Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил отбора проб и образцов товаров должностными лицами органов государственных доходов

Бұйрық · № 113 · қабылданған 02.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88021/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил отбора проб и образцов товаров должностными лицами органов государственных доходов Күшін жойған Бұйрық ·№ 113 ·02.03.2015
15.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил отбора проб и образцов товаров должностными лицами органов государственных доходов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 113 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил отбора проб и образцов товаров должностными лицами органов государственных доходов
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
113
Қабылданған күні
02.03.2015
Көрсетілген редакция
15.01.2016 88021_148883.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010588
ЭКБ идентификаторы
88021
Редакция идентификаторы
88021_148883
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:17

0 Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 234-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 41 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ережесінің 16-тармағының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу  бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғ.К. Әмринге заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алу қағидалары

Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитеті төрағасының 2015 жылғы
2 наурыз № 113 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы  (бұдан әрі - Кодекс) 1-тармағына, «Кедендік құжаттардың нысандары туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешіміне сәйкес әзірленді және кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымдарда кедендік сараптаманы жүргізу мақсатында  мен  жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алудың тәртібін айқындайды.

2 2. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алудың тәртібі стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады, ол жоқ болған кезде сынамаларды іріктеп алудың жалпы тәртібі пайдаланылады.

3 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) тауар партиясы - бір уақытта бір жүк жөнелтушіден бір жүк алушының атына жолданатын және органға бір немесе бірнеше көлік құжаттары бойынша табыс етілетін тауарлар, сондай-ақ бір пошта жүкқұжатымен жөнелтілетін не бір адамның багажы ретінде орналастырылатын тауарлар;

2 2) сынама - оңтайлы қажетті, стандарттау жөніндегі құжаттамамен белгіленген, ұсынылып отырған және зерттелетін тауардың барлық көлемінің құрамын және қасиетін сипаттайтын тауар немесе тауардың бір бөлігі;

3 3) үлгі - тауардың (өнімнің) барлық партиясының, сериясының құрылымына, құрамына және қасиеттеріне сәйкес келетін тауар (өнім) бірлігі не одан әрі зерттеу мақсатында іріктеп алынуы белгіленген тәртіппен тіркелетін, жазбаша және өзге де көріну нысандарында ұсынылатын жалғыз дара объект;

4 4) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар - стандарттау немесе оның нәтижесі бойынша әртүрлі қызмет түрлеріне қатысты нормаларды, қағиданы, сипаттамаларды, қағидаттарды белгілейтін құжат.

2 2. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу тәртібі

4 4. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары декларанттың не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамның, немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.

5

5. Декларанттар не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдар, немесе олардың өкілдері тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу кезінде қатысады және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына жәрдем көрсетеді, оның ішінде өз есебінен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу үшін қажетті жүк операцияларын жүзеге асырады.

6

6. Декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдар, немесе олардың өкілдері тауарлар ұсынылғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң келмеген жағдайда, сондай-ақ кейінге қалдырылмайтын мән-жайлар кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары іріктеп алады. Мұндай жағдайларда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу, екі куәгердің қатысуымен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу туралы актіні жасай отырып жүзеге асырылады.
Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге адамдар, немесе олардың өкілдері болмағанда Кодекстің 205-бабының  көзделген жағдайларда мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары іріктеп алады. Мұндай жағдайларда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу екі куәгердің қатысуымен жүзеге асырылады.

7 7. Арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалану және техникалық құралдарды қолдану қажеттілігі кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу кедендік сарапшының (сарапшының) қатысуымен жүргізіледі.

Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасының кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымға қолдаухаты кедендік сарапшының (сарапшының) тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға қатысуы үшін негіз болып табылады.

8 8. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу алдында тауардың атауына және таңбалануына, жүктің қауіптілік белгісінің барына тексеру жүргізу қажет.

Тауарлардың сынамалары мен үлгілеріне іріктеу стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес қауіпсіздік техникасын сақтаумен жүзеге асырылады.

9 9. Тауарлардың сынамалары мен үлгілері олардың зерттеу мүмкіндігін осы Қағидаларға  көрсетілген тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу нормаларына сәйкес қамтамасыз ететін ең аз мөлшерде іріктеледі.

