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі ___________
_________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы ______________
________________________________________________________________
Декларацияны ұсыну мерзімін ұзартуды сұраймын (декларация
атауын көрсету) ___________________________________________________
_________________________________________________________________
Есептік кезең: Айы _________ Жылы____________
Өтініш беру күні ________________________________
__________________________________________________ / _________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (қолы)
Өтініш қабылдау күні ____________________________
__________________________________________________ / _________
(өтінішті қабылдаған уәкілетті тұлғаның (қолы)
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
Мемлекеттік кірістер органының коды _____________ Мөртаңба орны
Пошталық штемпель күні_______________________________________
(пошта бойынша өтініш ұсынылған жағдайда толтырылады)

2 «Мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі»

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 24 ақпандағы № 119
бұйрығына 2-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Индексі: өндірушінің МӨАД 1
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатындар: мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері)
Қайда ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына
Ұсыну мерзімі: есептіден кейінгі айдың 20 күніне кешіктірмей
Ескертпе: декларацияны толтыру бойынша түсіндірме осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидаларында келтірілген.
«Мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі»
мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларация
ЖСН/БСН
Атауы
Есепті кезең ________ ай _____ жыл
Мемлекеттік кірістер органының коды
р/с№
Мұ­на й өні­мі­ ні ң Д С Н-к о­д ы
Ес еп ­ті ке ­зе ­ңі ­ні ң ба ­сы н­д а­ғы қа л­ды ­ғы
Өн­д і­рі л­ді, он ың іші н­де ал ы­с­ бе­ ріс ши ­кі­з а­ты ­нан
Мұ­най (ши­кі­зат) жет­кі­зу­ші­ге
ти­еп жө­нел­тіл­ді
Өн­ді­ру­ші­нің са­тқа­ны (ти­еп жө­нелт­ке­ні)
Б ұ ­ з ы ­ л ­ ғ а н , ж о ­ ғ а л ­ ғ а н
Нор­ма­лар ше­гін­де­гі шы­ғын­дар
Ө н і м ­ д і қ а й ­ т а ­ р у
Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да­ғы қал­ды­ғы
Б а р ­ л ы ­ғ ы
да ­ра кә ­сіп ­ке р­л ер ­ге жә не за ң­д ы тұ ­л ға­ла р­ғ а ар ы қа ­ра й са­ ту үш ін
құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­ге
іш­кі орын ауы­сты­ру бой­ын­ша
же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға (соң­ғы тұ­ты­ну­шы) олар­дың же­ке қа­жет­ті­лік­те­рі үшін
өз қа­жет­ті­лік­те­ріне пай­да­ла­ныл­ды
э к с­ п о р т ­ қ а
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
Бен­зин бой­ын­ша жиы­ны
Ди­зель оты­ны бой­ын­ша жиы­ны
Авиа­ци­я­лық отын бой­ын­ша жиы­ны
Ма­зут бой­ын­ша жиы­ны
Басшысы
Бас бухгалтер

1.1 Шикізат бойынша мәліметтері

­«Мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай өнімдері айналымының теңгерімі»
мұнай өнімдерінің айналымы
жөніндегі декларация нысанына
қосымша
Шикізат бойынша мәліметтері
ЖСН/БСН
Атауы
Есепті кезең ________ ай _____ жыл
Мемлекеттік кірістер органының коды
№ р/с
Ши­кі­зат жет­кі­зу­ші­нің ЖСН/БСН
Ши­кі­зат жет­кі­зу­ші­нің ата­уы
Ре­зи­дент/ Ре­зи­дент емес
Ши­кі­зат тү­рі
Есеп­ті ке­зе­ңі­нің ба­сын­да­ғы қал­ды­ғы
Ши­кі­зат ке­ліп тү­сті
Қо­сы­л­ған тұн­ба­лар
Қай­та өң­дел­ді
Бар­лы­ғы
өз ши­кі­за­ты
алыс-бе­ріс ши­кі­за­ты
Бар­лы­ғы
өз ши­кі­за­ты
алыс-бе­ріс ши­кі­за­ты
Бар­лы­ғы
өз ши­кі­за­ты
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Жиы­ны
кестенің жалғасы
Қай­та өң­дел­ді
Өз ши­кі­за­ты са­тыл­ды
Алыс-бе­ріс ши­кі­за­тын қай­та­ру
Ши­кі­заттың бү­лі­нуі
Нор­ма­лар ше­гін­де­гі шы­ғын­дар
Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да­ғы қал­ды­ғы
алыс-бе­ріс ши­кі­за­ты
Бар­лы­ғы
өз ши­кі­за­ты
алыс-бе­ріс ши­кі­за­ты
15
16
17
18
19
20
21
22
Басшысы
Бас бухгалтер

