Об утверждении перечня категорий населения, которым оказывается паллиативная помощь и сестринский уход
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня категорий населения, которым оказывается паллиативная помощь и сестринский уход
- Атауы (қаз.)
- Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 96
- Қабылданған күні
- 25.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2015 88005_32076.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500010576
- ЭКБ идентификаторы
- 88005
- Редакция идентификаторы
- 88005_32076
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:27
0 Халықтың паллиативтік көмек
және мейірбике күтімі көрсетілуі
тиіс санаттарының тізбесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
8 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 96
бұйрығымен бекітілген
Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике
күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесі
1 1. Паллиативтік көмек:
1 1) мыналармен:
диспансерлік бақылаудағы қатерлі ісіктің ауруының IV клиникалық сатысынан;
жүргізілген мамандандырылған емнен кейін жағдайын дәрілік түзетуді қажет ететін, қатерлі ісік ауруынан;
соңғы сатыдағы күшейген созылмалы аурулардан (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек функцияларының жетіспеушілігінің декомпенсация сатысы);
диспансерлік есептың 1Г тобы бойынша диспансерлік бақылауда тұрған туберкулез ауруынан зардап шегетін адамдарға;
жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының 3-4 сатысынан;