О предоставлении кандидатам в Президенты Республики Казахстан на договорной основе помещения для встреч с избирателями и об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов в Президенты Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении кандидатам в Президенты Республики Казахстан на договорной основе помещения для встреч с избирателями и об определении мест для размещения агитационных печатных материалов кандидатов в Президенты Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 45
- Қабылданған күні
- 27.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2015 88011_27468.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DC003120
- ЭКБ идентификаторы
- 88011
- Редакция идентификаторы
- 88011_27468
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:49
0 Қазақстан Республикасы Президенттігіне
кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі
үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және
Қазақстан Республикасы Президенттігіне
кандидаттар үшін үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін
орындар белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Констититуциялық заңының 28-бабының 4 және 6 - тармақтарына сәйкес Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй – жайлар осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес берілсін.
2 2. Текелі қалалық сайлау комиссиясымен (Жандос Мұхамедқалиұлы Тұрысбеков келісім бойынша) бірлесіп Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3
3. «Текелі қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Джалил Шамилович Нигматулин) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің орынбасары Болат Далабайұлы Белдібековке жүктелсін.
5
5. Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысы Бақытжан Запирұлы Менисовке осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет - ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурста, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы «Текелі тынысы» газетінде жүзеге асырсын.
6 6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Текелі қаласы әкімдігінің 2015
жылғы 27 наурыздағы «Қазақстан
Республикасы Президенттігіне
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін шарттық негізде
үй-жайлар беру және Қазақстан
Республикасы Президенттігіне
кандидаттар үшін үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін
орындар белгілеу туралы»
№ 45 қаулысына 1 қосымша
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін
үй-жайлар
№
Үй-жайлар
Мекен-жайы
1.
«Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 4 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
Текелі қаласы,
Әбілхан Қастеев көшесі, № 8
2.
«Казцинк-ТЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің акт залы
Текелі қаласы,
Дінмұхамед Қонаев көшесі, № 176
3.
«Текелі қаласы әкімінің Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының акт залы
Текелі қаласы,
Тәуелсіздік көшесі,
№ 11
4.
«Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 8 орта мектеп мектепке дейін шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
Текелі қаласы,
Жеңіс көшесі, № 10
5.
«Текелі қаласы әкімінің Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны «Металлург» клубының акт залы
Текелі қаласы,
Қаныш Сәтпаев көшесі, № 10
8 Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы
27 наурыздағы «Қазақстан Республикасы
Президенттігіне кандидаттарға
сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық
негізде үй-жайлар беру және Қазақстан
Республикасы Президенттігіне кандидаттар
үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру
үшін орындар белгілеу туралы»
№ 45 қаулысына 2 қосымша
Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін
орындар
№
Орын
Мекен жай
Текелі қаласы бойынша
1.
№ 4 орта мектеп ғимаратының жанындағы стенд
Әбілхан Қастеев көшесі, № 8
2.
Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд
Тәуелсіздік көшесі,
№ 11
3.
Қалалық базар жанындағы стенд
Мұхтар Әуезов көшесі,
№ 33
4.
Спорт сарайы ғимаратының жанындағы стенд
Қаныш Сәтпаев көшесі, № 44
Рудничный ауылдық округі бойынша
5.
Пошта байланысы бөлімшесінің жанындағы стенд
Бейбітшілік көшесі,
№ 55