10

10. Егер стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамада сапаны бағалаудағы келіспеушіліктер жағдайында тауарлардың сынамалары мен үлгілерін сақтау көзделген болса, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы олардың саны стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамамен айқындалған тең бөліктерге бөледі.
Тауар сынамасының бір бөлігін және бір үлгісін мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы кедендік сараптамаға жолдайды, ал тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің басқа бөліктері мөр басылған түрде тауардың сынамасы мен үлгісін іріктеп алған мемлекеттік кірістер органдарында тауардың белгілі бір түрі стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамамен айқындалған сақтау мерзімі аяқталғанға дейін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін сақтау шартын сақтай отырып сақталады.

11 11. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу кезінде «Кедендік құжаттар нысаны туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы шешімімен бекітілген нысан бойынша тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу актісі жасалады.

12 12. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу актісі үш данада жасалады:

бірінші данасы мемлекеттік кірістер органында қалады;
екінші данасы тауарлардың іріктелген сынамалары және үлгілерімен бірге кедендік сараптаманы жүргізуге уәкілетті ұйымға жіберіледі;
үшінші данасы декларантқа, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге адамға немесе олар белгіленген болса, олардың өкілдеріне тапсыруға (жіберуге) жатады.

13

13. Декларант не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адам, немесе олардың өкілдері келмеген жағдайда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу актісі декларантқа, не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамға, немесе олардың өкілдеріне тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкес екі жұмыс күні ішінде жіберіледі.

14 14. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің құрамы мен қасиеттері туралы, тасымалдау, пайдалану, сақтау және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтері бар тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерімен бірге жүруі қажет.

15 15. Кедендік сараптамаға жіберілетін тауарлардың сынамалары мен үлгілері тауарлардың қасиеттеріне сәйкес оралады және мөрленеді. Орамада түсіндірме жазулары болады (затбелгілерін).

Түсіндірме жазуларда мыналар көрсетіледі:
тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алған күні;
іріктелген тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің реттік нөмірі және олардың саны;
тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу актісінің нөмірі және күні;
тауарға ілеспе құжаттар бойынша тауардың атауы;
тауарға арналған декларацияның нөмірі;
тауарлардың сынамалары мен үлгілері іріктеліп алынған партиядағы тауар саны;
тауарлардың сынамалары мен үлгілері іріктеліп алынған көлік құралдарының нөмірі;
тауарлардың сынамалары мен үлгілері іріктеліп алған лауазымды тұлғаның аты-жөні және қолы.
Түсіндірме жазу лауазымды тұлғаның жеке нөмірлік мөр бедерімен не мемлекеттік кірістер органының мөр бедерімен куәландырылады.
Кедендік сараптамаға жіберілетін тауарлардың сынамалары мен үлгілері, мемлекеттік кірістер органдарының  пайдаланумен орамның тұтастығын бұзбай алуға болатындай оралады.

16 16. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу аяқталғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы тауарлар орналасқан көлік құралдарына, контейнерлерге, орамалар мен ыдыстарға пломба салады.

17 17. Мемлекеттік кірістер органдары декларантқа не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаға немесе олардың өкілдеріне тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға байланысты шығыстарды өтемейді.

Кедендік сараптаманы жүргізуге уәкілетті ұйымға жіберілген материалдар (тауарлардың сынамалары, үлгілері және тауарларға ілеспе құжаттар) осы Қағидаларға  сәйкес нысан бойынша тауарлардың сынамалары мен үлгілерін тіркеу журналында тіркеледі.
Журнал нөмірленеді, тігіледі және мемлекеттік кірістер органының мөрімен бекітіледі.

18

18. Мемлекеттік кірістер органы тауардың сақталу мерзімін және оларды сақтау шартының сақталуын ескере отырып, іріктелген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей іріктелген сынамалар мен үлгілерді кедендік сараптамаға жөнелтуі тиіс. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін жөнелту сәтіне дейінгі сақталу шарты осы тауарды стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда көрсетілген шарттарға сәйкес болуы қажет. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің сақталуы оларға бөгде адамдардың қолжеткізу мүмкіндігін болдырмау тиіс.

19 19. Кедендік сараптама аяқталғаннан кейін тауарлардың сынамалары мен үлгілері:

тауарлардың сынамалары мен үлгілері зерттеу процесінде жұмсалған не зерттеу және (немесе) сынақ нәтижесінде жойылған;
тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген тауар құрамының кедендік сараптаманы жүргізу барысында алынған тауардың құрамына сәйкессіздігі анықталған, оның нәтижесінде мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгілері мерзімі стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамамен айқындалған сақтауға қалдырылған;
тауарлардың сынамалары мен үлгілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоюға немесе кәдеге жаратуға жататын жағдайларды қоспағанда, кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасына қайтарылады.