3 «Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының мұнай

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 24 ақпандағы № 119
бұйрығына 3-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Индексі: резервуарлардың МӨАД 2
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатындар: заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктері) қоспағанда, мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар
Қайда ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына
Ұсыну мерзімі: есептіден кейінгі айдың 20 күніне кешіктірмей
Ескертпе: декларацияны толтыру бойынша түсіндірме осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидаларында келтірілген.
«Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының мұнай
өнімдерінің айналымы теңгерімі» мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларация
ЖСН/БСН
Атауы
Есепті кезең ________ ай _____ жыл
Мемлекеттік кірістер органының коды
№ р/с
Мұ­най өні­мі­нің ДСН-ко­ды
Есеп­ті ке­зе­ңі­нің ба­сын­да­ғы қал­ды­ғы
Са­ту үшін мұ­най өнім­де­рі ке­ліп тү­сті
Алушы­лар­дан өнім­дер­ді қай­та­ру
Өт­кі­зіл­ді (ти­еп жө­нел­тіл­ді)
Бар­лы­ғы
өн­ді­ру­ші­ден
да­ра кә­сіп­кер­ле­рі­нен және заң­ды тұ­лға­ла­ры­нан
іш­кі орын ауы­сты­ру бой­ын­ша
құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі­нен
им­порт бой­ын­ша
Бар­лы­ғы
да­ра кә­сіп­кер­лер­ге және заң­ды тұ­лға­лар­ға ары қа­рай са­ту үшін
же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға, олар­дың же­ке қа­жет­ті­лік­те­рі үшін (соң­ғы тұ­ты­ну­шы­ға)
же­ке қа­жет­ті­лік­те­ріне пай­да­ла­ныл­ды
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
кестенің жалғасы
Өт­кі­зіл­ді (ти­еп жө­нел­тіл­ді)
Жет­кі­зу­ші­лер­ге өнім­ді қай­та­ру
Бү­лін­ге­ні, жо­ғал­ға­ны
Нор­ма­лар ше­гін­де­гі шы­ғы­ны
Қай­та өң­де­у­ге (ком­паун­дир­ле­у­ге) ти­еп жө­нел­тіл­ді
Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да­ғы қал­ды­ғы
іш­кі орын ауы­сты­ру бой­ын­ша
экс­порт­қа
құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­ріне
15
16
17
18
19
20
21
22
кестенің жалғасы
Бензин бойынша жиыны
Дизель отыны бойынша жиыны
Авиациялық отын бойынша жиыны
Мазут бойынша жиыны
Дара кәсіпкер
Басшысы
Бас бухгалтер

4 «Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада сатушының құрылымдық бөлімшесінің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі»

