Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы и образца документа охранника частной охранной организации

Бұйрық · № 140 · қабылданған 23.02.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-88073/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении формы и образца документа охранника частной охранной организации Қолданыста Бұйрық ·№ 140 ·23.02.2015
23.02.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы и образца документа охранника частной охранной организации

Қолданыста Бұйрық ·№ 140 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы и образца документа охранника частной охранной организации
Атауы (қаз.)
Жеке күзет ұйымдарының күзетші құжатының нысаны мен үлгісін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
140
Қабылданған күні
23.02.2015
Көрсетілген редакция
23.02.2015 88073_34112.kaz
Соңғы өзгеріс
23.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500010543
ЭКБ идентификаторы
88073
Редакция идентификаторы
88073_34112
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:32

0 Жеке күзет ұйымдарының күзетші құжатының нысаны мен үлгісін бекіту туралы

«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 10-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жеке күзет ұйымдарының күзетші құжатының нысаны мен үлгісі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 КУӘЛIК

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы № 140
бұйрығымен бекітілген
Жеке күзет ұйымының
күзетшісі құжатының нысаны мен үлгісі
Куәлiктiң мұқабасы көк түстi теріден, лидериннен, винилдi немесе белокроннан дайындалады.
Куәлiктiң ашылған түрдегi мөлшерi 210 х 70 мм. болады.
Сыртында, бет жағында:
КУӘЛIК
УДОСТОВЕРЕНИЕ
деген жазу болады.
Куәлiктiң iшкi жағына ақ түстi жапсырма қағаз жапсырылады. Куәлiктiң жапсырмасы баспаханалық офсеттiк тәсiлмен орындалған. Куәлiктiң жапсырмасы әр қайсысы 95 х 65 мм. екi жартыдан - сол және оң бөлiктен тұрады.
Жапсырманың сол бөлiгiнде мөлшерi 3,5 х 4,5 см. фото сурет жапсыруға арналған орын болады. Куәлiктi дайындау кезiнде мемлекеттiк рәмiздердi пайдалануға тыйым салынады (оның iшiнде сутаңба белгiлермен) куәлiктердiң саны және қорғалу дәрежесi Қазақстан Республикасы IIМ-мен келiсiледi.

Қолданыстағы