20 20. Өндіріс процесінде шығындалған (жойылған) тауарлардың материалдары, сынамалары және үлгілері бойынша мәліметтер кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысына ілеспе хатта көрсетіледі.

1 Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу нормалары

Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының тауралардың
сынамалары мен үлгілерінің іріктеп алу
қағидаларына 1 қосымша
Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу нормалары
Үлгінің атауы
Сынама немесе тауар үлгілерінің саны (көлем)
Стандарттың белгіленуі
Стандарт атауы
Көкеніс және жеміс шаруашылығына ұқсас өнімдер
0,5 кг-нан 3 сынама
ГОСТ 26313-84
Көкеніс және жеміс шаруашылығына ұқсас өнімдер. Қабылдау ережесі, сынаманы сұрыптау әдістері.
Кәмпиттер, мармелад, зефир
желейлік өнімдер
0,4 кг-нан 3 сынама
ГОСТ 5904-82
Кондитерлік өнімдер. Қабылдау ережесі, сұрыптау әдісі және сынама дайындау.
Қант
2 кг-нан 3 сынама
ГОСТ 12569-99
Қант. Қабылдау ережесі және сынаманы сұрыптау әдісі.
Сыра
4 бөтелке
ГОСТ 30060-93
Сыра.Өнім көлемін және органолептикалықкөрсеткіштерін анықтау әдістері.
Алкогольді өнімдер
4 бөтелке
ГОСТ 5363-93
Арақ. Қабылдау ережесі және талдау әдістері.
Алкогольсіз сусындар
4 бөтелке
ГОСТ 6687.7-88
Алкогольсіз сусындар және квас.
Ұн және кебек
2 кг-нан 3 сынама
ГОСТ 27668-88
Ұн және кебек. Қабылдау және сынаманы сұрыптау әдісі.
Сүт, сүт өнімдері
0,5 л-ден 3 сынама
ГОСТ 26809-86
Сүт және сүт өнімдері. Қабылдау ережесі, іріктеу әдісі және сынаманы талдауға дайындау.
Қаймак
0,1 л –ден 3 сынама
ГОСТ 26809-86
Сүт және сүт өнімдері. Қабылдау ережесі, іріктеу әдісі және сынаманы талдауға дайындау.
Сұйық, қышқыл өнімдер
0,1 л-ден 3 сынама
ГОСТ 26809-86
Сүт және сүт өнімдері. Қабылдау ережесі, іріктеу әдісі және сынаманы талдауға дайындау.
Полиэтилентерефталаттың бірінші реттік үлгісі
0,5 кг-нан 3 сынама
ГОСТ Р 51695-2000
Полиэтилентерефталат
Бірінші реттік жоғары қысымды полиэтилен
1 кг-нан 3 сынама
ГОСТ 16337-77
Жоғарғы қысымды полиэтилен
Бірінші реттік төмен қысымды полиэитен
1 кг-нан 3 сынама
ГОСТ 16338-85
Төмен қысымды полиэтилен
Бірінші реттік
полипропилен
0,5 кг-нан 3 сынама
ГОСТ 26996-86
Полипропилен және сополимерлер. Техникалық шарттары.
Бірінші реттік поливинилхлорид
0,5 кг –нан 3 сынама
ГОСТ 14039-78
Поливинилхлорид
Кептірілген жемістер
1 кг-нан 3 сынама
ГОСТ 1750-86
Кептірілген жемістер. Қабылдау ережесі.Сынақ әдістері
Маталар
0,5 м -ден4 нүктелі сынама немесе матаның жалпы енінен 2м
ГОСТ 20566
Маталар немесе дана тоқыма бұйымдары.Қабылдау ережесі және сынаманы сұрыптау әдістері.
Жіптер
1 өнімнен 3 сынама,кесілген жіптер ұзындығы:
200м- жіп үшін сызықтық тығыздығы 12,5 текс кем емес;
100 м- жіп үшін сызықтық тығыздығы 12,5-тен 100 текс кем емес;
50 м –иірілген жіп үшін сызықтық тығыздығы 100 текс көбірек;
10 м- кешенді жіп үшін сызықтық тығыздығы 100 текс артық.
ГОСТ 6611.1
Тоқыма жіптері. Сызықтық тығыздығын анықтау әдістері.сызықтық тығыздығы.
Тоқыма және тоқымалы емес материалдар.