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 24 ақпандағы № 119
бұйрығына 4-қосымша
Индексі: құрылымдық МӨАД 3
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатындар: мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) мұнай өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері)
Қайда ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына
Ұсыну мерзімі: есептіден кейінгі айдың 20 күніне кешіктірмей
Ескертпе: декларацияны толтыру бойынша түсіндірме осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидаларында келтірілген.
«Мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан (резервуарлар) көтерме саудада беруші және (немесе) бөлшек саудада
сатушының құрылымдық бөлімшесінің мұнай өнімдерінің айналымы теңгерімі»
мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларация
БСН
Атауы
Есепті кезең ________ ай _____ жыл
Құрылымдық бөлімшенің БСН
Құрылымдық бөлімшенің атауы
Мемлекеттік кірістер органының коды
№ р/с
Мұ­най өні­мі­нің ДСН-ко­ды
Есеп­ті ке­зе­ңі­нің ба­сын­да­ғы қал­ды­ғы
Са­ту үшін мұ­най өнім­де­рі ке­ліп тү­сті
Алушы­лар­дан өнім­дер­ді қай­та­ру
Өт­кі­зіл­ді (ти­еп жө­нел­тіл­ді)
Бар­лы­ғы
өн­ді­ру­ші­ден
да­ра кә­сіп­кер­ле­рі­нен және заң­ды тұ­лға­ла­ры­нан
іш­кі оры­на­уы­сты­ру бой­ын­ша
бас кә­сі­по­рын­нан
бас кә­сі­по­рын­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі­нен
им­порт бой­ын­ша
Бар­лы­ғы
да­ра кә­сіп­кер­лер­ге және заң­ды тұ­лға­лар­ға ары қа­рай са­ту үшін
же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға, олар­дың же­ке қа­жет­ті­лік­те­рі үшін (соң­ғы тұ­ты­ну­шы­ға)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
кестенің жалғасы
Өт­кі­зіл­ді (ти­еп жө­нел­тіл­ді)
Жет­кі­зу­ші­лер­ге өнім­ді қай­та­ру
Бү­лін­ге­ні, жо­ғал­ға­ны
Нор­ма­лар ше­гін­де­гі шы­ғы­ны
Қай­та өң­де­у­ге (ком­паун­дир­ле­у­ге) ти­еп жө­нел­тіл­ді
Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да­ғы қал­ды­ғы
же­ке қа­жет­ті­лік­те­ріне пай­да­ла­ныл­ды
іш­кі орын ауы­сты­ру бой­ын­ша
экс­порт­қа
бас кә­сі­по­рын­ға
бас кә­сі­по­рын­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­ріне
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
кестенің жалғасы
Бензин бойынша жиыны
Дизель отыны бойынша жиыны
Авиациялық отын бойынша жиыны
Мазут бойынша жиыны
Басшысы
Бас бухгалтер

4 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2017 жылғы 24 ақпандағы № 119
бұйрығына 5-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Индексі: АҚС МӨАД 4
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатындар: мұнай өнімдерін автожанармай құю станциясынан бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері)
Қайда ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына
Ұсыну мерзімі: есептіден кейінгі айдың 20 күніне кешіктірмей
Ескертпе: декларацияны толтыру бойынша түсіндірме осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну және жасау қағидаларында келтірілген.
ЖСН/БСН
Атауы
Есепті кезең ________ ай _____ жыл
Құрылымдық бөлімшенің БСН
Құрылымдық бөлімшенің атауы
Мемлекеттік кірістер органының коды
№ п/п
Мұ­най өні­мі­нің ДСН-ко­ды
Есеп­ті ке­зе­ңі­нің ба­сын­да­ғы қал­ды­ғы
Ке­ліп тү­сті
Өт­кі­зіл­ді
Же­ке қа­жет­ті­лік­те­ріне пай­да­ла­ныл­ды
Іш­кі
орын ауы­сты­ру бой­ын­ша жі­бе­ріл­ді
Бү­лін­ге­ні, жо­ғал­ға­ны
Нор­ма­лар ше­гін­де­гі шы­ғын­дар
Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да­ғы қал­ды­ғы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Бен­зин бой­ын­ша жиы­ны
Ди­зель оты­ны бой­ын­ша жиы­ны
Авиа­ци­я­лық отын бой­ын­ша жиы­ны
Ма­зут бой­ын­ша жиы­ны
Дара кәсіпкер _____________________________________________/ ___________
(Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)) (қолы)
Басшысы __________________________________________________/ ____________
(Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)) (қолы)
Бас бухгалтер ____________________________________________/ _____________
(Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)) (қолы)
Декларация қабылданған күн __________________
____________________________________________________________/ _____________
(Декларацияны қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (егер ол жеке басын (қолы)
куәландыратын құжатта көрсетілсе))
Пошта штемпелінің күні (декларация поштамен ұсынылған жағдайда толтырылады)

Қолданыстағы