Об утверждении Правил, устанавливающих требования к вексельной бумаге, производимой на территории Республики Казахстан или ввозимой на ее территорию
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил, устанавливающих требования к вексельной бумаге, производимой на территории Республики Казахстан или ввозимой на ее территорию
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағазына қойылатын талаптарды белгiлейтiн ереженi бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 79
- Қабылданған күні
- 30.03.2001
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2012 AI8807_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V010001494_
- ЭКБ идентификаторы
- 8807
- Редакция идентификаторы
- AI8807_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:54
0 Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағазына қойылатын талаптарды белгiлейтiн ереженi бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004.09.13 N 120 қаулысымен.
1
1. Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағазына қойылатын талаптарды белгiлейтiн ереже бекiтiлсiн, Ереже және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күндiк мерзiм өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2 2. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.):
1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағазына қойылатын талаптарды белгiлейтiн ереженi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2 2) осы қаулы және Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
3
3. Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Мартюшев Ю.А.) осы қаулы және Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң интернет-бетiнде жарияласын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн.
7 Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағазына қойылатын талаптарды белгiлейтiн Ереже
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 31 наурыздағы
N 79 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағазына қойылатын талаптарды белгiлейтiн
Ереже
1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағазының қорғаныш дәрежесiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын басқа да талаптарды белгiлейдi.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.09.2004 N 120 қаулысымен.
2 2. Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағазы осы Ережеде белгiленген қорғаныштың полиграфиялық және физикалық-химиялық нысандарының ең аз талаптарына сай болуға тиiс.
3 3. Вексель қағазын қорғаудың полиграфиялық нысанына мыналар кiредi:
1
1) гильошир элементтерi - вексель қағазын көркем безендiруде айшықты құрал қызметiн атқаратын және ашық түсте - күңгiрт, ал күңгiрт түсте - ашық етiп салынған эллипс түрiндегi және басқа нысандардағы тұтас сызықтар болып келетiн жiңiшке тор iспеттес ою-өрнек немесе белдеу түрiнде орындалған тұрақты қорғаныш элементтерi. Сонымен бiрге ою-өрнек иректермен айналдыра көмкеріледі және түрлі тәсілдермен осы тәрізді әлдеқайда күрделі тұйықталған қисық нұсқалар салу жолымен жасалады, ал белдеулер вексель қағазының белгiлi бiр бөлiгiн алып тұратын тұйықталған қисық сызықтардан құралады;
2
2) бет жағы мен сырт жағындағы түстi бейнелер - жiңiшке сызықтардан құралған, солғын түстi бояулармен басылған, тор (қиылысатын екi-үш гильошир тор) түрiнде салынған сурет. Негiзгi түс тұйықталған, жеткiлiктi ашық жер қалдыру үшiн және элементтер арасында байланыс болуы үшiн қажет. Негiзгi түстiң сызықтарынан тұратын, қалыңдығы бiркелкi етiп салынған суреттер ою-өрнек сипатында болуы мүмкiн;