0,5 м-ден 4 нүктелі сынама немесе орама кенебінің енінен 2м.
ГОСТ 13587
ГОСТ 8844
Тоқымалы емес кенептер және дана тоқымалы емес бұйымдар. Қабылдау ережесі және сынаманы сұрыптау әдістері.
Тоқыма кенептері. Қабылдау ережесі және сынаманы сұрыптау әдістері
Тоқыма материалдарынан ер, айел және балалар киімдері
Әр атаудан 2 өнім, артикула
ГОСТ 20566
Маталар және дана тоқыма бұйымдары. Қабылдау ережесі және сынаманы сұрыптау әдістері.
Аяқ киім
Әр атаудан 2 жұп, артикула
ГОСТ 9289
Аяқ киім. Қабылдау ережесі.
Бас киімдер
Әр атаудан 2 өнім, артикула
ГОСТ 10325
Аң терісінен бас киімдер.Жалпы техникалық шарттары.
Бағалы аң терісінен бас киімдер.
Әр атаудан 2 өнім, артикула
ГОСТ 10231
ГОСТ 10322
ГОСТ 11287
Елтіріден жасалған.Техникалық шартты.
Қара күзең терісінен жасалған.Техникалық шарттары.
Аң терісінен көкірекше. Жалы техникалық шарттары.
Полимерлы материалдар және резеңке
- полиэлитенді жаялық ауданы 1-4м, ұзындығы 0,4 м-ден 3 сынама полиэтиленді қағазға, қапқа оралынады.
- полистирольді жаялық ұзындығы 1-3 м-ден 3 сынама, полиэтиленді қағазға, қапқа оралынады.
- поливинилхлоридті жаялық ұзындығы 2 м-ден 3 сынама, орауыш қағазға оралынады.
-полиэтилентерефталатты жаялық –ұзындығы 3м-ден 3 сынама, орауыш қағазға оралынады.
–поливинилхлорида парақтары 6 нүктелік 500×500 мм кем емес өлшемді сынамадан тұрады. Ағаш жәшікке немесе қораптарға салынады.
– поливинилхлоридті пластикатты лента ұзындығы 5м-ден 3 сынамадан, орауыш қағазға оралынады.
- винипластикалы жаялық ұзындығы 1 м-ден 3 сынама, орауыш қағазға оралынады.
- салмағы 3 кг-нан 3 сынама полистирол .Қаптарға салынады.
- 0,8 кг-нан 3 сынама полипропилен, - 2 кг-нан 3 сынама сополимер. Қаптарға салады.
–жоғарғы қысымды полиэтилен 700гр-нан 3 сынама, төмен қысымды полиэтилен 1000 гр 3 сынамадан. Қаптарға салады.
Каучук- 1500г –нан 3 сынама. Полиэтиленді пакеттерге салынады.
ГОСТ 10354
ГОСТ 12998
ГОСТ 16398
ГОСТ 1795-96
ГОСТ 27109-86
ГОСТ 16338
ГОСТ 16337
ГОСТ 17617
ГОСТ 16398
ГОСТ 20282
ГОСТ 24234
Полиэтиленді жаялық. Техникалық шарты.
Полистирольді жаялық.
Пленка винипластовая. Техникалық шарты.
Синтетикалық және табиғи каучук.Сынаманы сұрыптау және одан әрі дайындау процедуралары. Синтетикалық каучуктар.
Сұрыптау әдістері және сынамаларды дайындау.
Төменгі қысымды полиэтилен. Техникалық талаптар.
Жоғарғы қысымды полиэтилен. Техникалық талаптар.
Поливинилхлоридті пластикатты лента.Техникалық шарттары.
Винипластикалы каландрирова жаялық. Техникалық шарттарыполистиролдың жалпы тағайындалуы.
Пленка полиэтилентерефталатная. Техникалық шарттары.
Балалар ойыншығы
Әр атаудан 2 өнім, артикула
ГОСТ 25779
Ойыншықтар. Жалпы қауіпсіздік талаптары және бақылау әдістері.
Қатырғы қағаз және қағаз.
Қатырғы қағаз және қағаз- өлшемі 300×450 мм кем емес 5 парақтан 3 сынама.Орауыш қағазға оралынады.
Обои (түсқағаз) –0,6м-ден 3 сынама, үлгі ораманың шетінен 0,5 м арақашықтықтан алынады.
ГОСТ 8047
ГОСТ 6810
Қатырғы қағаз және қағаз.орташа сапасын анықтау үшін сынаманы сұрыптау.
Обои (түсқағаз).Техникалық шарттары.
