Құжат мәтініне өту

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления кандидатам помещений для встреч с избирателями в Каратальском районе

Қаулы · № 168 · қабылданған 27.03.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88042/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления кандидатам помещений для встреч с избирателями в Каратальском районе Күшін жойған Қаулы ·№ 168 ·27.03.2015
28.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления кандидатам помещений для встреч с избирателями в Каратальском районе

Күшін жойған Қаулы ·№ 168 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления кандидатам помещений для встреч с избирателями в Каратальском районе
Атауы (қаз.)
Қаратал ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
168
Қабылданған күні
27.03.2015
Көрсетілген редакция
28.04.2015 88042_12912.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15DL003119
ЭКБ идентификаторы
88042
Редакция идентификаторы
88042_12912
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:50

0 Қаратал ауданында үгіттік

баспа материалдарын орналастыру
үшін орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қаратал аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.

3

3. «Қаратал ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Иманғалиева Сағира Таңатарқызына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Байтаева Күлпәш Ізмұқанқызына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Қаратал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы

27 наурыздағы «Қаратал ауданында
үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындарды белгілеу
және кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы»
№ 168 қаулысына 1-қосымша
Қаратал ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1 1. Үштөбе қаласы бойынша:

1 1) Үштөбе қаласы, Б. Жолбарыс батыр және Кузнецов көшелерінің қиылысындағы стенд;

2 2) Үштөбе қаласы, Б. Момышұлы көшесі, № 229, Қаратал аудандық ауруханасы ғимаратының жанындағы стенд;

3 3) Үштөбе қаласы, Төле би және Абдрахман ақын көшелерінің қиылысындағы стенд;

4 4) Үштөбе қаласы, Түркісіб және Момышұлы көшелерінің қиылысындағы стенд;

5 5) Үштөбе қаласы, Мартынов және Нұрмұхамбетов көшелерінің қиылысындағы стенд.

2 2. Айту би ауылдық округі бойынша:

1 1) Көкпекті ауылы, Н. Жанысбайұлы көшесі, № 5, фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;

2 2) Жасталап ауылы, Сейфуллин көшесі, № 1, Құлжабай батыр атындағы орта мектеп ғимаратының жанындағы стенд;

3 3) Айту би ауылы, Достық көшесі, № 1 үй жанындағы стенд;

4 4) Қожбан ауылы, Мұнайтпасов және К. Әзірбаев көшелерінің қиылысындағы стенд.

3 3. Балпық ауылдық округі бойынша:

1 1) Жанаталап ауылы, Жамбыл көшесі, № 34, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанындағы стенд;

2 2) Оян ауылы, Асықбаев көшесі, № 11/2, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;

3 3) Ұмтыл ауылы, Бейсенбіұлы Ахметше көшесі, № 5, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.

4 4. Бастөбе ауылдық округі бойынша:

1 1) Бастөбе ауылы, Комаров көшесі, № 3, Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;

2 2) Ортатөбе ауылы, Серегин көшесі, № 3, фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;

3 3) Кішітөбе ауылы, Комсомолская көшесі, № 35, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;

4 4) Жылыбұлақ ауылы, Мира және Әуезов көшелерінің қиылысындағы стенд.

5 5. Елтай ауылдық округі бойынша:

1 1) Қаражиде ауылы, Қонаев көшесі, № 8, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанындағы стенд;

2 2) Сарыбұлақ ауылы, Өтеген батыр көшесі, № 13, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.

6 6. Ескелді ауылдық округі бойынша:

1 1) Ескелді ауылы, Жансүгіров және Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы стенд;

2 2) Көкдала ауылы, Жамбыл көшесі, № 14/1, фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;

3 3) Қызылжар ауылы, Байтұрсынов және Д. Дүйсенбаев көшелерінің қиылысындағы стенд;

4 4) Қайнар ауылы, Қайнар көшесі, № 3 үйдің жанындағы стенд.

7 7. Жолбарыс батыр ауылдық округі бойынша:

1 1) Кәлпе ауылы, Р. Бекенов көшесі, № 24, ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;

2 2) Қанабек ауылы, Саринов көшесі, № 20, Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;

3 3) Қарашеңгел ауылы, Жамбыл көшесі, № 5, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.

8 8. Қаңбақты ауылдық округі бойынша:

1 1) Алмалы ауылы, Жайлығұлов көшесі, № 1, ауылдық аурухана ғимаратының жанындағы стенд;

2 2) Ақжар ауылы, Тілеуғұл батыр көшесі, № 5, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.

9 9. Қызылбалық ауылдық округі бойынша:

1 1) Көпбірлік ауылы, Жетінші көшесі, № 4, ауылдық аурухана ғимаратының жанындағы стенд;

2 2) Қарақұм ауылы, Ш. Уәлиханов және С. Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы стенд.

10 10. Тастөбе ауылдық округі бойынша:

1 1) Тастөбе ауылы, Халықов көшесі, № 1, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.

47 Қаратал ауданы әкімдігінің

2015 жылғы 27 наурыздағы
«Қаратал ауданында үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін
орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы»
№ 168 қаулысына 2-қосымша
Қаратал ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар

1 1. Бастөбе ауылдық округі бойынша:

1 1) Бастөбе ауылы, Комарова көшесі, № 3, аудандық Мәдениет үйінің акті залы.

2 2. Жолбарыс батыр ауылдық округі бойынша:

1 1) Қанабек ауылы, Саринов көшесі, № 20, Мәдениет үйінің акті залы.

Қолданыстағы