Ағаштан жасалған бұйымдар
Древесноволокнисті тақта- өлшемі 100×100 мм кем емес 3 сынама,пакеттерге оралынады.
Бөлшек және бұйым– 3 дана. Артикула, әр атаудан өлшемі 300×300мм кем емес.
ГОСТ 19592
Лак және бояу өнімдерін шығаратын өнеркәсіп
Орташа сұйық сынама салмағы,қатты материалдар 0,5 кг-нан 3 сынама.Орау бойынша ГОСТ-ы 9980.3-86.
ГОСТ 9980.2
Лак және бояу материалдары. Сынақ үшін сынамаларды сұрыптау.
Күйік тас (керамика) бұйымдары
5 данадан 3 сынама,артикула әр атаудан.
Қағаз кораптарға немесе полиэтиленді қораптарға оралынады..
ГОСТ 4.210
ГОСТ 28390
Өңдеу күйік тас (керамика) материалдары және қаптау материалдары. Көрсеткіш атаулары.
Фарфор бұйымдары.
Техникалық шарттары.
Кірпіш және отқа төзімді бұйымдар
Артикула, әр атаудан 3 дана.
ГОСТ 8179
Отқа төзімді бұйымдар. Үлгілерді іріктеу және қабылдау сынақтары.
Металдар. Қорытпалар және одан жасалған бұйымдар (соның ішінді зергерлік бұйымдар )
Илем -ені 600-1000 мм 3 сынама,бұйымның соңынан ең аз арақашықтығы:
- Орамдағы илем -150 мм-ден 3 сынама;
- домаланған илем орамы-1 орам, сытрқы орам шетінен 2 орам кем емес;
-Босатылған және бекітілген орамдағы илем шеттері-орам диаметрі 0,5 м-ден 3 сынама, 160 мм кем емес.
- Металлдан жасалынған бұйым- артикула, 3әр атаудан 3 сынама.
ГОСТ 16523
ГОСТ 7565
ГОСТ 5781
Көпқабатты илем сапалы көміртекті болаттан және кәдімгі сапалы.... Техникалық шарттары.
Шойын, болат және қорытпалар.
Химикалық құрамын анықтау үшін сынаманы сұрыптау әдістері.Темір-бетон құрылымдар үшін ыстықтай жұқартылған болатты арматуралау. Техникалық шарттары.
Тұтқыр материалдар.
- гипстік –салмағы 1 кг-нан 3 сынама, тігілген немесе кілейленген қағазды қаптарға оралынады.
- цемент - салмағы 1 кг-нан 3 сынама, қағаз қаптарға оралынады.
ГОСТ 23789
Тұтқыр гипстік.
Сынақ әдістері.
Шыны
Табиғи шыны– өлшемі 300×300мм 3 сынама,екі жағынан орауыш қағазбен қапталынады.
Шыны өнімдері- артикула, әр атаудан 3м сынама
ГОСТ 17622
Табиғи техникалық шыны. Техникалық шарттары.
Мақта
Медициналық гидорскопиялық мақта- 1 кг-нан 3 сынама.
ГОСТ 5556
Медициналық гидорскопиялық мақта. Техникалық шарттары.
Мұнай және мұнай өнімдері
Біріккен сынама көлемі 4 литр-дан кем емес, 1,0 литр-ден 4 сынама.
ГОСТ 2517-85
Мұнай және мұнай өнімдері.
Сынаманы сұрыптау әдістері.
Дана шағын габаритті бұйымдар
3 дана
Ескертпе: Сарапшылық зерттеу процесінде бұзылмайтын тауарлар (мысалға: теледидар, комтьютер, тоңазытқыш) бір данада іріктеледі.

2 Тауар сынамалары мен үлгілерінің тіркеу журналы

Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының тауралардың
сынамалары мен үлгілерінің іріктеп алу
қағидаларына 2 қосымша
нысан
Тауар сынамалары мен үлгілерінің тіркеу журналы
Реттік номер
Сынамалар мен үлгілерді іріктеу күні
Сынамалар мен үлгілердің тіркелген нөмері
Тауар атауы
1
2
3
4
Іріктелген сынамалар мен үлгілердің саны
Сынамалар мен үлгілерді іріктеу актісінің ресімделген күні және нөмірі
Орамды сақтаудың сәйкестендіру құралы
Сынамалар мен үлгілерді қайтару/шығындау туралы белгі
5
6
7
8

Қолданыстағы